Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 сәуірде № 34246 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 64-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№ 122 Бұйрығына
қосымша

Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптар

      1. Жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлау кезінде мынадай ең төменгі талаптар сақталады:

      1) келісімшартқа немесе лицензияға сәйкес жер қойнауын пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары шеңберінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияны жүргізу;

      2) жер қойнауын пайдалану бойынша белгіленген қаржылық лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      3) барлау жоспарында көзделген жұмыстардың түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияны жүргізу;

      4) барлау жұмыстары басталғанға дейін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне электрондық жеткізгіштерде барлау жоспарының көшірмесін ұсыну;

      5) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Қазақстан Республикасы Кодексінің 194-бабының 2-тармағына сәйкес барлау жөніндегі жұмыстарды құжаттандыру жөніндегі талаптарды сақтау және жер қойнауын дұрыс зерделеу үшін қажетті барлық мәліметтерді көрсету;

      6) қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жер қойнауы учаскесі шегінде ілеспе компоненттерді зерделеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады