БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларында:
4-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мансап орталығы өтініш берушінің келісімімен өтініш берушінің кірістерін уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерімен, мансап орталығының немесе ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ұсынған жазбаша құжаттармен, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттармен салыстырып тексереді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық кірісін есептеген кезде:
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;
3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған кіріс ескеріледі.
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) бекітілген Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын алынған кіріс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған кіріс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық кіріс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық кірісі қосылады;
4) тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі. Бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі;
5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі.
Адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы кірісі алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген кірістің сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патент құнын есептеуде декларацияланған табыс сомасын осындай есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте, егер декларацияда көрсетілген табыстың орташа сомасы айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда жиынтық кірісіне айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі сома ескеріледі.
Жиынтық кіріс алынған шаманы кірістің орташа сомасынан не есепке жатқызуға белгіленген кіріс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады, бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өтініш қабылдау кезінде мансап орталығы немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) мынадай мәліметтерді алу үшін дербес сұрау салуды қалыптастырады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) қандас мәртебесі туралы;
3) босқын мәртебесі туралы;
4) шетелдік мәртебесі туралы;
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
11) бала асырап алу туралы;
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) (некені бұзуды) тіркеу туралы;
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы;
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы;
25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы.
Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді.
Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мансап орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту, төлемін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату (мөлшерін өзгерту) туралы хабарлама береді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2024 жылғы 6 мамырдағы № 141 бұйрығына 1 қосымша |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана | Ауданы, қала |
1 | 2 |
1. Дала аймағы | |
|
1. Айыртау ауданы |
|
1. Біржан сал ауданы |
|
1. Қарабалық ауданы |
|
1. Ертіс ауданы |
2. Қуаң дала аймағы | |
|
1. Ақжайық ауданы |
|
1. Қобда ауданы |
|
1. Қамысты ауданы |
|
1. Есіл ауданы |
Астана қаласы | 1. Астана қаласы |
Қарағанды облысы |
1. Нұра ауданы |
Павлодар облысы |
1. Ақтоғай ауданы |
Абай облысы |
1. Бесқарағай ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Алтай ауданы |
3. Шөлейтті аймақ | |
Алматы облысы | 1. Қонаев қаласы |
Батыс Қазақстан облысы |
1. Бөкөйордасы ауданы |
Қостанай облысы |
1. Амангелді ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Ойыл ауданы |
Қарағанды облысы |
1. Шет ауданы |
Ұлытау облысы |
1. Жаңаарқа ауданы |
|
1. Абай ауданы |
4. Шөлді аймақ | |
Атырау облысы |
1. Жылыой ауданы |
Қызылорда облысы |
1. Арал ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Байғанин ауданы |
Маңғыстау облысы |
1. Бейнеу ауданы |
Түркістан облысы |
1. Созақ ауданы |
Жамбыл облысы |
1. Сарысу ауданы |
Алматы облысы | 1. Балқаш ауданы |
5. Тау eтeгі-шөлді-далалық аймақ | |
Алматы облысы |
1. Еңбекшіқазақ ауданы |
Жетісу облысы |
1. Ақсу ауданы |
Алматы қаласы | 1. Алматы қаласы |
Жамбыл облысы |
1. Байзақ ауданы |
Түркістан облысы |
1. Арыс ауданы |
Абай облысы | 1. Үржар ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы | 1. Зайсан ауданы |
Шымкент қаласы облысы | 1. Шымкент қаласы |
6. Оңтүстік Сібір таулы және тау eтeгі аймағы | |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Глубокое ауданы |
Абай облысы | 1. Ақсуат ауданы |
2024 жылғы 6 мамырдағы № 141 бұйрығына 2-қосымша |
|
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – "портал"), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | "Портал", мансап орталығына жүгінген кезде – мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні |
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні | ||
кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні | ||
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады | ||
мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут | ||
4 | Көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде/проактивті |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартқан жағдайда – оның себептерін жазбаша нысанда мансап орталығы немесе әкім арқылы, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу жолымен хабардар ету. |
6 | Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) мансап орталығында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін; |
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. | ||
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі. | ||
3) "порталда" – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). | ||
| Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мансап орталығына мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады : |
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін); | ||
2) қандас мәртебесі туралы; | ||
3) босқын мәртебесі туралы; | ||
4) шетелдік мәртебесі туралы; | ||
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы; | ||
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; | ||
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; | ||
8) мүгедектікті белгілеу туралы; | ||
9) баланың тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы (барлық балаларға); | ||
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; | ||
11) бала асырап алу туралы; | ||
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы; | ||
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; | ||
14) кірістер туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); | ||
15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы; | ||
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; | ||
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; | ||
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса); | ||
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; | ||
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы; | ||
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; | ||
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы; | ||
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы; | ||
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы; | ||
25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады; | ||
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе мансап орталығы тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. | ||
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы. | ||
Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі. | ||
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. | ||
Порталға: | ||
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде: | ||
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер | Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға: |
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы; | ||
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы; | ||
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы; | ||
4) Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы; | ||
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде; | ||
6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады. | ||
10 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www. enbek. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Өтініш беруші қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады. | ||
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды. | ||
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |