БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32180 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақы ит тұқымдарының стандарты жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Қазақы ит тұқымдарының стандарты
1. Қазақы тазы | ||||||
№ | Бөлім | Стандарттың сипаттамасы | Кемшіліктері | Ақаулары | ||
1. | Шыққан тегі | Қазақстан. | ||||
2. | Қолданылуы | Аң аулау: іздеу, ізіне түсу, аңды ұстау. Курсинг. | ||||
3. | Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) жіктемесі | 10-топ. Ұшқыр тазы. 1-секция. Ұзын жүнді ұшқыр тазылар немесе сәнді жүндері бар тазылар. Жұмысқа сыналған. | ||||
4. | Қысқаша тарихи анықтама | Тарихи тұрғыдан тұқымның таралу аймағы - Қазақстан және Орта Азия. Тазы ежелгі заманнан бері белгілі және байырғы халық эпостарында ерекше бейнеленген. Ежелгі заманнан бері ол қоянды, түлкіні, тұяқтыларды және басқа да жануарларды аулауға машықтанған. Ол өз бетінше де, үйірмен де, сондай-ақ аң аулайтын құстармен бірге де аң аулай береді, бұл әрекеті айрықша бағаланады. | ||||
5. | Жалпы түрі | Иттің пішіні квадратқа жақын келеді, дене бітімі арық-мықты, пропорционалды, тұрқы орташа және орташа бойдан жоғары, өте дамыған арық бұлшықеттері бар, үйлесімді және кербез, сымбатты келеді. Жыныстық диморфизмі дамыған. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Дөрекі, нәзік бітім, тапал. Төбеттері қаншық тәріздес. | ||
6. | Маңызды дене үйлесімділігі |
Шынтақ биіктігі жота биіктігінің жартысынан сәл асады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
7. | Мінез-құлқы/Темперамент | Темпераменті бірқалыпты, қозғалысы шапшаң. Жағдайды бағалау және шешім қабылдаудың жоғары жылдамдығына ие. Бөтенге сенімсіздікпен қарайды. Күнделікті өмірде жуас және жабысып жалықтырмайды, өзінің құндылығын жоғары бағалай біледі, дөрекі қарым-қатынасқа төзімсіз. Аң аулағанда қызба, икемді, ұзақ қашықтыққа асқан жүйрік және төзімді қасиеті бар. Әмбебап – қырағы, іздегіштікпен ерекшеленеді, олжаны иесіне алып келеді. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
8. | Басы |
Жалпы тұрпатына үйлесімді, жіңішке, ұзынша біткен. Жоғарыдан және қырынан қараған кезде сүйір сына тәрізді. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
9. | Бастың бас сүйек бөлігі | Бас сүйегі: біркелкі кең, ұзындығы енінен сәл үлкен немесе оған тең, көзге қарай тарылады, маңдайы тегіс, орта тұсында кішігірім ойығы бар. Желке жотасы жақсы көрінеді. Қас доғалары әлсіз білінеді. Маңдайдан тұмсығына қарай ауысымы: біркелкі, әлсіз білінеді. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Күмбез тәріздес бас сүйек. | ||
10. | Бастың алдыңғы бөлігі |
Мұрнының ұшы: қара, біркелкі боямалы, ақшыл түсті иттерде барынша ақшыл болуы мүмкін. | Жоғарыда айтылған стандарт тармақтарынан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және иттің денсаулығына және дәстүрлі жұмысты орындауына әсер ететін ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Дақталмаған (нілсізденген) мұрын. Тұмсығы бас сүйегінен ұзын, доғал, мұрнының ұшы жалпақ. Еріндері салбыраған. | ||
11. | Жақтары/Тістері | Тістегені қайшы тәрізді. Жақтары күшті. Тістері ақсиыңқы, азуы үлкен келеді. Тістері үлкен, ақ. Тістердің жиынтығы толық. Күрек тістерінің түптері бір қатарда тұрады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Иттер 6 жасқа дейін тура тістейді, төменгі жақтың Р2, Р3, Р4 қатарынанбір немесе одан көбірек тістің болмауы, егер жоқ болуы жарақаттану нәтижесінен болмаса. | ||
12. | Көздері | Үлкен, қиғаш орналасқан, сопақтау келеді, күңгірт түсті, көз қиығы бадам дәні тәрізді. Қабақтары жұқа, құрғақ, толығымен дақты. Көз жанары өткір, көзі үлкен. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Терең орналасқан, кішкентай, түзу, сары, сұр. Қабақтары депигменттелген (нілсізденген). | ||
13. | Құлақтары | Салбыраңқы, ұзын, жұқа, түпнегізі жалпақ, ұштары дөңгеленген. Сәл жоғары немесе көз деңгейінде орналасқан. Алға созылған құлақтың ұшы ауыздың бұрышына еркін жетеді. Тыныш күйде құлақтары бет сүйектерінде жатады, қозғалған кезде құлақтарын шеміршекке көтеріп, алға қарай бұрады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Қалың, ұштарында үшкір, қысқа (ауыздың бұрышына 2 см-ден аса жетпейтін), артқа тартылған, қозғалыссыз. | ||
14. | Мойыны | Шамамен бастың ұзындығына тең, мойны сәл қысқалау, бірақ берік, бұлшық еттері жақсы дамыған. Көлбеу (көру бұрышына шамамен 45° бұрышта) тұрады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Аса қысқа, төмен орналасқан. | ||
15. | Жоғарғы қыры | Еркін тұрыста босаңсыған, жұмсақ иіндік құламасы бар. Қозғалғанда және елегізіп тұрғанда шоқтығынан тік, серіппелі, берік болып келеді. Диафрагмалық омыртқаның аймағында кішкене шұқырлау (нығыздалған ) бар. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Арқа мен белден пайда болған дөңес доға түрінде | ||
16. | Шоқтығы (жотасы) | Шоқтығы жақсы көрінеді, ұзын, жалпақ, бұлшық еттері жақсы дамыған. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Анық білінбейтін шоқтық | ||
17. | Арқасы | Күшті, жауырыны жалпақ, бұлшық еттері шымыр. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
18. | Белі | Барынша түзу, күшті, жалпақ, бұлшық еттері шымыр. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
19. | Сауыры | Айтарлықтай ұзын, кең, жалпақ, көлбеу. Мықыны ерекше білінеді, төбетте олардың арасы 8 см, ал ұрғашыларында кемінде 7 см. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Сауыры қысқа. | ||
20. | Кеудесі | Терең, ұзын. Қырынан қараған кезде кеуде қуысының төменгі нүктесі шынтақ буындарының артында және олардың деңгейінде орналасқан. Алдыңғы қабырға аймағында жалпақ кеуде қаңқасы жалған сүбе қабырғаларға қарай біртіндеп кеңейеді. Қиылысында жоғарғы жағында жалпақ, төмен қарай тарылады. Қабырғалары жақсы иілген. Қысқа жалған сүбе қабырғалардың арқасында қыры бөлініп тұрады. Кеуде сүйегінің алдыңғы жағы шығыңқы емес. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Кішкентай (шынтақ деңгейіне 2 см-ден аспайды), қысқа, жалпақ. Кеуде сүйегі аса шығыңқы және алдыңғы жағынан дамыған кеуде. | ||
21. | Төменгі қыры және іші: | Қарны жіңішке, қабысыңқы. Шабы тартыңқы. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Аражігі айқын емес. | ||
22. | Құйрығы | Өте төмен, жіңішке, ұзындығы секіру буындарына жетеді, қылыш тәрізді, соңында кішкене дөңгелек сияқты орала орналасқан немесе біріктірілмеген омыртқалардан түзілген жартылай сақина (тік ілмек) болып тұрады. Құйрық жағы сәл дөңестеу. Тыныш күйде төмен түсіп, қозғалыста жотаның қырынан сәл жоғары көтеріледі. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Тік, бұранда тәріздес, сақина болып жотасына құлаған. Сызат. Омыртқалар сақина соңында бірігіп кеткен. | ||
23. | Аяқтары | Жауырын, иық сүйегінің, алдыңғы сандарының, жамбастың және тізенің ұзындығы шамамен бірдей. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
24. | Алдыңғы аяқтары |
Жалпы түрі: ұзын сіңірлі, сүйекті, бұлшық еттері шымыр, алдыңғы жағынан қараған кезде түзу және қатар орналасқан. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Табан сүйектері тік. Табаны дөңгелек | ||
25. | Артқы аяқтары |
Жалпы түрі: артынан қараған кезде тік және бір-біріне параллель, алдыңғы жағынан кеңірек, артқы аяқтары сәл артқа шалқақтау орналасқан, сүйекті бұлшықеттері жақсы дамыған, жамбас еттері шымыр. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Табаны дөңгелек | ||
26. | Қозғалысы | Жеңіл, үнемшіл, еркін желіс, жеңіл жортады. Іздеу кезінде қысқа шоқырақтайды, аңды қуған кезде жылдам шабады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
27. | Терісі | Жұқа, серпінді, тығыз жабысып тұрады, қатпарлары жоқ. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||
28. | Жүні | жұмсақ, тегіс, түзу, тығыз жабысып тұрады, жазда түбіті болмайды. Қыста түбіті жақсы дамыған болуы мүмкін. Денесінің бойында қысқа, шамамен 3 см (жамбасында). Құлақтарында жұмсақ, ұзартылған, сәл толқынды "ұйпаны" құрайды, олар бүкіл құлақты жауып, құлақтың ұштарынан төмен түседі. Алдыңғы және артқы аяқтардың сыртқы жағында таралған секілді жүндері бар. Алдыңғы аяқтарында сирек және қысқа таралып, білек буындарына жетеді, ал артқы жағында ұзындау, тізенің ортасына дейін жетеді. Құйрығының төменгі жағында, шамамен ортасынан ұшына дейін, ұзартылған (шамамен 10 см) сирек салбыраған жүнді құрайды. Табан саусақтардың арасында жұмсақ жүн бар. Бір жарым жасқа дейін алдыңғы аяқтарда білектің ортасына дейін және артқы аяқтарда буынына дейін, сондай-ақ қабырғалар мен кеуде қуысының төменгі бөлігінде аздап салбырап тұрады. Басындағы кішкентай айдар тек күшіктерде болады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көп болса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. |
Денесінде бұйра, қатқыл, толқынды. Артқы жағында, кеудеде, іште жүні ұзын. | ||
29. |
| Барлық реңкті ақшыл сарғыш (ашық-күрең түстен қызыл түске дейін), барлық реңктердегі сұр және барлық түстердің аймақтық реңктері бар, ақ, қара. Болады: аяқ-қолдарда, іште, кеудеде, мойында, тұмсықта түссіз; қалыпты жерлерде ашық түсті дақтар; тұмсықта, маңдайда, тамақта, кеудеде, аяқтарда, құйрықтың ұшында кішкентай ақ белгілер болады; ақ белгілерде теңбіл болады; тұмсығында бетперде сияқты дақ (ашық немесе күңгірт). | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Ашық жирен теңбіл. | ||
30. | Бойы | Шоқтығындағы биіктігі мынадай болғаны жөн: төбеттер 63-70 см; ұрғашыларында 58-65 см. Егер ұшқыр тазыларға тән үйлесім пен сәйкестік сақталса, ±2 см-ге дейін ауытқу қабылданады. | Стандарттан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу неғұрлым көпболса, кемшілік соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | Төбеттердің шоқтығы биіктігі 72 см-ден жоғары, ұрғашыларының шоқтығы биіктігі 67 см-ден жоғары. | ||
31. | Кемшіліктері: стандарттың жоғарыда аталған тармақтарынан кез келген ауытқу кемшілік болып табылады және ауытқу және оның денсаулыққа, әл-ауқатқа және дәстүрлі жұмысты орындау қабілетіне әсері неғұрлым көп болса, соғұрлым асқан кемшілік болып табылады. | |||||
32. | Дисквалификациялық ақаулары: агрессияшылдық немесе қорқақтық; физикалық немесе мінез-құлық ауытқулары бар кез келген ит; тістеуі, жетілмеген тістелім, тіпті бір азу тістің, күрек тістің, жоғарғы жақтағы Р4, азу тістің болмауы (М3-тен басқа), егер болмауы жарақаттың нәтижесі болмаса; көздері екі түрлі, көгілдір көздер; артық саусақтың (артқы аяқтарда) болуы; жолбарыс түстес, мәрмәр, теңбіл, қоңыр реңді және стандартта сипатталмаған басқа түстер; крипторхизм. | |||||
ЕСКЕРТПЕ: Тазыларда қалыпты жетілген, дорбалығына толық түскен екі тұқымдық болуға тиіс. Асылдандыруда тек функционалды және клиникалық тұрғыдан сау ит тұқымына тән болуы тиіс. | ||||||
2. Қазақы төбет | ||||||
33. | Конституциия түрі | Дөрекі, дөрекі-шикі. | Бітімінің жинақылығы, (тұрпаты шаршыға ұқсас); бұлшық еттерінің жеткілікті дамымауы, артқы жағының шамалы биік болуы; қаншықтарда жыныстық тұрпатқа сай келмеушілік (төбетке ұқсас болуы) | Арық, етжеңді немесе жетілмей қалыптасу; аласа бойлы немесе шығым; тұрқының қысқалығы; бұлшық еттерінің дамымауы; төбеттерде жыныстық тұрпатқа сай келмеушілік (қаншықтарға ұқсас болуы), тұқымдықтарының жете дамымауы | ||
34. | Мінез-құлқы/темпераменті: | Күшті және төзімді. | Сескеншектік, әлсіздік, шектен тыс қозғыштық | Қорқақтық, басқаруға келмейтін агрессияшылдық | ||
35. | Басы |
Ауыр, салмақты, қас үстіндегі және бет сүйектері дөғалары өте дамыған, каралау мойыны және желкенің төмпешігімен Бассүйегі: біркелкі жалпақ, сопақша, ұзын. Маңдайы тегіс, орта тұсында кішігірім ойығы бар. Маңдайдан тұмсығына ауысымы: біркелкі. | Тұмсығы қысқа (басының ұзындығының 1/3-нен кем) немесе ұзын (басының ұзындығы 1/2-нен артық); жақ сүйектері шамадан тыс білінеді; қас үстіндегі доғалары шығыңқы; тұмсығы мен маңдай сызықтары қатарлас; түсі ашық болған кезде мұрнының ұшы қоңыр | Жалпы дене бітіміне сай емес (басы тым үлкен, жіңішке, қысқа, жеңіл); тым шығыңқы маңдай, бассүйегі күмбез тәрізді; маңдайынан тұмсығына ауысымы айқын көрінеді; желке төмпешігі айқын білінеді; қасының үстіңгі доғасы айқын байқалмайды; тұмсығы маңдайынан ұзын; көтеріңкі немесе үшкір; еріндері жұқа, тығыз жабылады | ||
36. | Жақтары/ тістері | Жақтары кең, мықты, күшті, жақсы жетілген, иектері жақсы байқалады. Тістегені қайшы тәрізді. Үш жастан асқан иттер тікелей тістеуі мүмкін. Тістері толық, өте ірі, ақ, бір-біріне жымдаса біткен. Күрек тістерінің түптері бір қатарға тізілген. | Тістерінің жасына сай келмейтін қажалуы; кішігірім сарғылт қақ немесе бұзылған эмаль (тістің үстіңгі жағының 1/3-не дейін); төменгі жақтағы күрек тістер түпнегізінде тізілмеген; тістері орташа мөлшерде; үш жасқа дейінгі тістелімі тік; төменгі жақтағы алғашқы премолярлардың болмауы; артық премолярлар | Ұсақ; сирек; сарғылт, тіс эмалі қатты бүлінген (үстіңгі жағының 1/3-і); жоғарғы жағында орналасқан күрек тістері бір қатарда емес; 3 жасқа дейінгі тістелімі тік; алғашқы премолярды қоспағанда, бір премолярдың немесе молярдың жетіспеуі; артық тістер | ||
37. | Көздері | Үлкен емес, қиғаш, жалпақ және терең орналасқан, қою қара-қоңыр. Өңі ашық болған кезде реңімен түстес болуға жол беріледі. Көз қиығы бадам тәрізді. Қабақтары – толық, үшінші қабағы анық көрінеді. Қабақтарының айналасы қою қара болғаны жөн. Көзқарасы онша байқалмайды, тұнжыраңқы әрі ауыр. | Күңгірт; ашық-қоңыр | Тіке орналасқан, сопақ немесе дөңгелек қиықты; томпақ, өңіне қарағанда ашық түсті, бірдей түсті емес, сары, жасыл, көк, сұр көздер; шығыңқы, ашық, түссіз, сары, жасыл, сұр; көзқарасы қозғалмалы, тез қимылды; кірпіктері депигменттелген тым жетілмеген, жуан, салбыраңқы қабақ | ||
38. | Құлақтары | Үлкен емес, салбыраңқы, пішіні үшбұрышты, көз деңгейінен сәл жоғары орналасқан. Ойық негізі үлкен емес. Күшік кезінде қысқа кесіліп, келтеленеді. | Көз деңгейінде орналасқан | Төмен орналасқан; жартылай тіке тұратын дөңгелекше келген | ||
39. | Мойыны | Басының ұзындығына тең, түпнегізі жалпақ, қуатты, жонарқасына қатысты 35-45 градус бұрышпен орналасқан, өзіне тән, бірақ шамадан тыс болмайтындай тамақ асты қатпары бар. | Жоғары орналасқан; бұлшық еті жеткілікті жетілмеген | Жоғары немесе төмен орналасқан; тамақ асты қатпарының болмауы немесе шектен тыс көрінуі | ||
40. | Тұрқы |
Еркін тұрыста ит өзін босаң ұстайды, бұл ретте жоғарғы сызығының өзіне тән кішігірім біркелкі иілген жері болады, оның төменгі нүктесі ауысымізі (диафрагмалық омыртқаның иіндік өсімінің кішігірім құламасы), ал биіктіктері – шоқтығы мен құйымшақтары болып табылады. Қозғалғанда немесе елегізіп тұрғанда жоғарғы желісі шоқтығынан тік, серіппелі, берік болып келеді. Бұлшық еттері қуатты, омыртқаның иіндік өсімінің биіктіктері білінбейді. | Бұлшық еттері жеткілікті жетілмеген; шоқтығы әлсіз білінеді, арқасы тар; ауысымізі ерекше білінеді; белі тарлау, сәл шығыңқы; сауыры дөңестеу, қысқа немесе тым тайқы; кеудесі жете терең емес (шынтақ деңгейіне дейін 2-3 сантиметр жетпейтін), қабырғалары жеткілікті ауқымды емес, тым шығыңқы; қарыны шектен тыс тартылыңқы немесе түсіңкі | Төбелік желісі томпақ (жетілмеген), еркін тұрғанда да, елегізіп тұрғанда да және қозғалыс кезінде салбыраңқы (жұмсақ), бұлшық еті жетілмеген, шоқтығы байқалмайтын, тапал, тар, қысқа; арқасы салбыраңқы немесе бүкір; ауысымізі жоқ; белі тар, тым шығыңқы; сауыры тар, келте, тым қисайыңқы немесе көлбеу; кеудесі тайқы, ұсақ, жете дамымаған, бөшке тәрізді, шеткі қабырғасы тым қысқарыңқы; кеудесінің алды айқын білінеді; белі ұзын, ішке кіріңкі немесе шектен тыс шығыңқы; қарыны айқын көрінетін солыңқы | ||
41. | Құйрығы | Жоғары көтерілген, жуан. Күшік кезінде қысқарып, келтеленеді (көбіне ұзындығының 1/3-ге жуығы қалады). Қысқарып келтеленбеген кезінде орақ тәрізді түсіңкі, секіру сүйектеріне дейін жетеді. | Жіңішке | Құйрығы төмен орналасқан | ||
42. | Аяқтары |
Алдыңғы аяқтары: едәуір ұзын, мықты, бұлшық етті, алдынан қарағанда тік және бір-біріне параллель. Шынтағындағы биіктігі шоқтығындағы биіктікке тең немесе жартысынан біршама үлкен. | Бұлшық еттері жеткілікті жетілмеген; аяқтарының орналасуы тар, жақын немесе жалпақ; иық-жауырын қиылыстарының бұрышы жеткілікті емес; шынтақтары сәл сыртқа немесе ішке қарай бағытталған; табандары шектен тыс бүгіліңкі; азғана талтақтық немесе маймақтық | Қысқа; аяқтарының сүйектері қисайған, пішіні өзгерген; бұлшық еттері жетілмеген; жауырынның түсіңкі тұруы; шынтақтары тым сыртқа немесе ішке қарай қайырылған | ||
43. | Артқы аяқтары |
Бекем, бұлшық етті. Артынан қараған кезде тік және бір-біріне параллель, алдыңғыларымен мөлшерлес. Алдыңғыларына қарағанда біршама жалпақ орналасқан. Барлық буын қиылыстарының бұрыштары жақсы білінеді. | Буын қиылыстарының бұрыштары жеткілікті білінбейді; кең, жақындастырылған немесе тар тұрыс; қосалқы (қысқарып келтеленбеген) саусақтарының болуы; шамалы өсіңкі немесе біршама тығыздалған саусақтар | |||
44. | Жүрісі/ қозғалысы | Үнемшіл, еркін, жеңіл. Жорғалағанда үстіңгі жағының сызығы бірдей және берік, алдыңғы және артқы аяқтарының буындары жеңіл бүгіледі, арқасы мен белі серпінді серіппелі. Өзіне тән жортуы – асықпай адымдаумен және жеңіл, із тастап жорғалаумен (табан іздерін бір-біріне сай келтіру) сипатталады. | ||||
45. | Терісі | Жуан, тығыз, созылғыш тері асындағы клетчаткалары жақсы жетілген. Мойын тұсында өзіне тән қатпар құрайды. | Созылғыш емес | |||
46. | Жүні | Жүні қалың, ірі, тік, жүн астындағы түбіті жақсы өскен, бірақ ұзын емес (иін жүндерінен қысқа). Басында және үстіңгі алдыңғы жақ жүні қысқа, тік өскен, тығыздала жымдасқан. Мойынында неғұрлым ұзын жүн жабыны "жағалық" құрайды, әсіресе төбеттерде жақсы өседі, бөксесінің артқы жағы "шалбар" іспетті. Тамағында, мойынасты қатпар тұсында өте қалың әрі тығыз. Жүн жабыны (10-15 сантиметр) босаң өскен онша ерекшеленбейтін болып келеді. | Тығыздала жымдаспаған; жүн астындағы түбіті ұзын (ұзындығы бойынша иін жүндерімен бірдей немесе одан үлкен); саусақтары арасындағы жүн ұзын, қалың, және жұмсақ (саусақтарынан ұзын) | |||
47. | Өңі | Табиғи түстің барлық түстері мен өңдері тәң: сары, ақшыл, қызыл, сұр, қоңыр, қара. | Ала-құла дақтары бар (түрлі-түсті дақтардың үлесі 30 пайыздан аз), ақ, біртұтас | |||
48. | Мөлшері | Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 75 сантиметр, қаншықтардікі 65 – 70 сантиметр. | ||||
49. | Дисквалификациялық ақаулары: қорқақтық, қызбалық, басқаруға келмейтін ызалық; біржақты және толық крипторхизм, жетілмеген тістелім, қалдықты артық тістелім; тістерінің толық еместігі (кез келген үйлесімде екеуден аса тістердің болмауы); көздерінің әртүрлілігі; барлық үйлесімдегі қоңыр (мұрнының сулығы, кірпіктері мен еріндерінің шеті қоңыр болған кезде) немесе көк (мұрнының сулығы, кірпіктері мен еріндерінің шеті көк болған кезде) боямалар толқынды жұмсақ жүн; буындардың босаң бекуі, теңгерімделмеген қозғалыстар; төбеттер қаншық тұрпатты. | |||||
Ескертпе: Төбеттерде қалыпты жетілген, дорбалығына толық түскен екі тұқымдық болуға тиіс. |