Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 34228 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:

      13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:

      1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға;

      2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшаға;

      3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары осы Қағидаларға 4-қосымшаға;

      4) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – ҚР АК) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнын кемінде он пайызға ұлғайтуды болжайтын жобалар осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға;

      5) құрылысты ұйымдастыру бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен құрылысқа арналған объектілер жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалар осы Қағидаларға 4-2-қосымшаға сәйкес құжаттамалар (материалдар) тізбелеріне сәйкес келеді.";

      20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы осы Қағидаларға 2, 3, 4, 4-1, 4-2-қосымшаларға сәйкес құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын құжаттама (материалдар) тізбелеріне сәйкестігіне көрсетілген материалдар сараптама ұйымында тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексеріледі.

      5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін жобаның және бастапқы құжаттардың толық жинақталмағаны немесе олардың құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместігі анықталған кезде тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы құжаттарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес жобаға және (немесе) бастапқы құжаттарға сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту және оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.";

      31-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1. Сараптама ұйымы жүзеге асыратын:

      ҚР АК (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген сметалық құны түзетілетін жобалар бойынша;

      жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетілетін жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы орындаушы мен тапсырыс беруші арасында жасалатын шартта белгіленеді, бірақ 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.";

      38-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-1. ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген сметалық құны түзетілетін жобалар және жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетілетін жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертпелерін жібереді, олар тапсырыс берушілерге шекті қарау кезінде шарт күшіне енген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі және тапсырыс беруші сараптаманың ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын кезде ескертпелер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жояды.

      Сарапшылардың қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, негізделген және дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.";

      69-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобалар бойынша;";

      75-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-1. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса түзетілуге, қайта сараптауға және қайта бекітуге жатады.

      ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюы себебінен мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға ұлғайған кезде түзетуге жол беріледі.

      Жобалау шешімдерін өзгертпестен құрылыстың сметалық құнын түзету құрылыс мердігерлік шарты жасалған күннен кейінгі алғашқы он екі айда жүргізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 75-3-тармақпен толықтырылсын:

      "75-3. Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен құрылысқа арналған объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасының құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетуге жатады.";

      4-1 қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-
экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына 4-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнын кемінде он пайызға ұлғайтуды болжайтын жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттаманың (материалдардың) тізбесі

      Егер құрылыс ресурстары құнының елеулі өсуі құрылыстың бұрын бекітілген сметалық құнының кемінде он пайызға ұлғаюына әкеп соқса, жобалау шешімдерін өзгертпей, сметалық құнды (сметалық құжаттаманы) түзету жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсете отырып):

      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігердің жобалау шешімдерді өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтінішхаты;

      2) сметалық құжаттаманы жобалау (техникалық) шешімдерін түзету тапсырмасы;

      3) бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджеттік комиссиясының шешімі және ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның аудиторлық есебі.

      Күрделі жөндеу жобалары бойынша ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның аудиторлық есебі қажет емес;

      4) объектілерді өзге инвестициялар есебінен іске асыру кезінде қымбаттаудың болжамды (шекті) сомасы көрсетіле отырып, тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің заңнамасына және (немесе) жарғысына сәйкес осындай мәселені шешу құзыретіне жататын тапсырыс берушінің өзге органы қол қойған қосымша қаржыландыру туралы құжат;

      5) тапсырыс беруші бекіткен және техникалық және авторлық қадағалаулармен келісілген орындалған және қалған физикалық жұмыс көлемдерінің бөлу ведомосы;

      6) бұрын берілген сараптаманың оң қорытындысында көрсетілген бағаларда орындалған жұмыстарға сметалық құжаттама;

      7) сметалық құжаттама, ағымдағы бағадағы жұмыстардың қалдық көлемі;

      8) бұрын берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы және бұрын сараптаманың оң қорытындысын алған сметалық құжаттама ұсынылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 4-2-қосымшамен толықтырылсын.

      2) "Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында:

      16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса түзетілуге, қайта сараптауға және қайта бекітуге жатады.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюы себебінен мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға ұлғайған кезде түзетуге жол беріледі.

      Жобалау шешімдерін өзгертпестен құрылыстың сметалық құнын түзету құрылыс мердігерлік шарты жасалған күннен кейінгі алғашқы он екі айда жүргізілмейді.";

      16-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1. Жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетуге жатады.";

      17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынысынсыз бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалар мен мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар сметалық құнын ұлғайтуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың құнын өзгерту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы не жоба бойынша инвестициялық ұсынысты түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджеттік комиссияның шешімі.

      Екінші кезең - техникалық экономикалық негіздемені әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін жобаның түзетілген жобалау-сметалық құжаттамасын не жоба бойынша инвестициялық ұсыныс бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

      бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің бірінші кезеңінде жобаның ерекшелігіне қарай бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады:

      1) бағаның болжамды сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысының – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не оны алмастыратын адамның не әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адамның – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хат;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не оны алмастыратын адам не әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адам- бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қол қойған түсіндірме жазбада келесідей ақпарат қамтылған:

      - жобаларды іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;

      - мемлекеттік сатып алуды жүргізу нәтижесінде үнемдеу сомасын көрсете отырып, жобаларды іске асыру (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және басқалар) шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат (егер үнемдеу болған жағдайда);

      - жобаны әр жыл үшін бюджеттен қаржыландыру (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталғаннан бастап құрылыс үшін). Бұл ақпарат, егер бар болса, игерілмеу себептерін көрсете отырып, әр жыл үшін жоспар мен фактімен бірге жүреді;

      - қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (Шартта көрсетілген бағадан (сметадан) асып кету қажеттігі туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің уақтылы ескертуін растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса);

      - техникалық тексерумен және техникалық қадағалау актісімен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер;

      3) ресми хат нысанында ұсынылатын, мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысының мөрмен расталған әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адамның қолы қойылған және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі түсіндірмелерін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дәйектілігін растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      4) бастапқы құнына жобалау-сметалық құжаттамасының кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда бастапқы құнға бұйрық;

      6) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына жіберілген, жүргізіліп жатқан түзету туралы бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат.

      Қайта түзету кезінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы туралы актісі ұсынылады;

      7) мемлекеттік органның бірінші басшысының – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не оны алмастыратын адамның не әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адамның – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынылатын, құнын ұлғайтуды болжайтын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттаманың тізбесі;

      8) Объектінің нақты жай-күйі туралы толық түсінік беретін, құжаттарды тапсыру күніне дейін 1 (бір) айдан ерте емес түсірілген материалдар, фотосуреттер немесе бейнетүсірілімдер;

      9) бұрын бекітілген жобаның жобалау-сметалық құжаттамасының жобалық шешімдеріне енгізілетін болжамды өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға түзетілген жобалау-сметалық құжаттама енгізеді:

      - жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы;

      - салалық уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жобаның ерекшелігіне қарай тиісті бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынған құжаттар негізінде түзетілген жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша жобаның құнын ұлғайтуды, сондай-ақ түзетілген жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын енгізеді.

      Екінші кезеңде құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көзделетін жобалар құнының ұлғаюын қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды.

      Тиісті бюджеттік комиссиялар іріктеп алған, құнын ұлғайтуды көздейтін жобалар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 118 Бұйрыққа
қосымша
  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама жүргізу
қағидаларына
4-2-қосымша

Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын құжаттаманың (материалдардың) тізбесі

      Бірыңғай Портал арқылы тапсырыс берушінің (оның деректемелерін көрсете отырып) олар бойынша бекіту сәтінен бастап құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың жобалық шешімдерді өзгертпестен сметалық құнын (сметалық құжаттаманы) түзету жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған өтініміне мынадай құжаттама қоса беріледі:

      1. Бекіту сәтінен бастап құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың жобалық шешімдерді өзгертпестен сметалық құнын (сметалық құжаттаманы) түзету үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар:

      1) бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) жобалық (техникалық) шешімдерін өзгертпестен сметалық құжаттаманы түзетуге тапсырма;

      2) жобалық (техникалық) шешімдерді өзгертпей сметалық құжаттаманы түзету жүзеге асырылатын ЖСҚ бекіту туралы бұйрық;

      3) бұрын бекітілген ЖСҚ жобалық (техникалық) шешімдерін өзгертпестен сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ өткізілген конкурстық рәсімдердің және жобаны іске асыру үшін қаржыландырудың жоқтығы туралы көрсетілген хат;

      4) түзетілетін сметалық құжаттама ұсынылатын, бұрын бекітілген ЖСҚ бойынша берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бұрын берілген қорытындысы;

      5) сараптаманың оң қорытындысы алынған бұрын бекітілген ЖСҚ-ның сметалық құжаттамасы.

      2. Бұрын бекітілген ЖСҚ жобалық (техникалық) шешімдерін өзгертпестен түзетілген сметалық құжаттамасы.

      3. Тапсырыс берушінің объект құрылысының басталу мерзімі туралы хаты.

      4. Құрылысты ұйымдастыру жобасы бөліміндегі түзетілген күнтізбелік жұмыс кестесі.

      5. Сараптамаға ұсынылған ЖСҚ түзетілетін сметалық құжаттамасының тапсырыс берушісі және әзірлеушісі туралы ақпарат:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамада көзделген тапсырыс беруші құжаттарының көшірмелері;

      2) тапсырыс берушінің банктік деректемелері;

      3) жобаны әзірлеуші заңды тұлғаның (бас жобалау және қосалқы жобалау ұйымдарының) оған қосымшалары бар және жобалау қызметінің осы түріне құқық беретін лицензиаттың санаты көрсетілген лицензиясы;

      4) жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстары құнының есебі;

      5) тапсырыс беруші бекіткен, олар қоса берілген және олардың бір өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетілген ақпараттық құжаттар жобасында қолданылатын материалдар, бұйымдар, конструкциялар, инженерлік және технологиялық жабдықтар, өзге де материалдық ресурстар тізбесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады