"Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу және "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 108-НҚ бұйрығын жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 169-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 сәуірде № 34241 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 108-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34045 болып тіркелген) жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда, 2024 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
А. Бижанова

  2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 169-НҚ бұйрығына
қосымша
Тауардың шығарылған елін,
Еуразиялық экономикалық одақ
тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін
айқындау, тауардың шығарылуы
туралы сертификат беру және
оның күшін жою, тауардың
шығарылған елін айқындау
жөніндегі сертификаттың
нысанын белгілеу жөніндегі
қағидаларға
5-қосымша

Тауардың елішілік құндылығының үлесін есептеу

      Қ шет.мат.

      ЕҚҮ = 100% -------------------- х 100%,

      Дайын тауар. өз. құны

      мұндағы,

      ЕҚҮ – тауардағы елішілік құндылық үлесі, %;

      Қ шет.мат. – шетелде шыққан шикізат пен материалдардың құны;

      Дайын тауар. өз. құны – дайын тауардың өзіндік құны.

      Ескертпе: дайын тауардың өзіндік құны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген) Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 11-тарауында көрсетілген шоттардан қалыптастырылады.

      Дайын тауардың өзіндік құны қосылған құн салығы (ҚҚС) мен пайданы есепке алмай көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады