"Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 мамырда № 34353 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      53-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "53. Аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрінің құжаттамасы:

      1) ұқсас жобалардың алдын ала ТЭН-і және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түріне сәйкес жүргізілген ұқсас жобалар бойынша аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф;

      2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың 15 (он бес) жылға тең мерзімі;

      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі;

      4) ҚР БЭЖ-дегі реттеуші электр қуатының тапшылығы аймағы ескеріле отырып дайындалады.";

      77-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "77. Графикте көрсетілетін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде немесе Графикте көрсетілген ақпаратқа сәйкес айқындалған жобаны іске асыру құнының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызға тең көлемінде айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады