Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 ақпанда № 26904 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.05.2024 № 158 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 214 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23610 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Ауыл шаруашылығы министрі
  2022 жылғы 22 ақпандағы
  № 47 бұйрығына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды

Квота мөлшері, тонна

Қолданылу мерзімі

Ақ қант

1701 99 100

350 000

2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап
2022 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Құрақ қанты шикізаты

1701 13
1701 14

  Қазақстан Республикасының
  Ауыл шаруашылығы министрі
  2022 жылғы 22 ақпандағы
  № 47 бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.37) тармақшасына сәйкес әзірленді және тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге квоталарды бөлу тәртібін айқындайды. 

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2022 № 104 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) квота – тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қанттың және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының тіркелген көлемі, ол Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік әкелу бажын төлеуден босатылады;

      2) тауар:

      ақ қант – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант;

      құрақ қанты шикізаты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы құрақ қанты шикізаты.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2022 № 104 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу тәртібі

      3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант пен өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады.

      Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 сәуірден 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады.

      Уәкілетті орган 2022 жылғы 7 шілдеден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 7 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге квоталар көлемін бөлуге қатысуға арналған өтінімдердің қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады:

      бөлінетін квота көлемінің 85%-ы – өтінім беруші қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге;

      бөлінетін квота көлемінің 15%-ы – өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты ("экстра" санаты) әкелуге.

      Осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім беруші қант зауытына арналған лимит жиынтық көлемде 30 000 (отыз мың) тоннадан аспайды.

      Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3 300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды.

      Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3 300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды.

      Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;

      2) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

      3) квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі.

      Өтінім берушілердің өтінімдер ұсынатын соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1. Тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) негізінде тауарларды әкелуді жүзеге асыру жоспарланатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;

      2) өтінім берушіде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге мәлімделген көлемнің 100%-ы мөлшерінде қаражатының бар екенін растау (банктен қаражаттың бар екендігі туралы растаухат: өтінім берілген күнге шоттан үзінді-көшірме, жеткілікті көлемде ашық кредиттік желінің болуы);

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын не аудармашының қолының түпнұсқалығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландыруы қажет.

      5.  Өтінім берушінің бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі.

      Өтінім және өтінімге қоса берілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесінде келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, қабылданады және тіркеледі, өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жолданады.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Департамент өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған өтінім қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады.

      Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға өтінімді одан әрі қараудан нақты бас тарту себептері көрсетілген уәжді бас тартуды жолдайды.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөледі.

      8. Уәкілетті орган тауарды әкелуге арналған квоталар көлемін мынадай тәртіппен бөледі:

      1) өтінім берушілер үшін тауар әкелуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;

      2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;

      3) егер жалпы мәлімделген көлем квотаның көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне пропорционалды мынадай формула бойынша есептеледі:

      Vz= V * Uz,

      мұнда:

      Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна;

      V – квотаның жиынтық көлемі, тонна;

      Uz – өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы, %;

      4) Егер жалпы мәлімделген көлем квота көлемінен аз болса, квота берілген өтінімдерге сәйкес өтінім берушілер арасында бөлінеді.

      9. Қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

      V = V1 х 0,98,

      мұнда:

      V – қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ қанты шикізатын әкелу көлемі;

      V1 – Қазақстан Республикасына құрақ қанты шикізатын әкелудің нақты көлемі;

      0,98 – түзету коэффициенті.

      10. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша Департамент 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының қолы қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды.

      Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге почта арқылы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол ұсынылады.

      11. Уәкілетті орган интернет-ресурста квоталарды бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, квоталардың бөлінген көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.

      Уәкілетті орган сондай-ақ бөлінбеген ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталардың көлемі туралы мәліметтерді орналастырады.

      12. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемі олар таусылғанға дейін бөлінеді.

      13. Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың саны және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар туралы жиынтық ақпарат жолдайды.

      14. Өтінім беруші ішкі тұтынуға үшін кедендік процедураға жататын жеңілдік қолданылатын тауар декларациясы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ЕАЭО СЭҚ ТН кодын заттай және құндық мәнде көрсете отырып, ақ қанттың және құрақ қанты шикізатының нақты әкелген көлемі туралы еркін нысандағы ақпаратты ұсынады.

      14-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілер (өтінім беруші осы Қағидалардың 14-тармағына сай ақпарат ұсынбаған жағдайда) 2022 жылғы 14 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті органға бөлінген квотаның нақты игерілгені туралы растаухат жібереді. Бөлінген квота игерілмеген не бөлінген квота толық игерілмеген жағдайда, растаухат келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі қоса беріле отырып жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының үшінші және бесінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілер уәкілетті органға квота алған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күн ішінде келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесін немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесін немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесін жібереді.

      Келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұрын бөлінген квота көлемінің күшін жояды. Бөлінген квота көлемінің күші жойылғаны туралы хабарламаны уәкілетті орган 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайына жібереді.

      Осы Қағидалардың 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган күшін жойған квоталар көлемі өтінім берушілер арасында тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге қайта бөлінеді.

      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 05.07.2022 № 213 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      15. Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін алынған квоталар көлемі шеңберінде әкеліне алады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек ______________________________________ арналған (әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта өткізу үшін немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіру үшін) _____________ тонна мөлшеріндегі ақ қантты әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін ақ қанттың нысаналы мақсатын растауды сұрайды.

      Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды)


Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы)


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар әкелінетін кедендік орган


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлем валютасындағы бірлік бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


      Басшысы ____________________________________ ______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)       (қолы)

      2022 жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасының
  аумағына ақ қантты және құрақ
  қанты шикізатын әкелуге
  квоталарды бөлу қағидаларына
  2-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға арналған өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 290 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_________________ _______________________________, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларының _______________ тонна мөлшеріндегі, "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.37) тармақшасына сәйкес қантқа алмастырғанда _______________ тонна мөлшеріндегі өнеркәсіптік өндеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатын растауды сұрайды.

      Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды)


Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы)


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар әкелінетін кеден органы


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлем валютасындағы бірлік бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


      Басшысы _________________________________ ___________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      2022 жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасының
аумағына ақ қантты және құрақ
қанты шикізатын әкелуге
квоталарды бөлу қағидаларына
3-қосымша
 Нысан

Әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.04.2022 № 104 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________________сәйкес
(негізінде ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылатын келісімшарттың (шарттың) деректемелері)


      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________ ___________________________________________________________әкелетін,
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тауарлары
(тауардың атауы, саны, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны)
___________________________________________________________________
__________________________________________________________ арналған.
(әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер
өндіруге немесе өнеркәсіптік өңдеуге)
Министр _____________ ____________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Мөр орны
2022 жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасының
  аумағына ақ қантты және құрақ
  қанты шикізатын әкелуге
  квоталарды бөлу қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Тауарлардың саны және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар туралы жиынтық ақпарат

Сыртқы сауда қызметіне қатысушының атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Саны

Өлшем бірлігі

Келісімшарттың (шарттың) деректемелері

Ескерту

1

2

4

5

6

7

8

9

10











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады