"Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 мамырда № 34363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартта:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Саяхатқа дайындық кезінде, оны жасау уақытында, транзитті қоса алғанда, Тұтынушы мыналарға:

      1) оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консульдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтiнiшпен жүгiнуге;

      2) уақытша болатын елге (жерге) кіру, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) шығу және онда болу қағидалары туралы, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасының ерекшеліктері, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және ерекше қорғауға алынған басқа да туристік көрсету объектілері, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;

      3) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру ұйымын таңдауға және сақтандыру сертификатын алуға;

      4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;

      5) туристерге келтiрiлетiн залалдар мен моральдық зиянды "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес өтеуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптармен және тәртіппен Шартты өзгерту, толықтыру және бұзуға;

      7) Орындаушыға Шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде тартқан шығындарын төлеген кезде, саяхат басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;

      8) шетелдік туристерге құқықтық және өзге көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;

      9) қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуге;

      10) шұғыл медициналық жәрдем алуға;

      11) Қазақстан Республикасының және уақытша болатын елдегі (жерде) заңнамамен анықталған құқықтарға құқылы.";

      8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

      __________________________________ _____________________________________

      (Орындаушының толық атауы)             (Тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты

                                                      (болған жағдайда)

      ____________________________________ _____________________________________

      (мекенжайы, телефоны, факсы)                   (мекенжайы, телефоны, факсы)

      ______________________________________ _________________________________".

                        (қолы)                               (қолы)

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. МАРЖИКПАЕВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады