Екінші деңгейдегі банктердің террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 мамырда № 34348 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 21 қаулыға
қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды нақтылайды және террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің (бұдан әрі – есеп айырысу-кассалық бөлімше) терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету орындалуы міндетті іс-шараларды белгілейді.

      3. Нұсқаулық "Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген есеп айырысу-кассалық бөлімшелеріне қолданылады.

      4. Нұсқаулық есеп айырысу-кассалық бөлімшелері басшыларының, меншік иелерінің, иеленушілерінің және есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін қызметкерлердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, терроризмге қарсы комиссиялар мүшелерінің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің терроризмге қарсы қорғалуын бағалауды, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін зерделеуді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған.

      5. Нұсқаулықта "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшелер – екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайлары;

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің өлшемшарттары – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес есеп айырысу-кассалық бөлімшенің шекарасы;

      3) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуын бағалау – өткізу режимін, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің, сондай-ақ оларда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге дайындығын бағалауға бағытталған іс-шара;

      4) күзет қызметінің субъектісі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке күзет ұйымдары;

      5) металл анықтағыш - бейтарап немесе әлсіз өткізгіш ортада металл заттарды олардың өткізгіштігі есебінен анықтауға мүмкіндік беретін электрондық аспап;

      6) терроризм актісі қаупі кезінде эвакуациялау (бұдан әрі – эвакуациялау) – есеп айырысу-кассалық бөлімшенің персоналын, келушілерін қауіпсіз орындарға (үй-жайларға, жергілікті жер учаскелеріне) ұйымдасқан түрде ауыстыру;

      7) терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) – есеп айырысу-кассалық бөлімше туралы оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтерді қамтитын және террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актілерінің салдарларының алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат.

      6. Есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырудың мақсаты терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін жағдайлар жасау арқылы терроризмге қарсы іс-қимыл және есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша персонал, келушілер арасындағы шығынның алдын алуға, ықтимал материалдық зиянды барынша азайтуға, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық бөлімшелерде болуы мүмкін террористік қауіп-қатердің салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және енгізу болып табылады.

      7. Есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің терроризмге қарсы қорғалуының жалпы қағидаттары:

      1) өткізілетін іс-шаралардың алдын ала жүргізілуі (алдын ала ескертілуі) - есеп айырысу-кассалық бөлімшелерде террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу және әрекет ету жөніндегі іс-қимылдарға күзет жұмыскерлері мен қызметкерлерін дайындау, есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің қызметкерлері мен келушілеріне көмек көрсету, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп-қатерден туындаған жағдай аяқталғаннан кейін айырысу-кассалық бөлімшелердің жұмысын қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жоспарлау;

      2) сараланған тәсіл – есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің жұмыс істеу ерекшеліктерін есепке алуға, тиісті материалдар мен заттарды (ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, иондаушы және радиологиялық сәулелену көздерін) сақтау мен пайдалануды, есеп айырысу-кассалық бөлімшелерді орналастыруды есепке алуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      3) барабарлық – есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде әзірленетін және қолданылатын терроризмге қарсы іс-шаралардың есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің қызметінің жағдайларына (бағытына) ықтимал террористік қауіп-қатерлердің сипаты мен ерекшелігіне салыстырмалылығы;

      4) кешенділік – жоғарыда аталған қағидаттарға негізделген, Қазақстан Республикасы ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерін, оның ішінде терроризмге қарсы комиссияларды, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарды, есеп айырысу-кассалық бөлімшелер күзет қызметінің қызметкерлерін қоса алғанда, барлық мүдделі тарапты тарта отырып, есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға және іс-шараларды іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

      8. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы мыналарға бағытталған жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшеге заңсыз кіруге кедергі жасау, оған мынадай шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеде өткізу режимін орнату және оны мүлтіксіз сақтау;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеге заңсыз енуді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен есеп айырысу-кассалық бөлімшені инженерлік-техникалық тұрғыдан нығайту;

      2) терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау белгілерін анықтау бойынша мынандай шаралар қабылдау арқылы қол жеткізіледі:

      есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі және жақын маңдағы аумақтардағы жағдайға күдікті адамдарды және (немесе) құралдарды анықтау тұрғысынан бақылау;

      иондаушы сәулелену көздерін, жарылғыш, улағыш заттарды, улы химикаттарды, патогенді биологиялық агенттерді, қауіпті құралдар мен заттарды сақтау және пайдалану орындарын күзету және осындай орындарға апаратын бағыттарды бақылауды ұйымдастыру;

      есеп айырысу-кассалық бөлімше ұжымының моральдық-психологиялық ахуалын тұрақты талдау және бағалау;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшені инженерлік-техникалық жарақтандыру жоспарында материалдық-техникалық базаны жақсарту;

      3) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу, оларға мыналар бойынша шаралар қолдану арқылы қол жеткізіледі:

      есеп айырысу-кассалық бөлімше үшін ықтимал террористік сипаттағы қауіп-қатерлерді модельдеу және оларға әрекет етудің тиісті алгоритмдерін әзірлеу;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің ықтимал қауіпті учаскелерін (қауіпті аймақтарды, айырысу-кассалық бөлімшеде адамдар көп болуы мүмкін орындарды) айқындау;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің дайындалған қызметкерлерінің күшімен айырысу-кассалық бөлімшені күзетуді жүзеге асыру немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу;

      келушілер мен көлік құралдарының есеп айырысу-кассалық бөлімшелерге кіруінің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;

      ұжымда терроризмге қарсы түсінікті қалыптастыру;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау;

      4) мынадай шаралар қолдану арқылы қол жеткізілетін есеп айырысу-кассалық бөлімшеде болуы мүмкін террористік қауіп-қатерлердің салдарларын барынша азайту және жою:

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің ерекшеліктеріне барабар террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге әсер ету алгоритмдерін әзірлеу және алгоритмдерді іске асыру үшін қажетті күштер мен құралдармен қамтамасыз ету;

      терроризм актісін жасау кезіндегі және одан кейінгі іс-әрекеттеріне қатысты күзет қызметкерлерін, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің жұмыскерлерді тиісті даярлау;

      терроризм актісі жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру;

      паспортты уақтылы жасау және жаңартылған жай-күйде ұстау, оны тиісінше сақтау.

      9. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуын есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы не банктің уәкілетті тұлғасы (бұдан әрі – есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы) ұйымдастырады.

      10. Есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының бұйрығымен есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ететін адам және оны алмастыратын адам, не есеп айырысу-кассалық бөлімшенің құрылымдық бөлімшесі айқындалады. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қызметтің ерекшелігіне сәйкес соңғысының құзыреті және лауазымдық міндеттері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы тиісті акт шығарады, ал жаңа функция қызметтік міндеттердің тізіміне енгізіледі не оны есеп айырысу-кассалық бөлімшенің террористік қорғалуы бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуші етіп айқындаған жағдайда құрылымдық бөлімше туралы ережеде көзделеді.

      11. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің меншік иелері, басшылары немесе лауазымды адамдары жалға алынатын ғимаратта (үй-жайда) орналасу кезінде жалдау шартында есеп айырысу-кассалық бөлімшені күзетуді, есеп айырысу-кассалық бөлімшені заманауи техникалық құралдармен жарақтауды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және осы іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      12. Терроризмге қатысты осал есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы құжаттардың тізбесі Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтірілген.

2-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      13. Есеп айырысу-кассалық бөлімшелеріндегі өткізу режимі есеп айырысу-кассалық бөлімшеде әзірленетін және есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы бекітілген өткізу режимін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Өткізу режимі мыналардың:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшеге немесе оның бір бөліктеріне (аймақтарына) заңға қарсы ниеттері бар бөгде адамдардың кіруін;

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің аумағына тез тұтанатын құралдар мен заттарды, улы заттарды, атыс қаруын және оларды пайдалану есеп айырысу-кассалық бөлімшеге және ондағы адамдар үшін қауіп төндіретін заттарды өткізуді (тиеп кіргізу) және аумағынан шығарудың (тиеп шығару) алдын алу үшін көзделген. Терроризмге қатысты осал есеп айырысу-кассалық бөлімшеге өткізуге тыйым салынған заттар тізбесі Нұсқаулыққа 2-қосымшада айқындалған.

      15. Өткізу режимі мыналарды:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшеге кіру орындарында (шығу орындарында) бақылау функциясымен күзет және (немесе) өткізу пунктін және (немесе) постын ұйымдастыруды;

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшеге және (немесе) оның бөліктеріне қызметкерлер мен келушілерді өткізу тәртібін;

      3) есеп айырысу-кассалық бөлімшені аймақтарға бөлуді: бірінші аймақ – қызметкерлерге, келушілерге кіруге шектеу қойылмаған ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар; екінші аймақ – есеп айырысу-кассалық бөлімшенің өткізу режимін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес қызметкерлер мен келушілерге кіруге рұқсат етілген ғимараттар және (немесе) үй-жайлар);

      4) есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының актісімен есеп айырысу-кассалық бөлімшеге кедергісіз кіру құқығы бар адамдардың тізбесін айқындауды;

      5) есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының актісімен кіруге шектеу қойылған аймақтарға кіргізілетін адамдардың тізбесін айқындауды;

      6) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің өткізу режимін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес қызметкерлер мен келушілердің есеп айырысу-кассалық бөлімшеге және жекелеген аймақтарға кірулерін басқаруды бақылауды қамтамасыз етуге қабілетті өткізу жүйесін енгізуді және (немесе) ұйымдастыруды;

      7) есеп айырысу-кассалық бөлімшеге өткізуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындауды;

      8) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің маңызды аймақтарын күзетуді;

      9) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдардың көп жиналуы ықтимал орындарды бақылауды көздейді.

      16. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған жағдайда, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің меншік иесі, иесі, басшысы күзет қызметтері шартында күзет қызметінің субъектісі есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша іске асыратын іс-шараларды көрсетеді, оларға мыналар жатады:

      1) қызметкерлерге, келушілерге есеп айырысу-кассалық бөлімшеге немесе оның бір бөлігіне (аймағына) кіруге рұқсат беруді ұйымдастыру;

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің аумағына көлік құралдарын өткізуді ұйымдастыру;

      3) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің аумағында құқыққа қарсы ниеті бар тұлғаларды, сондай-ақ оны пайдалану есеп айырысу-кассалық бөлімше және есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі тұлғалар үшін қауіпті болуы мүмкін құралдар мен заттарды анықтау;

      4) есеп айырысу-кассалық бөлімшені күзету, қауіпті аймақтарды қорғау, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;

      5) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдардың ықтимал жаппай болу орындарын бақылау;

      6) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша күзет қызметкерлерімен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;

      7) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде орнатылған техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану.

      17. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы өткізу режимін ұйымдастыру тәртібін, оның қызметін және бақылауды айқындайды, сондай-ақ өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындауға есеп айырысу-кассалық бөлімшенің жауапты құрылымдық бөлімшесін айқындайды.

      18. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеге жарылғыш, тез тұтанатын, уытты заттар, атыс қаруы мен оларды пайдалану қауіп төндіретін өзге де заттарды өткізуді болдырмау мақсатында есеп айырысу-кассалық бөлімшеде есеп айырысу-кассалық бөлімшесінің қызметкерлерін, келушілерін және көлік құралдарын олардың қолдарында көрсетілген құралдар, қарулар мен заттардың бар-жоғын арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргізеді. Тексеру тасуға арналған заттарды көзбен қарап тексеруге талаптар қою, сондай-ақ стационарлық металл детекторы өткізу, қол металл детекторымен қарап зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

      Көзбен қарап-тексеру және (немесе) металл детектордың белгі беруі нәтижесінде Нұсқаулыққа 2-қосымшада көзделген өткізуге тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары хабардар етіледі.

      19. Өткізу режимді ұйымдастыру тәртібі негізінде әрбір есеп айырысу-кассалық бөлімшеде күзет қызметінің субъектісі күзет қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлейді, онда міндетті түрде мыналар көзделеді:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің аумағына (аумағынан) өткізу кезінде тиісті құжаттарды және кіргізілетін (шығарылатын) жүктердің сипатын тексеру;

      2) қызметтік істер бойынша есеп айырысу-кассалық бөлімшеге келетін адамдардың құжаттарын және басқа ұйымдардан келу мақсатын тексеруді, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық бөлімшеге келушілер кітабына тиісті жазбалар жасау;

      3) аумақты ішкі үй-жайларды тексеру, есеп айырысу-кассалық бөлімшені периметрі бойынша тексеру және қоршауларды бүліну тұрғысынан тексеру, бөгде, жарылғыш және күдікті заттарды анықтау тұрғысынан тұрақты аралап тексеру (аралап тексеру кестесіне сәйкес);

      4) анықталған барлық бұзушылықтар жөнінде есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысына және күзет қызметі субъектісінің өзінің тікелей басшысына дереу хабарлау;

      5) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде белгіленген өткізу режимінің тәртібін бұза отырып есеп айырысу-кассалық бөлімшенің аумағына кіруге және (немесе) қызметкерлерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға әрекет жасаған адамдар анықталған кезде, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің өлшеміне жақын жерде ұзақ уақыт тұрақталған белгісіз автокөлік анықталған кезде есеп айырысу-кассалық бөлімшенің жарақтандырылуына байланысты есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметкерлерінің іс-әрекеттері.

      20. Есеп айырысу-кассалық бөлімше күзеті қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығы әрбір есеп айырысу-кассалық бөлімшеде осы есеп айырысу-кассалық бөлімшеде қауіпсіздікке жауапты адамдар оның ерекшеліктерін ескере отырып, әзірлейді.

      21. Азаматтардың құқықтарын шектейтін, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметкерлері талаптарының заңдылығын түсіндіретін өткізу режимінің негізгі қағидалары туралы хабарламаларды есеп айырысу-кассалық бөлімшенің әкімшілігі есеп айырысу-кассалық бөлімшеге кіре берісте, көруге болатын жерлерге орналастырады.

3-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеде профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      22. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеде профилактикалық іс-шараларының мақсаты есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актісін жасауды барынша азайтуға ықпал ететін жағдайларды жасау болып табылады.

      23. Оқу іс-шараларын өткізу мақсаты есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актілерін жасау мүмкіндіктерінің алдын-алуға және жолын кесуге бағытталған шараларды қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлерді терроризм актілерін жасау немесе жасау қаупі жағдайында оның зардаптарынан қорғау тәсілдерімен іс-қимылдарға, есеп айырысу-кассалық бөлімшесінің қызметкерлері мен қызметкерлерін қауіпсіз және уақтылы эвакуациялауға үйрету болып табылады.

      24. Профилактикалық және оқу іс-шаралары нұсқамалар және сабақтар (практикалық және теориялық) түрінде:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлерімен;

      2) күзет қызметкерлерімен жүргізіледі.

      25. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлері санынан күзет жұмыскерлері және қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлауды есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адам жүзеге асырады.

      26. Профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізуге есеп айырысу-кассалық бөлімше орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің терроризмге қарсы комиссиясымен келісім бойынша мүдделі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық бөлімшенің дайындықтан өткен қызметкерлері тартылады.

      27. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары Нұсқаулыққа 3-қосымшада келтірілген.

      28. Профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлауды күзет қызметі субъектісінің басшысы ұйымдастырады.

      29. Күзет қызметкерлерімен терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларын игеру және (немесе) жетілдіру, үй-жайларды қарап тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

      30. Сабақтар (практикалық және теориялық) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы немесе күзет қызметі субъектісінің басшысы бекіткен өткізу кестелеріне сәйкес өткізіледі.

      31. Терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам қызметкерлердің жекелеген топтары үшін олардың қызметін ескере отырып, іс-шаралар кестесін жасайды.

      32. Теориялық сабақтар қызметкерлер, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметкерлері арасында терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға, терроризм идеологиясын оның әр түрлі көріністерінде қабылдамауды, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

      33. Практикалық сабақтар есеп айырысу-кассалық бөлімше қызметкерлерінің және күзет қызметкерлерінің іс-қимылдарының барынша үйлесімділігін және анықтығын қамтамасыз етуге бағытталады.

      34. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің үй-жайларында және аумағында терроризм актісін жасау қауіп-қатері туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар барлық ұжымды қамти отырып, терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      35. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің барлық ұжымын қамти отырып практикалық сабақтарды өткізудің алдында есеп айырысу-кассалық бөлімше адамдарының әр түрлі топтарының іс-қимыл алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің жекелеген топтарымен Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге теориялық сабақтар, жоспарлы нұсқамалар өткізу көзделеді.

      36. Нұсқамалар өткізу есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлерін терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен таныстыруға, сауатты және ұтымды іс-қимыл дағдыларын дамытуға арналған.

      37. Жоспарлы нұсқама есеп айырысу-кассалық бөлімше ұжымының (қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің) әрбір тобы үшін жылына кемінде екі рет өткізіледі.

      38. Жоспардан тыс нұсқама:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Хабардар ету қағидалары) бекіту туралы" № 611 Жарлығына сәйкес есеп айырысу-кассалық бөлімше орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейлерінің бірін енгізу: есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамның үйлестіруі кезінде орташа ("сары"), жоғары ("қызғылт сары"), дағдарысты ("қызыл");

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері туралы ақпараттың болуы;

      3) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабты үйлестіру кезінде есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға, жаттығуларға, бағалауға дайындық;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін үйлестіру кезінде күзет іс-шараларын өткізуге дайындық кезінде өткізіледі.

      39. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

      40. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеде жұмыс істейтін қызметкерлер тобы үшін немесе жеке (жұмысқа жаңадан қабылданған адамдар үшін) нұсқама өткізіледі.

      41. Алдын алу және оқу іс-шараларын жүргізу үшін барлық немесе белгілі бір қызметкерлер тобы сыятын, арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар), тақырыптық слайдтарды көрсету үшін проектор орнатуға, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалануға арналған орын бөлінетін үй-жай пайдаланылады.

      42. Іс-шара аяқталғаннан кейін оның нәтижелері Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал) енгізіледі.

      43. Журнал тігіледі және мөрмен, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының қолымен бекітіледі.

      44. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлерімен және күзет қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлауды есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты адам жүзеге асырады.

      45. Нұсқама немесе сабақ өткізу кезінде аталған іс-шараны құжаттау хаттама түрінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      46. Өзара іс-қимыл терроризм актілерінің алдын алу және ескерту, есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актісінің қатері төнген немесе жасалған жағдайда қызметкерлерді, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметкерлерін іс-әрекеттерге оқыту және даярлау мақсатында ұйымдастырылады.

      47. Терроризмге қарсы комиссия өзара іс-қимылды есеп айырысу-кассалық бөлімше үшін террористік сипаттағы қатерлерді нақтылау арқылы алдын алу және оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлау кезеңінде белгілейді.

      48. Есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерге, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің ерекшеліктерін негізге ала отырып, есеп айырысу-кассалық бөлімшеде Нұсқаулыққа 4-қосымшада келтірілген террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге есеп айырысу-кассалық бөлімше адамдарының әр түрлі тобының әрекет ету алгоритмдері жасалады.

      49. Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге есеп айырысу-касса бөлімшесі тұлғаларының әртүрлі топтарының іс-қимыл алгоритмдері уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық сабақтар, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың жоспарларына сәйкес есеп айырысу-кассалық бөлімшеде өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды, жаттығуларды дайындау және өткізу, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғанысын бағалау барысында пысықталады.

      50. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеге терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттығулар өткізуге, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуына бағалау жүргізуге тартылған жағдайда, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық бөлімшеге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің басшысы көрсетілген іс-шараларды өткізуге қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қажетті топтарын тартуды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      51. Терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды, жаттығуларды өткізу, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғанысын бағалау қорытындылары бойынша тиісті жоспарларға, кестелер мен алгоритмдерге түзетулер енгізіледі.

      52. Террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актілерін дайындау фактілері мен белгілері туралы уақтылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

      53. Терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатеріне немесе жасалуына ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету шеңберінде күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы, күзет қызметі субъектісінің басшысы:

      1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;

      2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарынан ақпарат алған кезде;

      3) қызметкерлердің, оқушылардың, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметкерлерінің қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлаудың, заңсыз сатып алудың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақытылы хабардар ету бойынша алғашқы әрекет ету алгоритмін әзірлейді.

      54. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы, қызметкерлері, күзет қызметкерлері терроризм актісінің жасалу қатері немесе оның жасалуы туралы Нұсқаулыққа 4-қосымшада ұсынылған террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге есеп айырысу-кассалық бөлімше адамдарының әр түрлі топтарының іс-қимыл алгоритмдеріне сәйкес аумақтық Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын, ішкі істер органдарының бөлімшелерін және мүдделі тұлғаларды хабардар етеді.

      Ақпарат беру кезінде терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның жасалу қатері туралы алынған мәліметтер, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің атауы мен мекенжайы, оқиға болған уақыты, зардап шеккендердің болуы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабарламаны беретін адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және ол атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      Толық деректердің болмауы жауапты адамдарды дереу баяндаудан міндетінен босатпайды.

      55. Террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне сәйкес есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшылары немесе лауазымды адамдары хабарлау қағидаларына сәйкес мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:

      1) террористік қауіптіліктің орташа ("сары") деңгейінде:

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеде өткізу режимін күшейту;

      арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, келушілерді, қызметкерлерді және көлік құралдарын тексеру іс-шараларын жүргізу барысында режимдік шараларды күшейту;

      алынған ақпаратқа байланысты тиісті саланың мамандарын тарта отырып, дағдарыстық жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілеріне, қызметкерлерге, қызметшілерге және есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлеріне нұсқама беру;

      терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері және тиісті іс-қимылдар туралы қызметкерлерді хабардар ету;

      кідірместен немесе шұғыл нысанда медициналық көмек көрсету, сондай-ақ терроризм актісі нәтижесінде жарақат алған адамдарды медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша есеп айырысу-кассалық бөлімшенің мүмкіндіктерін бағалау;

      2) террористік қауіптіліктің жоғары ("қызғылт сары") деңгейі кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейін белгілеу кезінде қабылданатын шаралармен қатар):

      дағдарыстық жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер мен есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің дайындығын тексеру және олардың терроризм актісінің жолын кесу және адамдарды құтқару жөніндегі ықтимал іс-қимылдарын пысықтау;

      дағдарыс жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзетін күшейту;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің аумағы бойынша көлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейту, қару мен жарылғыш заттарды анықтаудың техникалық құралдарын қолдана отырып, көлік құралдарына тексеру жүргізу;

      терроризм актісі нәтижесінде дене жарақатын алған және моральдық залал келтірілген адамдарды қабылдауға есеп айырысу-кассалық бөлімшені жоғары даярлық режиміне сәйкес келтіру;

      3) террористік қауіптіліктің сыни ("қызыл") деңгейін белгілеу кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлерін енгізу кезінде қолданылатын шаралармен қатар):

      адамдарды құтқару, құтқару қызметтері мен құралымдарының үздіксіз жұмысына жәрдемдесу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшені төтенше режимге ауыстыру.

5-тарау. Паспортты әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар

      56. Паспорт терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мүдделі органдар есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлаған кезде пайдалануға арналған.

      57. Паспорт қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын құжат болып табылады.

      Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы оны әзірлеуге жұмылдырылмаған адамдардың паспортқа қол жеткізуін шектеу, терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметі бойынша шаралар қабылдайды.

      58. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы болып паспортты әзірлеуге, оны есепке алуға, оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты (жауапты) адам (адамдар) тағайындалады.

      59. Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 26.06.2023 жылғы № 51 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 тіркелген Террористік тұрғыдан осал объектілердің Терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес бір мезгілде паспорттың электрондық нұсқасын әзірлей отырып, екі данада әзірленеді.

      60. Есеп айырысу-кассалық бөлімше бірнеше құқық иеленушісі бар үйде, ғимаратта (үйлер мен ғимараттар кешенінде) орналасқан жағдайларда, паспорт жасау олардың арасындағы жазбаша келісім бойынша: есеп айырысу-кассалық бөлімшенің барлық құқық иеленушілерімен немесе олардың бірімен бірлесіп жүзеге асырылады.

      61. Паспорттың жобасы есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы есеп айырысу-кассалық бөлімшені облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық объектілердің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) енгізу туралы тиісті хабарлама алған сәттен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде жасалады.

      62. Паспортты Нұсқаулықтың 61-тармағында көрсетілген мерзімде әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда (есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күрделілігін ескере отырып) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы терроризмге қарсы комиссияның аппаратына (бөліміне) паспортты жасау мерзімін ұзарту туралы негізделген өтініш жібереді.

      63. Әзірленген паспорттың жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде есеп айырысу-кассалық бөлімшенің орналасқан жері бойынша ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері басшыларымен келісіледі.

      Паспорт жобасын ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісу мерзімі паспортта көрсетілген лауазымды адамға паспорт келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Келісуші тұлғадан паспорттың жобасына ескертулер болған жағдайда, пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен, ал қайта қайтарылған кезде – 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      64. Келісілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде паспортты есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы (оның ішінде оны жаңарту кезінде) бекітеді.

      Бірлесіп жасаған кезде паспортты есеп айырысу-кассалық объектінің барлық құқық иеленушілері бекітеді.

      65. Объекті паспорттарын есепке алу номенклатуралық істер форматында жүзеге асырылады.

      66. Паспорттың түпнұсқасы әзірленіп, бекітілгеннен кейін оны есепке алуға, оның сақталуына және паспортты уақтылы жаңартуға жауапты тұлғада сақталуға тиіс. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеде паспортты есепке алуға, сақтауға және жаңартуға жауапты тұлға немесе қызметкерлер тобы тағайындалады.

      67. Паспорт:

      1) меншік құқығы,

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшысы;

      3) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің атауы;

      4) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің негізгі мақсаты өзгерген;

      5) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің жалпы ауданы мен периметрі, іргелес аумақта құрылыс салу өзгерген немесе егер конструкциясында өзгерістер жасалса, күрделі жөндеу, үйлерді (құрылыстар мен ғимараттарды) және инженерлік жүйелерді реконструкциялау аяқталғаннан кейін;

      6) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің ықтимал қауіпті учаскелері;

      7) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайда түзетіледі.

      68. Паспортқа түзетулер оны өзгерту үшін негіздер туындағаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде енгізіледі.

      Паспортты әзірлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мерзімдерін ұлғайту қажет болған кезде есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысы терроризмге қарсы комиссияға тиісті жолданыммен жүгінеді.

      Паспортта есепке алу, сақтау үшін жауапты қызметкер есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының немесе паспортқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен расталған өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы белгі қояды. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген паспорт ауыстырылуға тиіс.

      Бір мезгілде есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың электрондық нұсқасын ауыстыра отырып, паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.

      Паспорт:

      1) кемінде 5 (бес) жылда бір рет;

      2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстырылуға тиіс.

      69. Күші жойылған паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға тиіс.

      Акт есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде қалады.

      Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасын сақтау орны бойынша жіберіледі.

6-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлімшені инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      70. Есеп айырысу-кассалық бөлімше күзеттің бейне жүйесімен және хабарлау жүйелерімен жарақтандырылады.

      71. Есеп айырысу-кассалық бөлімшелерді жарақтандыру үшін мынадай инженерлік-техникалық құралдар пайдаланылады:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің периметрін жарақтандыру бойынша:

      бақылау-өткізу пункттері (бар болса);

      үйлер мен ғимараттардың нығайтылуы (есеп айырысу-кассалық бөлімшелер үйлері, ғимараттары қабырғаларының, оның терезе ойықтарының нығайтылуы);

      кіруді бақылау және басқару жүйелері;

      2) есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі жағдайды бақылау бойынша:

      байланыс жүйелері;

      күзет және дабыл сигнализациясы жүйелері (оның ішінде дабыл беру құралдары (дабыл түймелері);

      техникалық қарап-тексеру құралдары;

      3) қауіпсіздік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін:

      резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары.

      72. Бейнебақылау жүйесі есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі жағдайды бақылау мақсатында, сондай-ақ жағдайды бағалау және құқық бұзушылардың іс-әрекеттерін тіркеу үшін рұқсатсыз кіру фактісін көзбен шолып растау мақсатында орнатылады.

      73. Жеке тұрған үйлер (үйлер кешені) үшін:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшеге іргелес жатқан аумақтың периметрі;

      2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);

      3) бас және қосалқы кіру есіктері;

      4) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдар көп болуы мүмкін орындар;

      5) есеп айырысу-кассалық бөлімше ұйым басшысының қалауы бойынша басқа да үй-жайлар бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылады.

      Жапсарлас-жанастыра салынған үйлер үшін:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдар көп болуы мүмкін орындар;

      2) бас және қосалқы кіру есіктері (бар болса) бейнебақылау жүйесімен қамтылады.

      74. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төмен техникалық талаптарына сәйкес келеді.

      75. Бейнебақылау жүйесі:

      1) күзет қызметкерінің бекетінде орнатылған бейнебақылау камераларынан көрнекі ақпаратты техникалық құралға немесе алынған ақпаратты жинайтын, өңдейтін, көрсететін және тіркейтін техникалық құралдар жиынтығына беруді;

      2) автоматтандырылған режимде жұмыс істеуді;

      3) есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі жағдайды нақты уақыт режимінде бағалау мүмкіндігін;

      4) ақпаратты кемінде 30 (отыз) тәулік мерзімінде сақтауды;

      5) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалған тәртіппен және талаптармен ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосылуды қамтамасыз етеді.

      76. Бейнекамералар есеп айырысу-кассалық бөлімшенің тұтастай периметрін қамтиды, бақылау камераларының шолуына есеп айырысу-кассалық бөлімшенің барлық кіру-шығу және жапсарлас аумақ кіреді. Камералардың бейнесі анық көрінеді.

      77. Орталықтандырылған бақылау пульті күзет бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында немесе арнайы осы мақсатта жарақтандырылған есеп айырысу-кассалық бөлімшенің үй-жайларында орналастырылады.

      78. Есеп айырысу-кассалық бөлімше штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісінің жасалу қаупі немесе жасалуы және туындаған салдарлар туралы) және олардың іс-қимылдарын үйлестіру туралы қызметкерлер мен келушілерді жедел хабардар ету мақсатында хабардар ету жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      79. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлерін, келушілерін хабардар ету алдын ала әзірленген жоспарға сәйкес техникалық және жылжымалы байланыс құралдарының (сигнализацияның) көмегімен ішкі байланыс желілері бойынша жүзеге асырылады, ол мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:

      1) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің адамдар тұрақты немесе уақытша болатын үйлеріне, үй-жайларына, учаскелеріне дыбыстық (жарық) сигналдарын беру;

      2) қауіп сипаты, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің эвакуациялауды немесе үй-жайды (үй-жайларды) бұғаттауды жүзеге асыру қажеттілігі мен тәртібі, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын автоматты режимде де (бұрын жазылған мәтінді оқу), микрофонның көмегімен де трансляциялау. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің эвакуациялау және үй-жайларды бұғаттау туралы хабарлау жүйелерінің сигналдары әр түрлі болады.

      80. Эвакуация жүргізілген жағдайда оны жүргізу үшін қажетті есепті уақыт ішінде әрекет етуді қамтамасыз ету керек, сигналдардың саны және олардың қуаты адамдардың тұрақты немесе уақытша болатын барлық жерлерінде қажетті естілуін қамтамасыз етеді.

      81. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеде орнатылған дабыл беру құралы (дабыл түймесі) күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік береді.

      Дабыл беру құралы (дабыл түймесі) есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризм актісінің жасалу қаупі туралы Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын уақтылы хабардар ету мақсатында орнатылады.

      82. Дабыл беру құралымен (дабыл түймесі) міндетті түрде есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметкерінің бекеті және есеп айырысу-кассалық бөлімшеге кіру есігі (кіру есіктері) жабдықталады.

      83. Дабыл беру құралы (дабыл түймесі) аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне не күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті.

      84. Кіруді бақылау және басқару жүйесі өткізу режимін ұйымдастыру тәртібімен айқындалған кіру аймақтарын ескере отырып, есепайырысу-кассалық бөлімше аумағына және оның бір бөлігіне қызметкерлердің, есеп айырысу-кассалық бөлімшеге келушілердің кіруін қамтамасыз ету керек.

      85. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеге рұқсатсыз өткізуге тыйым салынған құралдар мен заттарды табу мақсатында күзет бекеттері техникалық тексеру құралдарымен жарақталады.

      86. Тексерудің техникалық құралдарына стационарлық және қол металл детекторлары, сондай-ақ тыйым салынған құралдар мен заттарды анықтауға ықпал ететін техникалық құралдар жатады.

      87. Есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының шешімі бойынша есеп айырысу-кассалық бөлімшеге есеп айырысу-кассалық бөлімшенің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға ықпал ететін қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылады.

      88. Есеп айырысу-кассалық бөлімшенің инженерлік-техникалық жабдығы жұмыс жағдайында ұсталады.

  Террористік тұрғыдан осал
екінші деңгейдегі банктердің
есеп айырысу-кассалық
бөлімшелерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшені терроризмге қарсы қорғау бойынша құжаттар тізбесі

      1. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеде терроризмге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық (функционалдық міндеттерін көрсете отырып) не лауазымдық нұсқаулық, оның ішінде есеп айырысу-касалық бөлімшені терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқамаларды өткізуге жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрық.

      2. Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс-шараларын есепке алу журналы.

      3. Бастапқы әрекет ету алгоритмдері:

      1) терроризм актісінің (актілері) жасалу қатері немесе жасалуы туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар ету бойынша;

      2) терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қаупі немесе жасалуы туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан ақпарат алған кезде;

      3) қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған бөлшектерді ұрлаудың, заңсыз сатып алудың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ олардың сақталатын орындары туралы аумақтық ішкі істер органдарын уақтылы хабардар ету бойынша.

      4. Террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге есеп айырысу-кассалық бөлімшенің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері.

      5. Күзет бөлімшелерінің, күзетшілердің (вахтерлердің) (ол болған кезде) кезекшілікті қабылдау, тапсыру, аумақты, үй-жайларды аралау журналы.

      6. Есеп айырысу-кассалық бөлімшені терроризмге қарсы қорғау паспорты, есеп айырысу-кассалық бөлімшені терроризмге қарсы қорғау паспортын есепке алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық.

      7. Өрт кезінде, терроризм актісінің қаупі және өзге де төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған жағдайда есеп айырысу-кассалық бөлімше қызметкерлері мен келушілерін эвакуациялау жоспарлары мен тәртібі.

      8. Жаттығуларды өткізу кестесімен ғимараттардан (құрылыстардан) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлері мен келушілерін қауіпсіз және уақтылы эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды, жаттығуларды өткізу туралы бұйрық.

      9. Террористік акт жасау қаупі төнген немесе ол жасалған кезде есеп айырысу-кассалық бөлімше қызметкерлерін қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға оқыту бағдарламалары, хаттамалары.

      10. Күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар (бірінші кіші түрдің күзет қызметін жүзеге асыруға, "күзет қызметінің барлық түрлері, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" лицензияларының көшірмелері), күзет сигнализациясы, бейнебақылау жүйелеріне, дабыл сигнализациясы түймелеріне қызмет көрсету.

      11. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде есеп айырысу-кассалық бөлімше басшысының іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық.

      12. Террористік қауіптілік деңгейін белгілеу кезінде есеп айырысу-кассалық бөлімше қызметкерлерін хабардар ету схемасы.

  Террористік тұрғыдан осал
екінші деңгейдегі банктердің
есеп айырысу-кассалық
бөлімшелерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Террористік тұрғыдан осал есеп айырысу-кассалық бөлімшеге өткізуге тыйым салынған заттар тізбесі

      1. Қару:

      1) атыс қаруы;

      2) травматикалық, газды және жарық-дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз;

      3) суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын әртүрлі пышақтар;

      4) лақтыратын қару;

      5) пневматикалық;

      6) газды;

      7) электрлік;

      8) белгі беру;

      9) зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару және құралдар;

      10) зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару мен құралдар;

      11) жоғарыда санамаланған қару түрлерін имитациялайтын құралдар;

      12) қару ретінде пайдаланылуы мүмкін құралдар (соққы-жару, лақтыру және тесу-кесу әрекеттері);

      13) қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері.

      2. Адам ағзасына жас ағызғыш, тітіркендіретін және басқа да жағымсыз әсер етумен жабдықталған механикалық және аэрозольдік бүріккіш және басқа да құрылғылар.

      3. Заттар:

      1) жарылғыш;

      2) улы;

      3) уландырғыш;

      4) радиоактивтік;

      5) ащы;

      6) пиротехникалық;

      7) оңай тұтанатын.

  Террористік тұрғыдан осал
екінші деңгейдегі банктердің
есеп айырысу-кассалық
бөлімшелерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Террироизмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактивкалық және оқыту іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары

      1. Оқу сабақтары (теориялық) тақырыптарының нұсқалары:

      Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнаманың негізгі талаптары;

      терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік;

      террористік қауіптің ықтимал көздері туралы хабарлау;

      террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге денсаулық сақтау объектілерінің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдерін тағайындау және олармен жалпы танысу.

      2. Нұсқаулық тақырыптарының нұсқалары:

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің әрбір қызметкерін терроризм актісін жасау немесе есеп айырысу-кассалық бөлімше аумағы шегінде оның жасалу қаупі жағдайында дербес мінез-құлық тәртібімен және іс-қимылдармен егжей-тегжейлі таныстыру;

      эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы білім алушыларды және есеп айырысу-кассалық бөлімшеге келушілерді таныстыру.

      3. Практикалық сабақтар тақырыптарының нұсқалары:

      есеп айырысу-кассалық бөлімше қызметкерлерінің, күзет қызметкерлерінің практикалық іс-қимылдарын пысықтау:

      1) иесіз заттар мен күдікті құралдарды табу мақсатында үй-жайларды қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша;

      2) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және миналау туралы хабар алған кездегі іс-әрекеттер;

      3) иесіз заттар, күдікті заттар табылған және есеп айырысу-кассалық бөлімшені миналау туралы хабар алынған кезде ішкі істер органдарын, уәкілетті органдарды хабардар ету тәртібі бойынша;

      4) персоналды және есеп айырысу-кассалық бөлімшеге келушілерді хабардар етуді ұйымдастыру бойынша;

      5) есеп айырысу-кассалық бөлімше персоналы мен келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша;

      6) адамдарды эвакуациялау кезіндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша.

  Террористік тұрғыдан
осал екінші деңгейдегі
банктердің есеп айырысу-
кассалық бөлімшелерінің
терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша

Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге есеп айырысу- кассалық бөлімшенің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері

1-бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөлімшеге келушілер мен қызметкерлерге қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

      1. Келушілердің әрекеттері:

      қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;

      құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, қызметкерлерді, есеп айырысу-кассалық бөлімше басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.

      2. Қызметкерлердің әрекеттері:

      құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, қызметкерлерді, есеп айырысу-кассалық бөлімше басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету;

      мүмкіндігінше келушілерді эвакуациялауды жүргізу;

      тасымалдауға келмейтін келушілерді зембілдердем қауіпсіз орынға ауыстыру;

      қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту.

      3. Есеп айырысу-кассалық бөлімше күзетінің әрекеттері:

      қарулы шабуылдаушыны анықтау;

      мүмкіндігінше есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға қарулы шабуыл жасау фактісі туралы ақпарат беру;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);

       жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

       4. Есеп айырысу-кассалық бөлімше басшылығының іс-әрекеттері:

      құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуылдың фактілері мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасау.

2-бөлім. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

      5. Келушілердің және қаржылық көрсетілетін қызметтердің әрекеттері:

      қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;

      құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабарлау.

      6. Есеп айырысу-кассалық бөлімше қызметкерлерінің әрекеттері:

      қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау;

      құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабарлау.

      7. Есеп айырысу-кассалық бөлімше күзетінің әрекеттері:

      қарулы қаскүнемді (қаскүнемдерді) анықтау;

      мүмкіндігінше оны/олардың есеп айырысу-кассалық бөлімшеде адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;

      адамдарды кепілге алуға оқталудың фактілері мен мән-жайлары туралы есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлау;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, қаскүнемдер жолындағы ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);

      жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету (тұтқынға түсуді болдырмау және басқалар).

      8. Есеп айырысу-кассалық бөлімше басшылығының әрекеттері:

      құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды және (немесе) үшінші тұлғаларды кепілге алуға әрекет жасау фактілері мен мән-жайлары туралы қолжетімді тәсілмен дереу хабардар ету;

      мүмкіндігінше есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар);

      мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

      9. Кепілге алу кезіндегі іс-әрекеттер:

      тыныштану, үрейленбеу. Баяу дауыспен сөйлеу;

      басқыншылардың көзіне қарамау, әдепсіз әрекет етпеу. Басқыншыларды дене күшін немесе қаруды қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;

      басқыншылардың талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, қобалжулар мен үрейге жол бермеу;

      қатты сынаққа физикалық және моральдық тұрғыдан дайындалу;

      басқыншыларға өшпенділік пен немқұрайлылық танытпау;

      басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) басқыншылардың барлық нұсқауларын орындау. Басқыншылардан кез келген іс-әрекет жасауға рұқсат сұрау;

      басқыншылардың назарын өз мінез-құлқымен аудармау, белсенді қарсылық көрсетпеу. Бұл жағдайды нашарлатады;

      егер қашудың сәттілігіне толық сенім болмаса, жүгіруге тырыспау;

      басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарақ, сыртқы келбеті, дене-бітімі, екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлқы);

      өзінің орналасқан (қамалған) жерін анықтауға тырысу;

      мүмкіндік болған жағдайда, кез келген қолжетімді байланыс тәсілін пайдалана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық таныта отырып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзет қызметіне хабарлауға тырысу;

      қандай болмасын, тағамды таңдамау. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі;

      жарақат алған жағдайда, өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу;

      ең бастысы, басқыншылар бақылауды тоқтатса да, үрейленбеу;

      терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өзінен алыс орналасу. Бұл үй-жайға шабуыл жасаған кезде, басқыншыларға тигізу үшін мергендердің ату жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет;

      арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      қабырғаға жабысып еденге төмен қарап жату, басты қолмен жауып қозғалмай жату;

      арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгірмеу немесе олардан қашпау;

      мүмкін болса, есіктер мен терезелердің саңылауларынан алыс болу керек;

      егер шабуыл жасау және басып алу кезінде (жеке басын анықтағанға дейін) ықтимал басқыншы сияқты біршама дұрыс әрекет етпесе, ашуланбау. Босатылған кепілге алынған адамды тінтуге, қолдарына кісен салуға, байлауға, эмоциялық немесе дене жарақатын келтіруге, жауап алуға болады. Бұған түсіністікпен қарау керек, өйткені мұндай жағдайларда арнайы күштердің мұндай әрекеттері (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) негізделген.

3-бөлім. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды қою кезіндегі іс-әрекет алгоритмі

      10. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:

      табылған затта сымдардың, арқандардың, изолентаның болуы;

      зат шығаратын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттың тықылдауы;

      заттан бадамның тән иісі немесе басқа ерекше иіс шығады;

      табылған заттың ерекше орналасуы;

      табылған затқа әр түрлі қуат көздері орнатылған, сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас сым.

      11. Келушілердің күдікті затты тапқан кездегі іс-әрекеттері:

      қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу;

      радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;

      мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;

      күдікті заттың табылғаны туралы күзетке, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің қызметкерлеріне не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына тығылу (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары);

      есеп айырысу-кассалық бөлімшенің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетін күдікті тұлға/тұлғалар туралы хабардар ету (Саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары);

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеден кету, мүмкін болмаған жағдайда – күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.

      12. Күдікті зат табылған кездегі персоналдың іс-әрекеттері:

      ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағы адамдардан сұрау;

      радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;

      мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;

      күдікті заттың табылғаны туралы күзетке, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      мүмкіндігінше күзетпен бөгде адамдардың күдікті зат пен қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;

      қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) артына жасырыну, бақылау жүргізу;

      күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзетін, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды хабардар ету;

      келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен күзетке жәрдем көрсету;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеден кету, мүмкін болмаған жағдайда -күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.

      13. Күдікті зат табылған кездегі күзеттің іс-әрекеттері:

      ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағы адамдардан сұрау;

      радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;

      мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;

      күдікті заттың табылғаны туралы күзетке, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      қажетті қашықтықта күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) артына жасырыну, бақылау жүргізу;

      күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда есеп айырысу-кассалық бөлімшенің күзетін, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды хабардар ету.

      14. Басшылықтың іс-әрекеттері:

      құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабардар ету;

      иесіз күдікті заттың табылған орнын қажетті қашықтықта қоршауды ұйымдастыру;

      адамдарды есеп айырысу-кассалық бөлімшеден эвакуациялауды ұйымдастыру, штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар;

      күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралап шығуды және аумақтарды қарауды қамтамасыз ету;

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты ұсыну.

      15. Жарылғыш құрылғы (ЖҚ) немесе ЖҚ-ға ұқсас зат табылған кезде аулақтану мен қоршап алудың қашықтықтары:

      граната РГД-5 – 50 м;

      граната Ф-1 – 200 м;

      салмағы 200 г тротил шашкасы – 45 м;

      салмағы 400 г тротил шашкасы – 55 м;

      сыра банкісі 0,33 л – 60 м;

      дипломат (кейс) – 230 м;

      жол чемоданы – 350 м;

      "жеңіл көлік" класындағы көлік – 460-580 м;

      автобус – 920 м;

      жүк көлігі (фургон) – 1240 м.

4-бөлім. Өзін-өзі өлтірушілерді қолданумен жасалған шабуыл кезіндегі әрекеттер алгоритмі

      16. Келушілердің және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың іс-әрекеттері:

      қорғану: ғимараттан байқатпай кету немесе үй-жайда жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келуін күту;

      құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.

      17. Персоналдың іс-әрекеттері:

      қорғану: ғимараттан байқатпай кету немесе үй-жайда жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту;

      құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.

      18. Күзеттің іс-әрекеттері:

      мүмкіндігінше оны/оларды есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;

      күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы есеп айырысу-кассалық бөлімшенің басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен ақпарат беру;

      есеп айырысу-кассалық бөлімшедегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар);

      қажет болған жағдайда есеп айырысу-кассалық бөлімше бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) күдікті адамның немесе адамдар тобының жүріп-тұруын байқауды ұйымдастыру;

      жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      19. Басшылықтың іс-әрекеттері:

      есеп айырысу-кассалық бөлімшеде күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға ақпаратты дереу беру (оның ішінде адал ниетпен әрекет ету);

      құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;

      адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

5-бөлім. Телефон арқылы қауіп-қатер төнген кездегі іс-әрекеттер алгоритмі

      20. Телефон арқылы келген қауіп-қатер алушының іс-әрекеті (басшы, қызметкер, кезекші бөлімшенің қызметкері):

      1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшеліктерін белгілеңіз:

      дауыс (анық немесе тұйық, төмен немесе жоғары);

      сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);

      айтылу (айқын, бұрмаланған, кекештену, сақау, акцентпен немесе диалектімен);

      сөзінің мәнері (шешіліп сөйлеу, кекетіп, әдепке сәйкес емес сөйлеу);

      2) дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңырау сипатына (қалалық, қалааралық) назар аударыңыз;

      3) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеңіз

      4) әңгімелесу барысында мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

      бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау соғып тұр?

      ол қандай нақты талаптар қояды?

      жеке өзі талап ете ме, әлде делдал ретінде әрекет ете ме және қандай да бір адамдар тобын білдіре ме?

      ол немесе олар қандай шарттарда өз жоспарларынан бас тартуға келіседі?

      онымен қалай және қашан байланысуға болады?

      бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?

      5) сіз және мектеп басшылығы шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-әрекет жасау үшін қоңырау шалушыдан барынша мүмкін болатын уақыт аралығын созу мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысыңыз;

      6) сөйлесу барысында немесе сөйлесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ұйым басшылығына телефон қатері туралы хабарлауға қажет.

  Террористік тұрғыдан осал
екінші деңгейдегі банктердің
есеп айырысу-кассалық
бөлімшелерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      Нысан

Терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналы _______________________________________________ (есеп айырысу-кассалық бөлімшенің атауы) (титул парағы)

      Журналды жүргізуді басталған күні 20__ жылғы "___" _____

      Журналды жүргізудің аяқталған күні 20__ жылғы "___" _____

      (ішкі жағы)

      1-бөлім. Нұсқамалар

р/с

Нұсқаманы
өткізу күні

Нұсқамадан өтушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және лауазымы

Нұсқаманың түрі

Нұсқама өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және лауазымы

Нұсқамадан өтушінің қолы

Нұсқама
өткізген
адамның қолы





























      Ескертпе:

      1) жоспарлы нұсқамалар барысында қызметкерлерге терроризм актісі болған жағдайда мүмкін болатын барлық жағдайларда әрекет ету алгоритмдері жеткізіледі, ал жоспардан тыс нұсқамалардың тақырыбы өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығулардың тақырыбына байланысты болады;

      2) терроризмге қарсы бағыттағы өткізілетін жоспарлы нұсқамаларды құжаттамалық ресімдеуді қолмен жазу тәсілімен де, аралас – қолмен және баспа тәсілімен де жүзеге асыруға жол беріледі. 3, 4 және 5-бағандарды баспа түрінде толтыруға жол беріледі (егер нұсқаманы сол бір қызметкер жүргізсе), журналдың қалған бағандарын нұсқаманы тыңдаған адам өзі толтырады;

      3) өткізу күні толық көрсетіледі (күні, айы және жылы);

      4) есеп айырысу-кассалық бөлімшенің персоналымен жоспардан тыс нұсқама жүргізу қажет болған кезде оны да осы журналда құжаттайды, ал "Нұсқаманың түрі" деген бағанда "№ шығыс хаты бойынша жоспардан тыс нұсқама", "Террористік қауіптілік деңгейі бойынша жоспардан тыс" деген жазба қоюға жол беріледі.

      2-бөлім. Сабақтар

Күні

Сабақтың тақырыбы

Оқу сұрақтары

Қатысқан қызметкерлердің саны

Сабақты өткізген адамның қолы
















      Ескертпе: Сабақтың тақырыбы мен оқу сұрақтары нақты көрсетілген және жалпы сипатта болмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады