Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 164 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 17 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 24 сәуірде № 34294 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына (Hормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бектілген газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақта:

      8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) газ толтыру пункті – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотару мен құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған инженерлік құрылысжай;";

      21) және 22) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "21) топтық резервуарлық қондырғы – ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекіту және реттеу арматурасынан, газ құбыржолдарынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған инженерлік құрылысжай;";

      "22) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға;";

      6-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

Газ тарату жүйесіне қосылған тұтынушыларды тауарлық газбен іркіліссіз жабдықтау бойынша талаптарын сақтау, мыналарды қоспағанда:
1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларын бұзған;
2) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері техникалық жарамсыз болған;
3) тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқан;
4) газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымының өкілдері немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;
5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған;
6) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемін бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеттемелері көзделген бөлігінде тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы.

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 14-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

5

      реттік нөмірі 15-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 12-қосымшада:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 13-қосымшада:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 17-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

Топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық газбен іркіліссіз жабдықтау бойынша талаптарының сақтау, мыналарды қоспағанда:
1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларын бұзған;
2) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері техникалық жарамсыз болған;
3) тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқан;
4) газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымының өкілдері немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;
5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған;
6) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемін бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеттемелері көзделген бөлігінде тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы.

Өрескел

      ".

      2. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12674 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бектілген мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақта:

      7) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады