Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.05.2024 № 158 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 сәуірге дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қант пен өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады.
Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 сәуірден 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады.
Уәкілетті орган 2022 жылғы 7 шілдеден кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 7 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге квоталар көлемін бөлуге қатысуға арналған өтінімдердің қабылданатыны туралы хабарландыру орналастырады:
бөлінетін квота көлемінің 85%-ы – өтінім беруші қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге;
бөлінетін квота көлемінің 15%-ы – өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты ("экстра" санаты) әкелуге.
Осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім беруші қант зауытына арналған лимит жиынтық көлемде 30 000 (отыз мың) тоннадан аспайды.
Уәкілетті орган 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квоталар көлемін бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.
Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3 300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды.
Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім берушіге ең аз мәлімделген көлем жиынтық көлемде кемінде 3 300 (үш мың үш жүз) тоннаны құрайды.
Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) өтінім берушілер арасында бөлінетін квота көлемі;
2) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
3) квота алу үшін қажетті құжаттар тізбесі.
Өтінім берушілердің өтінімдер ұсынатын соңғы күні хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) негізінде тауарларды әкелуді жүзеге асыру жоспарланатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;
2) өтінім берушіде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге мәлімделген көлемнің 100%-ы мөлшерінде қаражатының бар екенін растау (банктен қаражаттың бар екендігі туралы растаухат: өтінім берілген күнге шоттан үзінді-көшірме, жеткілікті көлемде ашық кредиттік желінің болуы);";
14-1 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілер (өтінім беруші осы Қағидалардың 14-тармағына сай ақпарат ұсынбаған жағдайда) 2022 жылғы 14 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті органға бөлінген квотаның нақты игерілгені туралы растаухат жібереді. Бөлінген квота игерілмеген не бөлінген квота толық игерілмеген жағдайда, растаухат келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі қоса беріле отырып жіберіледі.
Осы Қағидалардың 3-тармағының үшінші және бесінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтінім берушілер уәкілетті органға квота алған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күн ішінде келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесін немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесін немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесін жібереді.
Келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұрын бөлінген квота көлемінің күшін жояды. Бөлінген квота көлемінің күші жойылғаны туралы хабарламаны уәкілетті орган 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайына жібереді.
Осы Қағидалардың 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган күшін жойған квоталар көлемі өтінім берушілер арасында тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты және өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге қайта бөлінеді.
15. Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін алынған квоталар көлемі шеңберінде әкеліне алады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 290 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері және қолданылу мерзімі
Тауардың атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды | Квота мөлшері, тонна | Қолданылу мерзімі |
Ақ қант | 1701 99 100 | 350 000 |
2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап |
Құрақ қанты шикізаты |
1701 13 |
Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант әкелуге квоталар бөлуге қатысуға арналған өтінім
________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек ______________________________________ арналған (әкелу мақсаты көрсетілсін: ішкі нарықта өткізу үшін немесе құрамында қанты бар өнімдер өндіру үшін) _____________ тонна мөлшеріндегі ақ қантты әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін ақ қанттың нысаналы мақсатын растауды сұрайды.
Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.
Өтінім беруші | |
Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) | |
Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы) | |
Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы | |
Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |
Келісімшарттың (шарттың) нөмірі | |
Келісімшарттың (шарттың) күні | |
Тауар әкелінетін кедендік орган | |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | |
Тауардың атауы | |
Өлшем бірлігі | |
Саны | |
Төлем валютасындағы бірлік бағасы | |
Төлем валютасындағы сома | |
Өндіруші | |
Өндіруші ел |
Басшысы ____________________________________ ______________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
2022 жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға арналған өтінім _________________ _______________________________, (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларының _______________ тонна мөлшеріндегі, "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімі 7-тармағының 7.1.37) тармақшасына сәйкес қантқа алмастырғанда _______________ тонна мөлшеріндегі өнеркәсіптік өндеуге арналған құрақ қанты шикізатын әкелуге квота бөлуді, сондай-ақ әкелінетін құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатын растауды сұрайды.
Жеңілдік қолданыла отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.
Өтінім беруші | |
Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды) | |
Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы) | |
Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы | |
Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |
Келісімшарттың (шарттың) нөмірі | |
Келісімшарттың (шарттың) күні | |
Тауар әкелінетін кеден органы | |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | |
Тауардың атауы | |
Өлшем бірлігі | |
Саны | |
Төлем валютасындағы бірлік бағасы | |
Төлем валютасындағы сома | |
Өндіруші | |
Өндіруші ел |
Басшысы _________________________________ ___________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
2022 жылғы "____" ____________