БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларында:
8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін, сондай-ақ ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірленеді:
1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:
жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператордың сатып алуына жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды сатып алынатын жерден облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;
3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;
4) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және Заңның 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесіне (бұдан әрі – инвестициялық жобалардың тізбесі) енгізілген өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, сондай-ақ электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының жеті пайыз мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;
5) одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының нөл пайызы мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары.
Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бірінші жылға мынадай формула бойынша есептеледі:
РІКТ1 = СР * 1,2
мұнда,
РІКТ1 – ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің бірінші жылға арналған шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
СР – осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығы, бір мың текше метр үшін теңге;
1,2 – уәкілетті орган қолданатын есептеу коэффициенті.
Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы әрбір келесі жылға мынадай формула бойынша есептеледі:
РІКТ1= РІКТn *r
мұнда,
РІКТ1 –ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің келесі жылдарға арналған шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге.
РІКТn – ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің өткен жылға арналған шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
r – 1,2 – 1,75 шегіндегі есептеу коэффициенті, оны уәкілетті орган экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі төрт жылдық кезеңде қол жеткізілгенге дейін, өткен күнтізбелік жылға көтерме саудада өткізудің бекітілген шекті бағасының деңгейін ескере отырып қолданатын болады.
Экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
РНАРЫҚ = РЭКСПОРТ – ТЭКСПОРТ + ТІШКІ НАРЫҚ
мұнда:
РНАРЫҚ – экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
РЭКСПОРТ – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылға орташа өлшемді экспорттық бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
ТЭКСПОРТ – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылатын, тауарлық газды магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасымен шекараға дейін тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метр үшін теңгемен;
ТІШКІ НАРЫҚ – уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сәйкес анықталатын газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдауға арналған шығыстардың сомасы, бір мың текше метр үшін теңге.
Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға тауарлық газды кейіннен өткізуге арналған ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, экспорттық нетбэк қағидаты бойынша қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес отырысының хаттамасы негізінде жекелеген ірі коммерциялық тұтынушыларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды өткізудің Энергетикалық кеңес ұсынған шекті көтерме сауда бағасы белгіленеді.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында орташа арифметикалық мәнде жиырма пайыздан астамға ұлғайтуды көздей алмайды.
Осы тармақтың ережелері ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларына қолданылмайды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары (бұдан әрі – шекті бөлшек сауда бағалары) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде, сондай-ақ қосылған құн салығын ескере отырып, тиісті облыс орталығынан 200 (екі жүз) километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін, автогаз құю станциялары мен сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар үшін белгіленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі