БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасындағы "жеке кабинеті" арқылы ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейінгі мерзімде мансап орталығына алдағы қаржы жылына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жұмыссыздар білім беру ұйымын таңдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мансап орталығы жұмыссызға оның келісімімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымына оқуға жолдама береді.
Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссызбен, білім беру ұйымымен және жұмыс берушімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқыту бойынша әлеуметтік келісімшарт (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасасады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мансап орталығы жұмыссыздың оқудан өткені және оқуды аяқтағаннан кейін (оқу мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамтудың жеке картасында көрсетеді.";
екінші бөліктің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Кәсіптер мен дағдылардың тізбесі айқындалғаннан кейін бір ай ішінде еңбек мобильділігі орталығы білім беру ұйымымен шарт жасасады, оның шеңберінде жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға жіберу жүзеге асырылады.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне қарай білім беру ұйымы ұсынған есептіліктердің негізінде жұмыссыздардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына стипендия мен материалдық көмекті аударады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне қарай білім беру ұйымы ұсынған орындалған жұмыстардың актісінің негізінде білім беру ұйымының есеп айырысу шотына жұмыссыздарды оқыту ақысын аударады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы "жеке кабинеті" арқылы ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейінгі мерзімде мансап орталығына алдағы қаржы жылына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Мансап орталығы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыссызды жұмыс беруші қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оның келісімімен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға жолдама береді.
Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссыздармен және жұмыс берушімен осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқыту бойынша әлеуметтік келісімшарт (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасасады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Жұмыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мансап орталығына тұрақты жұмыс орнына ауыстыру немесе жұмыссыздарды ауыстырудан бас тарту туралы хабарлайды.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Оқу кезеңінде жұмыссыздардың жалақысын Еңбек кодексіне сәйкес еңбек мобильділігі орталығы төлейді.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне қарай жұмыс беруші ұсынған есептіліктердің негізінде жұмыссыздардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына жалақыны аударады.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес еңбек мобильділігі орталығы жүргізеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне жұмыс беруші ұсынған орындалған жұмыстар актісінің негізінде Оқу ақысын жұмыс берушінің есеп шотына аударады.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Қорытынды тестілеуден өтпеген білім алушы қорытынды тестілеуді 5 (бес) реттен артық емес қайта тапсыруға жіберіледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
11-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
14-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
"Сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша Электрондық еңбек биржасында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың іске асырылу барысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нысанды мансап орталығы толтырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Нысанның 2-бағанында облыстың/қаланың атауы және Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша коды көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Сарбасов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
Реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2024 жылғы 3 мамырдағы № 135 бұйрығына 1-қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: КО-1-1
Кезеңділік: біржолғы
Есепті кезең: 20__ жылғы _______ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейін
Кесте. Білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім
Р/с № | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Оқуды ұйымдастыру қажет біліктіліктің немесе дағдының атауы | Оқитындардың саны, адам | Оқудың ұзақтығы, айлар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)
"Білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейін ұсынылады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында өтінім беретін жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында өтінім беретін жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында жұмыссыздарды білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қажет етілетін біліктіліктің немесе дағдының атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында білім беру ұйымдарына кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың ұзақтығы көрсетіледі.
бұйрығына 2-қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Білім беру ұйымында кәсіптік оқыту жөніндегі № ____ әлеуметтік келісімшарт
________________________________ ___________________
Жасалған орны Күні
Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын
__________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар
қаласының) еңбек мобильділігі орталығы атынан _______________________
(ереже, жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін ______________________________________________,
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын _______________________________
(ереже. жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін _______________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
атынан _____________________________________, бұдан әрі "Білім алушы"
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
деп аталатын жұмыссыз _____________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын кәсіптік оқытуды өткізетін
білім беру ұйымы ___________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
атынан ______________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже, жарғы және т.б)
__________________________________________________________________,
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және __________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық (қалалық) комиссиясының 20__ жылғы_____ _______ №_____ шешімінің негізінде білім беру ұйымында кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:
1-тарау. Әлеуметтік келісімшарттың мәні
1.1. Жұмыс берушінің сұратуы бойынша Білім беру ұйымында Білім алушыны кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, сондай-ақ Білім алушыны Жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналастыру.
1.2. Әлеуметтік келісімшарттың жалпы сомасы _____________ теңгені
(жазбаша)
құрайды, оның ішінде білім беру қызметтерін көрсетуге ___________ теңге,
(жазбаша)
стипендия мен материалдық көмек төлеуге ___________ теңге.
(жазбаша)
2-тарау. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы):
1) Білім алушыны _________________________________________ Білім беру ұйымына
(білім беру ұйымының атауы)
_________________________________________________________________ алу үшін
(біліктілік (дағды) атауы)
___________________________________ мерзімге кәсіптік оқытуға жіберуге;
(оқу кезеңі)
2) Білім беру ұйымы ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Білім алушыға стипендия мен материалдық көмекті уақтылы және толық көлемде төлеуге;
3) орындалған жұмыстардың актісінің негізінде Білім беру ұйымына оқу бойынша қызметтердің ақысын уақтылы және толық көлемде төлеуге;
4) Жұмыс берушінің, Білім беру ұйымының және Білім алушының осы Әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыру;
5) Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тартқан кезде Білім алушыға жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетуге;
6) кәсіптік оқытуды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына және Білім алушыда міндетті зейнетақы аударымдарының болуына ай сайын мониторинг жүргізуге;
7) Білім алушының жұмыспен қамтудың жеке картасында кәсіптік оқытудан өту және оқуды аяқтағаннан кейін (оқу мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасу туралы мәліметті көрсетуге міндетті.
2.2. Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы):
1) тараптардың міндеттемелерін орындау мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардан сұрату және алу;
2) тараптардан Әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
3) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуына барып тексеру жасауға құқылы. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын тексеру нәтижелері барып тексеру актілерімен рәсімделеді.
2.3. Білім алушы:
1) оқудан өтуге;
2) себепсіз сабақтан қалмауға;
3) бес жұмыс күні ішінде тараптарды оқудан өтуге кедергі жасайтын жағдайлардың туындауы туралы хабардар етуге;
4) Кодекстің 99-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
5) басқа тұрақты жұмысқа орналасқан кезде жұмысқа қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Мансап орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынуға міндетті.
2.4. Білім алушы:
1) Оқу орындары мен оқу орталықтарының тізілімімен білім беру ұйымын таңдауға;
2) Қағидаларда айқындалған жағдайларда және тәртіппен стипендия мен материалдық көмекті алуға;
3) Тараптардан Әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
4) басқа тұрақты жұмысқа өздігінен орналасқан жағдайда жұмыс беруші ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартуға құқылы.
2.5. Жұмыс беруші:
1) кәсіптік даярлықты бағалау жөніндегі біліктілік емтиханына қатысуға;
2) оқуды аяқтағаннан кейін Білім алушыны алған кәсібі бойынша тұрақты жұмыс орнына кемінде 6 (алты) ай мерзімге жұмысқа орналастыруға;
3) Мансап орталығын Білім алушыны жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту (жұмысқа қабылдаудан бас тартқан кезде себебін көрсете отырып) туралы хабардар етуге;
4) заңды тұлғаның таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штат қысқарған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыссызды жұмысқа қабылдаудан бас тартқан және кәсіптік оқытудың белгіленген тәртібін бұзған кезде төленген материалдық көмек пен стипендияның сомасын қоса алғанда, мемлекеттің оқуға нақты жұмсаған шығыстарын өтеуге міндетті.
2.6. Жұмыс беруші:
1) өндірістік практикадан өту орнын қамтамасыз етуге (қажет болған кезде);
2) өндірістік практикадан өту уақытында тәлімгер тағайындау (қажет болған кезде);
3) Тараптардан Әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
4) оқу үшін білім беру бағдарламаларын келісуге құқылы.
2.7. Білім беру ұйымы:
1) Білім алушыны ____________________________біліктілігі (дағдысы)
(біліктілік (дағды) атауы)
бойынша ______________________________ нысанында кәсіптік оқытуға қабылдауға;
(даярлау немесе қайта даярлау)
2) Қағидаларға 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оқып жатқандар, оқуды аяқтағандар, оқудан шығарылғандар туралы мәліметтерді есепті ай аяқталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
3) Білім алушыға қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтиханын өткізуге;
4) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжат (сертификат, куәлік) беруге;
5) Білім алушының Әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға;
6) Білім беру ұйымы-заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші Білім беру ұйымы-жеке тұлға қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штат қысқарған, Білім беру ұйымының экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, кәсіптік оқытудың белгіленген тәртібін бұзған кезде мемлекеттің оқуға нақты жұмсаған шығыстарын өтеуге міндетті.
2.8. Білім беру ұйымы:
1) өндірістік практикадан өту жағдайларын және орнын айқындауға;
2) Тараптардан Әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
3) Білім алушыны білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған кезде аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығаруға құқылы.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Тараптардың Әлеуметтік келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара басқа біреуге беруіне жол берілмейді.
3.2. Білім алушы оқуды мерзімінен бұрын аяқтаған, Жұмыс беруші, Білім беру ұйымы кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған кезде Әлеуметтік келісімшарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзылуға тиіс.
Әлеуметтік келісімшарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылады, бұл ретте тарап басқа тараптарды бұл туралы кемінде бір ай мерзімде хабардар етуге тиіс.
3.3. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған заң бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.
4-тарау. Форс-мажор
4.1. Тараптар Әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықта болмайды, егер ол Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.
4.2. Әлеуметтік келісімшарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипатқа ие оқиғалар. Мұндай оқиғалар өртті, жер сілкінуін, су тасқынын,апатты жағдайларды және әскери әрекеттерді қамтиды.
4.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Жұмыс беруші мен Білім беру ұйымы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығына (мансап орталығына) мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Егер Еңбек мобильділігі орталығынан (мансап орталығынан) өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Жұмыс беруші мен Білім беру ұйымы орындылығына қарай Әлеуметтік келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Әлеуметтік келісімшартты орындаудың балама көздерін іздейді.
4.4. Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Дауларды шешу тәртібі
5.1. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде араларында Әлеуметтік келісімшарт немесе соған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді шешуге барлық күштерін салуға тиіс.
5.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар Әлеуметтік келісімшарт бойынша дауды шеше алмаса онда тараптың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы мәселенің шешілуін талап етеді.
6-тарау. Өзге де жағдайлар
6.1. Әлеуметтік келісімшарт бірдей заңды күші бар төрт данада жасалды.
6.2. Бір тарап басқа тараптарға жіберетін кез келген хабарлама почта байланысы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы жіберіледі. Осы күндердің қайсысы кейін туатынына қарай хабарлама ол жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
6.3. Әлеуметтік келісімшартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар жасалған Әлеуметтік келісімшарттың нысанында қосымша келісімшартпен рәсімделеді.
7-тарау. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі
7.1. Осы Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
7.2. Осы Әлеуметтік келісімшарт оған Еңбек мобильділігі орталығы, Білім алушы, Жұмыс беруші және Білім беру ұйымы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Тараптардың заңды мекенжайлары:
Еңбек мобильділігі орталығы _________________________________________ (еңбек мобильділігі орталығының толық атауы) _________________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________________ (телефоны, факс) _________________________________________ (директордың тегі, аты әкесінің аты (бар болса) _________________________________________ (қолы) М.О. |
Білім алушы |
---|
Жұмыс беруші _______________________________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (лауазымы) _______________________________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Білім беру ұйымы ______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (лауазымы) ______________________________ (заңды мекенжайы) ______________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
---|
бұйрығына 3-қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: КО-1-2
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Білім беру ұйымдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай
Кесте. Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер
Р/с № | Білім беру ұйымының атауы | Білім беру ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кестенің жалғасы:
Есепті айдағы оқу күндерінің саны | Есепті айда сабаққа келген күндерінің саны | Есепті айда сабаққа келмеген күндердің саны, барлығы | Есепті айда дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеген күндердің саны | Келмеу себебі |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)
"Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды Білім беру ұйымдары толтырады және мансап орталығына ұсынады.
3. Нысанға Білім беру ұйымының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай ұсынылады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды өткізіп жатқан білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды өткізіп жатқан білім беру ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы оқу күндерінің саны көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында есепті айда жұмыссыздың оқуға келген күндерінің саны көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында есепті айда жұмыссыздың оқуға келмеген күндерінің барлық саны көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында есепті айда жұмыссыздың дәлелсіз себептер бойынша оқуға келмеген күндерінің саны көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында есепті айда жұмыссыздың білім беру ұйымдарына келмеу себептері көрсетіледі.
бұйрығына 4-қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: КО-2-1
Кезеңділік: біржолғы
Есепті кезең: 20__ жылғы _______ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейін
Кесте. Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім
Р/с № | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Оқуды ұйымдастыру қажет біліктіліктің немесе дағдының атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Кестенің жалғасы:
Оқитындардың саны, адам | Оқудың ұзақтығы, айлар | Бір айдағы оқудың құны, теңге |
5 | 6 | 7 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)
"Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға ағымдағы қаржы жылына өтінім" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейін ұсынылады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында өтінім беретін жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында өтінім беретін жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қажет етілетін біліктіліктің немесе дағдының атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында жұмыс берушіге кәсіптік оқытуға жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың ұзақтығы көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың ай сайынғы құгы теңгемен көрсетіледі.
бұйрығына 5- қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыс берушідегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту бойынша № _______ әлеуметтік келісімшарт
________________________________ _____________________
Жасалған орны Күні
Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын
___________________________ облысының (астананың, республикалық маңызы
бар қаласының) еңбек мобильділігі орталығы атынан
________________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже, жарғы және т.б)
_____________________________________________________________________,
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын _________________________________
(ереже. жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
атынан _______________________________________, бұдан әрі "Білім алушы"
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
деп аталатын жұмыссыз _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және __________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық (қалалық) комиссиясының 20__ жылғы_____ _______ №_____ шешімінің негізінде жұмыс берушідегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:
1-тарау. Әлеуметтік келісімшарттың мәні
1.1. Жұмыс берушіде Білім алушыны жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, сондай-ақ жұмыс берушінің мәлімделген жұмыс орнына Білім алушыны жұмысқа орналастыру.
1.2. Әлеуметтік келісімшарттың жалпы сомасы
___________________________ теңгені, оның ішінде білім беру қызметтерін
(жазбаша)
көрсетуге ________________________ теңгені, оқу кезеңінде жұмыссыздардың
(жазбаша)
жалақысын субсидиялауға _______________________ теңгені құрайды.
(жазбаша)
2-тарау. Тараптардың міндеттемелері
2.1. Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы):
1) Білім алушыны __________________________________ Жұмыс берушіге
(білім беру ұйымының атауы)
_____________________________________________________________ алу үшін
(біліктілік (дағды) атауы)
______________________________________ мерзімге кәсіптік оқытуға жіберуге;
(оқу кезеңі)
2) Жұмыс беруші ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Білім алушыға стипендия мен материалдық көмекті уақтылы және толық көлемде төлеуге;
3) орындалған жұмыстардың актісінің негізінде Жұмыс берушіге оқу бойынша қызметтердің ақысын уақтылы және толық көлемде төлеуге;
4) Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тартқан кезде Білім алушыға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге;
5) кәсіптік оқытуды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына және Білім алушыда міндетті зейнетақы аударымдарының болуына ай сайын мониторинг жүргізуге;
6) Білім алушының жұмыспен қамтудың жеке картасында кәсіптік оқытудан өту және оқуды аяқтағаннан кейін (оқу мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасу туралы мәліметті көрсетуге міндетті.
2.2. Еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы):
1) тараптардың міндеттемелерін орындау мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардан сұрату және алу;
2) Тараптардан Әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
3) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуына барып тексеру жасауға құқылы. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын тексеру нәтижелері барып тексеру актілерімен рәсімделеді.
2.3. Білім алушы:
1) оқудан өтуге;
2) себепсіз сабақтан қалмауға;
3) бес жұмыс күні ішінде тараптарды оқудан өтуге кедергі жасайтын жағдайлардың туындауы туралы хабардар етуге;
4) Кодекстің 99-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасуға;
5) басқа тұрақты жұмысқа орналасқан кезде жұмысқа қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Мансап орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынуға міндетті.
2.4. Білім алушы:
1) Қағидаларда айқындалған жағдайларда және тәртіппен стипендия мен материалдық көмекті алуға;
3) Тараптардан Әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
2.5. Жұмыс беруші:
1) Білім алушыны _______________________ біліктілігі (дағдысы) бойынша
(біліктілік (дағды) атауы)
_________________________________ нысанында кәсіптік оқытуға қабылдауға;
(даярлау немесе қайта даярлау)
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оқу кезеңінде Білім алушымен еңбек шартын жасасуға;
3) Білім алушыны оқытудың жеке бағдарламасын әзірлеуге және бекітуге;
4) Білім алушыны оқыту үшін білікті тәлімгерді бекітуге;
5) кәсіптік даярлықты бағалау бойынша жұмыссыздардың біліктілік емтиханын өткізуге;
6) Білім алушыға белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжат (сертификат) беруге;
7) оқуды аяқтағаннан кейін Білім алушыны алған кәсібі бойынша тұрақты жұмыс орнына кемінде 12 (он екі) ай мерзімге жұмысқа орналастыруға;
8) Білім алушыны жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жұмысқа қабылдаудан бас кезде себептерін көрсете отырып) мансап орталығына хабарлауға;
9) Қағидаларға 11 және (немесе) 12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оқып жатқандар, оқуды аяқтағандар, оқудан шығарылғандар туралы мәліметтерді есепті ай аяқталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
10) жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқарған, өндірістер мен орындалатын жұмыстар көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, Білім алушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан және кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың белгіленген тәртібі бұзылған кезде Білім алушыға төленген жалақы сомасын қоса алғанда, мемлекеттің оқуға жұмсаған нақты шығыстарын өтеуге міндетті.
2.6. Жұмыс беруші:
1) Тараптардан әлеуметтік келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
2) Білім алушы дәлелсіз себептермен сабақтарды өткізіп алған және еңбек заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындамаған жағдайларда, сондай-ақ үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау/сертификаттау қорытындылары бойынша Білім алушымен еңбек шартын бұзуға;
3) Білім алушыға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуді жүргізуге құқылы.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Тараптардың Әлеуметтік келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара басқа біреуге беруіне жол берілмейді.
3.2. Білім алушы оқуды мерзімінен бұрын аяқтаған, Жұмыс беруші кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған кезде Әлеуметтік келісімшарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзылуға тиіс.
Әлеуметтік келісімшарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылады, бұл ретте бір тарап екінші тарапты бұл туралы кемінде бір ай мерзімде хабардар етуге тиіс.
3.3. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған заң бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.
4-тарау. Форс-мажор
4.1. Тараптар, егер ол Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса, Әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін жауаптылықта болмайды.
4.2. Әлеуметтік келісімшарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипатқа ие оқиғалар. Мұндай оқиғалар өртті, жер сілкінуін, су тасқынын,апатты жағдайларды және әскери әрекеттерді қамтиды.
4.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Жұмыс беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Еңбек мобильділігі орталығына (мансап орталығына) мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Егер Еңбек мобильділігі орталығынан (мансап орталығынан) өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Жұмыс беруші орындылығына қарай Әлеуметтік келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Әлеуметтік келісімшартты орындаудың балама көздерін іздейді.
4.4. Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Дауларды шешу тәртібі
5.1. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде араларында Әлеуметтік келісімшарт немесе соған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді шешуге барлық күштерін салуға тиіс.
5.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар Әлеуметтік келісімшарт бойынша дауды шеше алмаса, онда тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы мәселенің шешілуін талап етеді.
6-тарау. Өзге де жағдайлар
6.1. Әлеуметтік келісімшарт бірдей заңды күші бар үш данада жасалды.
6.2. Бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама почта байланысы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы жіберіледі. Осы күндердің қайсысы кейін туатынына қарай хабарлама ол жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
6.3. Әлеуметтік келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар жасалған Әлеуметтік келісімшарттың нысанында қосымша келісіммен рәсімделеді.
7-тарау. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі
7.1. Осы Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
7.2. Осы Әлеуметтік келісімшарт оған Еңбек мобильділігі орталығы, Білім алушы, Жұмыс беруші және Оқу ұйымы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Тараптардың заңды мекенжайлары:
Еңбек мобильділігі орталығы | Жұмыс беруші |
______________________ облысының |
________________________________ |
Білім алушы | |
__________________________________ |
бұйрығына 6-қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: КО-2-2
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай
Кесте. Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер
Р/с № | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі | Есепті айдағы оқу күндерінің саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кестенің жалғасы:
Есепті айда сабаққа келген күндерінің саны | Есепті айда сабаққа келмеген күндердің саны, барлығы | Есепті айда дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеген күндердің саны | Келмеу себебі | Жұмыссызға қызмет көрсететін банктің атауы | Жұмыссыздың карточкалық немесе ағымдағы шотының 20 мәнді нөмірі |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)
"Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.
3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай ұсынылады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудан өткізіп жатқан жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудан өткізіп жатқан жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы оқу күндерінің саны көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында есепті айда жұмыссыздың оқуға келген күндерінің саны көрсетіледі.
13. Нысанның 8-бағанында есепті айда жұмыссыздың оқуға келмеген күндерінің барлық саны көрсетіледі.
14. Нысанның 9-бағанында есепті айда жұмыссыздың дәлелсіз себептер бойынша оқуға келмеген күндерінің саны көрсетіледі.
15. Нысанның 10-бағанында есепті айда жұмыссыздың оқуға келмеу себептері көрсетіледі.
16. Нысанның 11-бағанында жалақыны аудару үшін жұмыссызға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі.
17. Нысанның 12-бағанында жалақыны аудару үшін жұмыссыздың карточкалық немесе ағымдағы шотының 20 мәнді нөмірі көрсетіледі.
бұйрығына 7-қосымша |
|
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына 14-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: халықты жұмыспен қамту саласындығы уәкілетті мемлекеттік орган
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша Электрондық еңбек биржасында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың іске асырылу барысы туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: КО-3-1
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мансап орталықтары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай
Кесте. Сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша Электрондық еңбек биржасында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың іске асырылу барысы туралы мәліметтер
№ | Облыстың/қаланың атауы және ӘАОЖ бойынша коды | Барлығы оқуға кірісті (адам) | Оның ішінде 1-бағаннан | Барлығы сертификат алды (адам) | Оның ішінде 5-бағаннан | 5-бағаннан Кәсіби саланың атауы | |||||||
ауыл тұрғындары |
әйел | 35 жасқа дейінгі жастар | ауыл тұрғындары |
әйел | 35 жасқа дейінгі жастар | Ауыл шаруашылығы | IT және телекоммуникациялар | Туризм | Маркетинг және БАҚ | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кестенің жалғасы:
Жеке қызметтер және сервис | Тұру және тамақтану | Әлеуметтік қызмет | Көлік және логистика | Қаржы және бухгалтерлік есеп | Мәдениет және спорт | Ғылым және кеңес беру | Мұнай, газ және ресурстарды өндіру | Энергетика | Біліктілігі жоқ мамандықтар | Құрылыс және сәулет |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
Кестенің жалғасы:
Қауіпсіздік және ТЖ | ТКШ және абаттандыру | HR және хатшылық | Сауда және қойма | Өндіріс | Білім және тәрбие | SMART SKILLS | Басшылар | Мемлекеттік қызмет | Медицина және фармацевтика | Құқықтану | |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | |
Атауы ____________________________________________
Мекенжайы _______________________________________
Телефоны _________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________
Орындаушы:
_____________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
____________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___"____________________.
Мөрдің орны (бар болса)