БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Көкшетау – Петропавл ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 138 бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
I-б, ІІ санатты "Астана – Петропавл, Көкшетау" арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Көкшетау – Петропавл 304+000 – км – 473+000 км учаскесі:
АЕК
№ | Аймақ | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т-ға дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т-ға дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және автопойыздардың жүк көтергіштігі 10 т-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 10 т-дан 15 т-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 т-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш, ершікті тартқыштары бар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
км | 0,007 | 0,015 | 0,022 | 0,029 | 0,036 |
2 |
км | 0,065 | 0,1 31 | 0,196 | 0,261 | 0,326 |
3 |
км | 0,129 | 0,258 | 0,387 | 0,516 | 0,645 |
4 |
км | 0,043 | 0,087 | 0,130 | 0,174 | 0,217 |
5 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны | 0,244 | 0,491 | 0,735 | 0,980 | 1,224 |
1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді.
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК | 5 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 12 АЕК | 24 АЕК | 36 АЕК | 48 АЕК | 60 АЕК |
3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
4) алдын ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
5) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
км – километр;
т – тонна.