"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 23 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 мамырда № 34349 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20909 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 80) тармақшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және онда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қордың зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау тапсырылған кезде, оларды таңдау тәртібі айқындалады.";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әртараптандыру - зейнетақы активтерінен айрылу тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген талаптарға сәйкес оларды түрлі қаржы құралдарына орналастыру;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады