"Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 сәуірде № 34306 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:

      желілік мектеп;

      мамандандырылған мектеп;

      мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);

      мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);

      мамандандырылған мектеп-интернат;

      мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

      мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

      мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

      мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);

      мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);

      мамандандырылған әскери мектеп-интернаты;

      "Білім-инновация" лицей-интернаты;

      мамандандырылған мектеп-кешендер;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;

      мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады