Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 мамырда № 34371 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.67 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 11 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда жарамды.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және

      интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 14 мамырдағы
№ 158 бұйрығына
1-қосымша

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің (бұдан әрі – Шешім) 7-тармағы 7.1.67 тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін айқындайды.

      2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған, 300 000 (үш жүз мың) тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін құрақ қанты шикізатының (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1701 13; 1701 14 субпозициялар) нысаналы мақсатын растауды жүзеге асырады.

2-тарау. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатына растау алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыру жоспарланады;

      декларацияланатын тауардың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелері;

      құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оның өнеркәсіптік өңделуін жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген жағдайда ұсынылмайды).

      4. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығы не аудармашының қолының түпнұсқалылығы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды түрде куәландырылуы қажет.

      5. Өтінім берушінің бірінші басшысы не уәкілетті адам өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі.

      Өтінім және өтінімге қоса берілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күні беріле отырып қабылданады және тіркеледі және құжаттарды қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жолданады.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Құрылымдық бөлімше өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінімнің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге ұсынылған өтінімнің қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетілген хабарлама жібереді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады.

      Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінімде көрсетілген өтінім берушінің электрондық мекенжайына бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып еркін нысанда уәжді бас тартуды жолдайды.

      7. Өтінім оң қаралған жағдайда, құрылымдық бөлімше 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган басшысының не оның міндеттерін атқарушы адамның қолы қойылған тауарлардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды.

      Тауарлардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почтамен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      8. Шешімнің 7-тармағының 7.1.67 тармақшасына сәйкес тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын тек оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға жол беріледі. Шешімнің 7-тармағының 7.1.67 тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті пайдалана отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қант тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылуы және (немесе) сатылуы мүмкін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерге шығарылмайды.

      Шешімнің 7-тармағының 7.1.67 тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын пайдалануға және (немесе) иелік етуге шектеулер құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның қоймасына келіп түскенге дейін қолданыста болады, бірақ ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарлар шығарылған күнінен бастап 1 жылдан аспауы тиіс. Қабылдау актісінің немесе осындай тауарларды қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі тауарлардың ұйымның қоймасына келіп түскенін растайтын құжат болып табылады.

      9. Құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым және құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп береді.

      10. Өтінімді қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешіміне шағымданады.

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатына растау алуға арналған өтінім

      ______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.67 тармақшасына сәйкес _______________ тонна мөлшерінде Қазақстан Республикасы аумағында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды: 1701 13 және 1701 14 субпозициялары) әкелуге құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатына растау беруді сұрайды.

      Тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қанттың тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылатына және (немесе) өткізілетініне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды)


Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы)


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар өткізілетін кеден органы


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Мөлшері


Төлем валютасындағы бірліктің бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдейтін ұйым


      Басшы _________________________________ ___________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)       (қолы)

      20__ жылғы "____" ____________

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № ҚҚШМПТЕ-1 нысаны

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20___ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым және құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде.

Тауардың аты

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының коды

Өлшем бірлігі

Әкелінген тауардың мөлшері

Өңделген қанттың көлемі

Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым
атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық почтаның мекенжайы ___________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңба)

      ________________________________________

      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Құрақ қанты
шикізатын мақсатты пайдалану
туралы есеп" нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Құрақ қанты шикізатын мақсатты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      3. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында әкелінген тауардың мөлшері көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған өңделген қанттың көлемі көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым атауы көрсетіледі. Бұл бағанды құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым толтырады.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 14 мамырдағы
№ 158 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (келісімшарттың (шарттың) деректемелері, оның негізінде құрақ қанты шикізатын

      әкелу жүзеге асырылады)

      _______________________________________________________________сәйкес

      (құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оны өнеркәсіптік өңдеуді

      жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) деректемелері

      (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген

      жағдайда толтырылмайды))

      әкелінетін ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тауардың атауы, мөлшері, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны)

      өндірістік өңдеуге арналған.

      Министр _____________ ____________________________________

      (қолы)             (аты-жөні, тегі)

      Мөрдің орны

      20__ жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 14 мамырдағы
№ 158 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26904 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27525 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28712 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 290 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29551 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 1 маусымдағы № 212 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32679 болып тіркелген).

О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 мая 2024 года № 158. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 мая 2024 года № 34371

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 5.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 7.1.67 пункта 7 Решения Комиссии Таможенного союза от 27 ноября 2009 года № 130 "О едином таможенно-тарифном регулировании Евразийского экономического союза" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила подтверждения целевого назначения товаров согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) форму подтверждения целевого назначения товаров согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по перечню согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      3. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие после дня его официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 11 марта 2024 года и действует по 31 декабря 2024 года включительно.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 14 мая 2024 года № 158

Правила подтверждения целевого назначения товаров

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила подтверждения целевого назначения товаров (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" и подпунктом 7.1.67 пункта 7 Решения Комиссии Таможенного союза от 27 ноября 2009 года № 130 "О едином таможенно-тарифном регулировании Евразийского экономического союза" (далее – Решение) и определяют порядок подтверждения целевого назначения товаров.

      2. Уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса (далее – уполномоченный орган) осуществляет подтверждение целевого назначения ввозимого сахара-сырца тростникового (код Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза: субпозиции 1701 13; 1701 14), предназначенного для промышленной переработки в Республике Казахстан, в размере не более 300 000 (триста тысяч) тонн.

Глава 2. Порядок подтверждения целевого назначения товаров

      3. Для получения подтверждения целевого назначения сахара-сырца тростникового, предназначенного для промышленной переработки в Республике Казахстан, заявителем подается заявка на получение подтверждения целевого назначения товаров по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – заявка).

      К заявке прилагаются:

      копии контрактов (договоров), на основании которых планируется осуществить ввоз сахара-сырца тростникового;

      копии платежных документов, подтверждающих оплату декларируемого товара;

      копии контрактов (договоров) между организацией, осуществляющей ввоз сахара-сырца тростникового и организацией, осуществляющей его промышленную переработку (не предоставляется в случае ввоза сахара-сырца тростникового организацией, осуществляющей его промышленную переработку).

      4. Документы, составленные на иностранном языке, предоставляются с переводом на казахский либо русский язык. Верность перевода с одного языка на другой либо подлинность подписи переводчика необходимо нотариально засвидетельствовать в соответствии со статьей 80 Закона Республики Казахстан "О нотариате".

      5. Заявка, подписанная первым руководителем заявителя, либо уполномоченным лицом на основании соответствующего документа, подтверждающего полномочия, и прилагаемые к заявке документы предоставляются нарочно через канцелярию уполномоченного органа или в электронном виде на электронный адрес канцелярии уполномоченного органа.

      Заявка и прилагаемые к заявке документы принимаются и регистрируются в канцелярии уполномоченного органа в день их поступления с присвоением регистрационного номера и даты, и направляются в структурное подразделение уполномоченного органа, непосредственно осуществляющее рассмотрение документов (далее – структурное подразделение).

      При обращении заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявок и выдача подтверждений целевого назначения ввозимого товара осуществляются в ближайший следующий за ним рабочий день.

      6. Структурное подразделение в течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения заявки рассматривает и проверяет заявку на предмет полноты и соответствия требованиям настоящих Правил.

      В случае установления неполноты представленных сведений и (или) несоответствия заявки требованиям настоящих Правил, уполномоченный орган в срок, указанный в части первой настоящего пункта, направляет заявителю уведомление, в котором указывает, каким требованиям не соответствует представленная заявка. Уведомление направляется на электронный адрес, указанный заявителем в заявке.

      Срок для приведения заявки в соответствие требованиям настоящих Правил составляет 2 (два) рабочих дня.

      В случае, если в течение 2 (двух) рабочих дней заявитель не привел заявку в соответствие с требованиями настоящих Правил, уполномоченный орган направляет на электронный адрес заявителя, указанный в заявке, мотивированный отказ в произвольной форме с указанием конкретных причин отказа заявителю.

      7. В случае положительного рассмотрения заявки структурное подразделение в течение 3 (трех) рабочих дней готовит проект подтверждения целевого назначения товаров по форме согласно приложению 2 к настоящему приказу за подписью руководителя уполномоченного органа либо лица, исполняющего его обязанности.

      Подтверждение целевого назначения товаров направляется заявителю по почте заказным письмом с уведомлением о вручении либо представляется нарочно через канцелярию уполномоченного органа.

      8. Использование сахара-сырца тростникового, помещенного под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления с применением тарифной льготы в соответствии с подпунктом 7.1.67 пункта 7 Решения, допускается исключительно в соответствии с его целевым назначением. Сахар белый, полученный в результате промышленной переработки ввезенного с применением тарифной льготы сахара-сырца тростникового, предусмотренной подпунктом 7.1.67 пункта 7 Решения, может использоваться и (или) реализовываться исключительно на территории Республики Казахстан и не подлежит вывозу в иные государства-члены Евразийского экономического союза.

      Ограничения по пользованию и (или) распоряжению сахаром-сырцом тростниковым, помещенным под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления с применением тарифной льготы, предусмотренной подпунктом 7.1.67 пункта 7 Решения, действуют до момента его поступления на склад организации, осуществляющей промышленную переработку сахара-сырца тростникового, но не более 1 года со дня выпуска такого товара в соответствии с таможенной процедурой выпуска для внутреннего потребления. Документом, подтверждающим поступление товара на склад организации является копия акта приема или акта приема-передачи такого товара.

      9. Организация, осуществляющая ввоз сахара-сырца тростникового, и организация, осуществляющая промышленную переработку сахара-сырца тростникового, ежегодно в срок до 31 декабря отчетного года предоставляют в уполномоченный орган отчет о целевом использовании сахара-сырца тростникового по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      10. В случае несогласия с результатом рассмотрения заявки, заявитель обжалует решение уполномоченного органа в соответствии с пунктом 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам подтверждения
целевого назначения товаров
  Форма

Заявка на получение подтверждения целевого назначения товаров

      ________________________________________________________________________,
(полное наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица)

      просит выдать подтверждение целевого назначения на ввоз сахара-сырца
      тростникового (код Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности
Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС): субпозиций 1701 13
и 1701 14), предназначенного для промышленной переработки
в Республике Казахстан, в количестве _____________ тонн, согласно подпункту 7.1.67
пункта 7 Решения Комиссии Таможенного союза от 27 ноября 2009 года № 130
"О едином таможенно-тарифном регулировании Евразийского экономического союза".
Гарантирую, что сахар белый, полученный в результате промышленной переработки
ввезенного с применением тарифной льготы сахара-сырца тростникового, будет
использован и (или) реализован исключительно на территории Республики Казахстан,
а также не будет перенаправлен на территории других государств-членов
Евразийского экономического союза.
В соответствии с частью 1 статьи 2 Предпринимательского кодекса Республики
Казахстан уведомлен, что предпринимательская деятельность осуществляется
от имени, за риск и под имущественную ответственность предпринимателя.

Заявитель


Вид деятельности (код по общему классификатору видов экономической деятельности)


Адрес местонахождения (юридический адрес) заявителя


Телефон, электронная почта заявителя


Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер заявителя


Номер контракта (договора)


Дата контракта (договора)


Таможенный орган, через который будет произведен ввоз товара


Код ТН ВЭД ЕАЭС


Наименование товара


Единица измерения


Количество


Цена за единицу в валюте платежа


Сумма в валюте платежа


Производитель


Страна-производитель


Организация, осуществляющая промышленную переработку сахара-сырца тростникового


      Руководитель __________________________________ _________
(фамилия, имя, отчество (при наличии)) (подпись)
"____" __________ 20___ года

  Приложение 2
к Правилам подтверждения
целевого назначения товаров
  Форма

      Форма, предназначенная для сбора административных данных
Представляется: в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
Форма административных данных размещена на интернет-ресурсе: www.gov.kz

Отчет о целевом использовании сахара-сырца тростникового

      Индекс формы административных данных: № 1-ОЦИССТ
Периодичность: ежегодный
Отчетный период: 20__ год
Круг лиц, представляющих информацию: организация, осуществляющая
промышленную переработку сахара-сырца тростникового, и организация,
осуществляющая ввоз сахара-сырца тростникового.
Срок представления формы административных данных:
ежегодно в срок до 31 декабря отчетного года.

Наименование товара

Код Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Единица измерения

Количество ввезенного товара

Объем переработанного сахара

Наименование организации, осуществляющей промышленную переработку сахара-сырца тростникового

1

2

3

4

5

6

7

      Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных
данных "Отчет о целевом использовании сахара-сырца тростникового" приведено
в приложении к настоящей форме.
Наименование _______________________________________________________
Адрес ______________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Адрес электронной почты _____________________________________________
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
______________________________________
(подпись/электронная цифровая подпись)
______________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))

  Приложение к форме,
предназначенной для сбора
административных данных
"Отчет о целевом использовании
сахара-сырца тростникового"

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет о целевом использовании сахара-сырца тростникового"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение определяет единые требования по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет о целевом использовании сахара-сырца тростникового" (далее – Форма).

      2. Форма подписывается руководителем, либо лицом, исполняющим его обязанности, с указанием его фамилии и инициалов.

      3. Форма заполняется на государственном и русском языках.

Глава 2. Пояснение по заполнению Формы

      4. В графе 1 Формы указывается порядковый номер.

      5. В графе 2 Формы указывается наименование товара.

      6. В графе 3 Формы указывается код Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза.

      7. В графе 4 Формы указывается единица измерения.

      8. В графе 5 Формы указывается количество ввезенного товара.

      9. В графе 6 Формы указывается объем переработанного сахара, полученного в результате промышленной переработки ввезенного с применением тарифной льготы сахара-сырца тростникового.

      10. В графе 7 Формы указывается наименование организации, осуществляющей промышленную переработку сахара-сырца тростникового. Данная графа заполняется организацией, осуществляющей ввоз сахара-сырца тростникового.

  Приложение 2 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 14 мая 2024 года № 158
  Форма

Подтверждение целевого назначения товаров

      Ввозимые ___________________________________________________________,
(полное наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество (при наличии)
физического лица, индивидуальный идентификационный номер/
бизнес-идентификационный номер)
согласно ____________________________________________________________
(реквизиты контракта (договора), на основании которого осуществляется ввоз
сахара-сырца тростникового)
____________________________________________________________________
(реквизиты контрактов (договоров) между организацией, осуществляющей ввоз
сахара-сырца тростникового и организацией, осуществляющей его промышленную
переработку (не заполняется в случае ввоза сахара-сырца тростникового организацией,
осуществляющей его промышленную переработку))
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(наименование товара, количество, стоимость в валюте контракта (договора))
предназначены для промышленной переработки.
Министр _____________ ____________________________________
(подпись) (фамилия, инициалы)
Место печати
"____" ____________ 20___ года

  Приложение 3 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 14 мая 2024 года № 158

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

      1. Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 февраля 2022 года № 47 "О некоторых вопросах ввоза сахара белого и сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 26904).

      2. Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 апреля 2022 года № 104 "О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 февраля 2022 года № 47 "О некоторых вопросах ввоза сахара белого и сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 27525).

      3. Приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 июля 2022 года № 213 "О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 февраля 2022 года № 47 "О некоторых вопросах ввоза сахара белого и сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 28712).

      4. Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 290 "О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 февраля 2022 года № 47 "О некоторых вопросах ввоза сахара белого и сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 29551).

      5. Приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2023 года № 212 "О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца тростникового на территорию Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 32679).