"Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 16 мамырдағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 мамырда № 34375 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ 165 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 457 бұйрығымен
бекітілген

Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) астық нарығы жөніндегі оператор – астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;

      3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі – белгілі бір уақытқа эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипатын және "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына сәйкес өзге де мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың ұстаушылары туралы мәліметтер жиынтығы;

      4) бағдарлама – агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу және лизинг кезінде облигациялар бойынша купондық сыйақы бағдарламасы;

      5) есепті жыл – эмитентке субсидиялар аудару жүзеге асырылатын 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтізбелік жыл;

      6) келісім – эмитент пен жұмыс органы арасында қағаз түрінде жасалатын, субсидияларды аудару тәртібі мен шарттарын көздейтін жазбаша келісім;

      7) кредит – қарыз алушыға қарыз шарты бойынша ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз ету шарттарында берілетін ақшалай қаражат;

      8) кредиттік серіктестік – жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банктік қызметтерге олардың ақшасын шоғырландыру жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

      9) қарыз алушы – кредит/лизинг алу туралы қарыз шартын жасаған және қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және лизингке берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асыратын және қарыз шарты бойынша өзіне міндеттемелер қабылдаған эмитентпен жасаған жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);

      10) қор биржасы – дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып, оларды тікелей өткізу жолымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) қысқа мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік серіктестіктерді және түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар үшін мөлшері жылдық 5 (бес)%-тен аспайтын, кредиттік серіктестіктер мен екінші деңгейдегі банктер үшін жылдық 3 (үш)%-тен аспайтын сыйақы мөлшерлемесі.

      12) лизинг – лизинг алушыға белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда қаржы лизингі шарты бойынша бір жылдан астам мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін жылжымалы/жылжымайтын мүлік;

      13) облигациялар бойынша купондық сыйақы – облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигациялар бойынша сыйақы;

      14) облигациялар шығару проспектісі (бұдан әрі – Проспект) – эмитент, оның қаржылық жағдайы, облигацияларды сатуға болжанатын, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сыйақы мөлшерлемесін төлеу, өтеу тәртібі мен рәсімі туралы мәліметтерді және әлеуетті ұстаушының облигацияны сатып алу туралы шешіміне әсер етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      15) облигациялық қарыз – эмитент шығарған, жариялаған және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы мен (немесе) Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген облигациялар;

      16) облигация ұстаушы – Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген, облигациялар бойынша құқықтары бар заңды тұлға;

      17) сыйақы мөлшерлемесі – облигациялар шығару аңдатпасында көзделген және эмитент облигацияларды орналастыру салдарынан алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуге жататын пайызбен көрсетілген сыйақы мөлшері;

      18) түпкілікті қарыз алушы – кредиттік серіктестікпен қарыз шартын жасасқан кредиттік серіктестікке қатысушы;

      19) ұзақ мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, қарыз алушылар мен түпкілікті қарыз алушылар үшін мөлшері жылдық 6 (алты) %-тен аспайтын, кредиттік серіктестіктер мен екінші деңгейдегі банктер үшін жылдық 3 (үш) %-тен аспайтын сыйақы мөлшерлемесі;

      20) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға.

      3. Облигациялық қарыз шарттары өзгерген жағдайда, субсидия мөлшері эмитент пен жұмыс органы арасында қағаз түрінде қосымша келісім жасасу арқылы ұлғаю және азаю жағына қайта қаралуы мүмкін.

      4. Субсидиялар эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақының бір бөлігін немесе толық мөлшерін төлеу бойынша эмитенттің шығындарын өтеуге арналған.

      5. Эмитент есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде жұмыс органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.

2-тарау. Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау тәртібі

1-параграф. Субсидиялар алу тәртібі

      6. 2018 жылғы 1 қарашаға дейін тартылған жалпы сомасы 120 миллиард теңге облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттармен жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың жалпы сомасынан жылдық 4,07% (төрт бүтін жүзден жеті) құрайды;

      2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      7. 2018 жылғы 1 қарашадан кейін тартылған жалпы сомасы 450 миллиард теңге облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттармен жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың жалпы сомасының бір бөлігінен 279,4 миллиард теңге мөлшерінде жылдық 4,07% (төрт бүтін жүзден жеті) құрайды;

      2) субсидиялау облигациялық қарыздың жалпы сомасы бөлігінің 170,6 миллиард теңге мөлшерінде жылдық 9,9% (тоғыз бүтін оннан тоғыз) құрайды;

      3) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      8. Астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған жалпы сомасы 40 миллиард теңгеге облигациялық қарызы бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың жалпы сомасының жылдық 10,5% (он бүтін оннан бес) құрайды;

      2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      9. 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін тартылған астық нарығы бойынша оператор болып табылатын эмитенттің облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау әрбір облигациялық қарыз сомасынан төлемнің әрбір кезеңіне арналған сыйақы мөлшерлемесінің толық мөлшерін құрайды;

      2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      10. Эмитенттің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тартылған қысқа мерзімді облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың купондық сыйақысы мөлшерінен сыйақы мөлшерлемесінің толық мөлшерін құрайды;

      2) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      Бұл ретте купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылатын жарияланған облигацияларды қайта қаржыландыру мақсатында шығарылған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі.

      11. Субсидиялау Проспект, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигацияларды бастапқы орналастыру күніне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

      12. Субсидиялар эмитент облигациялар шығарған күннен бастап облигациялар айналысы кезеңі аяқталған күнге дейін есептеледі.

      13. Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау кестесін жөніндегі қаржыландыру жоспарын жұмыс органы Проспект талаптарына сәйкес бекітеді.

      Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау кестесін әзірлеу кезінде эмитенттің облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу күні қор биржасының, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы қор биржасының деректеріне сәйкес облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдердің басталған күні болып есептеледі.

      14. Субсидиялау мерзімдері, облигациялық қарыздың бір бөлігінің және (немесе) жалпы сомасының пайызы және субсидиялау сомасы эмитенттің купондық сыйақыны субсидиялауға қажеттілігі осы Қағидалар мен келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгерген кезде өзгертілетін болады.

      15. Субсидиялау келесі процестерді қамтиды:

      1) эмитенттің келісім жасасуға ұсынысын (бұдан әрі – ұсыныс) қабылдауды;

      2) жұмыс органының келісім жасасу туралы шешім қабылдауы;

      3) келісім жасасуды;

      4) субсидиялауға өтінім беруді;

      5) субсидия төлеуді;

      6) келісімді өзгертуді.

2-параграф. Ұсыныстарды қарау және шешім қабылдау келісім жасасу тәртібі

      16. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша облигациялар бойынша ұсынысты эмитент облигацияларды бастапқы орналастыру күніне Проспектің, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен үзінді көшірмелерді қоса бере отырып ұсынады.

      17. Жұмыс органы ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мыналарды жүзеге асырады.

      1) ұсынысты жұмыс органының кеңсесінде тіркеуді;

      2) ұсыныстың осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген шарттарға сәйкестігін тексеруді;

      3) келісім жасасу туралы шешім қабылдау және ресімдеу және бұл туралы эмитентті хабардар етуді.

      18. Келісім жасасу туралы жұмыс органының шешіміне жұмыс органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      19. Жұмыс органының келісім жасасу туралы шешіміне мыналар кіреді:

      1) ұсынысы бойынша келісім жасасу туралы шешім қабылданған эмитенттің атауы мен орналасқан жері;

      2) облигациялық қарыз сомасы;

      3) субсидиялау мерзімі;

      4) субсидиялау мөлшерлемесі;

      5) жылдар бойынша бөлінісіндей субсидиялардың жалпы сомасын қамтиды.

      20. Ұсыныс осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда жұмыс органы келісім жасасудан жазбаша түрде бас тартады.

      21. Келісім жасасу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісім жасалады.

      Эмитент пен жұмыс органы арасында бірнеше келісімдер жасасуға жол беріледі.

3-параграф. Субсидиялауға өтінім беру және субсидиялар төлеу тәртібі

      22. Жұмыс органы субсидиялауға өтінім алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:

      1) субсидиялауға арналған өтінімді жұмыс органының кеңсесінде тіркеуді жүзеге асырады;

      2) субсидиялауға өтінім сомасының келісімде көрсетілген сомаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      3) субсидиялауға арналған өтінім сомасы келісімге сәйкес келген жағдайда, эмитенттің банк шотына субсидиялар аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған шотты қалыптастырады және төлеуге жібереді;

      4) субсидиялауға өтінім сомасы келісімге сәйкес келмеген жағдайда эмитентті субсидиялар беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын жасалған келісімге сәйкес эмитенттің банктік шотына купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.

      Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидияларды аудару есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударылады.

      Эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.

      Жұмыс органы шығарылған мерзімі 12 (он екі) айды қоса алғанға дейін құрайтын облигациялар бойынша купондық сыйақының 100% (жүз процент) жасалған келісімге сәйкес, облигациялар бойынша тіркеуге жататын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.

      Эмитент субсидия қаражатын алғаннан кейін қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді облигациялар есебінен қарыз алушыларға қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит береді. Бұл ретте, көрсетілген қысқа мерзімді облигациялар есебінен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға жол беріледі.

      24. Субсидиялар игерілмеген жағдайда, қарыз алушыларды қаржыландырудың қажеттілігі болмағанда, игерілмеген субсидиялар қаражатының қалдығын эмитенттің қайтаруына жол беріледі.

4-параграф. Келісімді өзгерту тәртібі

      25. Облигациялық қарыз шарттары (купондық сыйақыны төлеу, облигациялардың айналыс мерзімін ұзарту және (немесе) купондық сыйақыны төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну мерзімдері) өзгерген жағдайда, эмитент 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы қабылданған шешімнің және облигациялық қарызды, купондық сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған графигінің көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыс органын хабардар етеді.

      26. Жұмыс органы облигациялық қарыз шарттарының өзгергені туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) облигациялық қарыздың өзгертілген шарттарының осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      2) ұсынылатын өзгерістер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, келісімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды және ресімдейді және бұл туралы эмитентті жазбаша хабардар етеді.

      27. Эмитент пен жұмыс органы арасындағы графигі жаңартылған субсидиялау келісіміне өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім жұмыс органы келісімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалады.

3-тарау. Ұзақ мерзімді облигациялық купондық сыйақыны қарыздар бойынша субсидиялау шарттары

      28. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және лизинг беру кезінде айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан асатын эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялары (бұдан әрі – ұзақ мерзімді облигациялар) бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жеке бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

      29. Эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      1) субсидиялау облигациялық қарыздың купондық сыйақысының толық мөлшерін құрайды;

      2) субсидиялаудың шекті мөлшері есепті жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің жиынтық мәнінен плюс 1,5%-тен (бір бүтін оннан бестен) аспайды;

      3) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.

      30. Эмитентті субсидиялау сомасын есептеу үшін қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшері облигациялық қарыз айналысының бүкіл мерзіміне өзгеріссіз қалады.

      31. Бағдарламаны іске асыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      32. Субсидиялау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаражат тарту жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      33. Ұзақ мерзімді облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау кестесін жұмыс органы бекітеді.

      34. Осы тарау шеңберіндегі субсидиялау процесі осы Қағидалардың 15, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      35. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс қабылдауды жұмыс органы есептік жылдың 5 қаңтарынан бастап жүзеге асырады.

      36. Есептік жылы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидияларды аудару эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.

      37. Эмитент субсидиялар қаражатын алғаннан кейін, осы Қағидаларғк 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және (немесе) қаржылық лизингі берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес кредит/лизинг шарттарын жасасу жолымен ұзақ мерзімді облигациялар қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыз алушыларды кредиттер және лизинг түрінде қаржыландыруды жүргізеді.

      38. Субсидиялар қаражатының игерілмеген қалдығы қалыптасқан жағдайда, есептік жылғы субсидиялардың қалдығы келесі жылға ауысады. Бұл ретте, келесі жылға субсидиялар алуға өтінім эмитент игермеген өткен жылғы субсидиялар ескеріле отырып беріледі.

      Игерілмеген субсидиялар қаражаты қалдығының қайтарылуы қарыз алушылардың қаржыландыруға қажеттілігі болмаған кезде жүзеге асырылады.

      39. Болашақ қаржы кезеңдерінің субсидияларының сомалары мен мерзімдерін нақтылау эмитент жұмыс органына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаражат тарту жоспары негізінде субсидияларды нақты пайдалану туралы жыл сайынғы есепті ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      40. Облигациялық қарыз шарттары өзгерген жағдайда, келісімге өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім осы Қағидалардың 25, 26 және 27-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасалады.

      41. Кейіннен, алдағы жылға арналған субсидиялар қаражатын алу үшін, есептік жылдың соңында эмитент қаражат тарту жоспарын және облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығын ескере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастырады.

      42. Эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда, бұрын жасалған келісімдер бойынша субсидиялар қосымша келісімдерге қол қою арқылы құқық мирасқорына төленеді.

  Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесі

Бағыттарының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру

01.11

Ашық топырақта дәнді дақылдард (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру.
Тұқым өсіруді қосқанда, дәнді және бұршақ дақылдарды өсіру:
бидай, жүгері, қонақ жүгері, арпа, қара бидай, сұлы, тары, басқа да дәнді дақылдар сияқты дәнді-бұршақ дақылдарын, оның ішінде тұқым қорын қалыптастыру үшін өсіру;
үрлесбұршақ, бұршақ, нут (түрік бұршағы), жасымық, бөрібұршақ, бұршақ, бұршаққын бұршағы, басқа да бұршақ дақылдар сияқты дәнді-бұршақ дақылдарын, оның ішінде тұқым қорын қалыптастыру үшін өсіру;
Майлы дақылдарды және олардың тұқымдарын өсіру соя бұршағы, жер жаңғағы (арахис), мақта, үпілмәлік, зығыр, қыша, рапс, сафлор, күнжіт, күнбағыс тұқымдары сияқты майлы дақылдарды, тұқымдарды өндіруді қоса алғанда, басқа да майлы дақылдар өсіру.

2

Күріш өсіру

01.12

Күріш өсіру.

3

Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

01.13

Картопты және отырғызатын материал өсіру.
Көкөністерді, олардың тұқымдарын және көшеттерін өсіру:
бөрікгүл, аспарагус, қырыққабат, түсті қырыққабат және брокколи, салат-сүтшөп және салат сорты цикорий, шпинат сияқты жапырақты және сабақты көкөністерді, басқа да жапырақты және сабақты көкөністер өсіру;
қияр және корнишондар, баялды, қызанақтар, мускус қауынын қосқанда, қарбыздар, қауындар, сияқты жеміс – көкөністерді бақша және жеміс – көкөністердің басқа да түрлерін өсіру;
сәбіз, шалқан, қантты жүгері, сарымсақ, пияз (шалотты қоса алғанда), порей пиязы және пияз тәрізділерге жататын көкөністер сияқты тамыр жемісті, түйнекті жемісті және көкөністердің өзге де тамыр жемісті және түйнек жемістілер өсіру;
саңырауқұлақтар және трюфельдерді өсіру;
көкөністердің өзге де түрлерін өсіру;
көкөністердің тұқымдарын өсіру;
Қант қызылшасын және оның тұқымдарын өсіру.

4

Тоқыма дақылдарды өсіру

01.16

Шитті мақтаны, зығырды және басқа да тоқыма дақылдарын өсіру

5

Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

01.19

Жем-шөп дақылдарын және олардың тұқымдарын өсіру
тарнаны, жем-шөпті қызылшаны, жем-шөпті тамыржемістілерді, бедені, жоңышқаны, эспарцетті, жем-шөптік жүгеріні және басқа шөптерді, жем-шөптік қырыққабаты және жем-шөптік дақылдылар сияқтыларды өсіру
қарақұмықты өсіру
қызылша тұқымдарын (қант қызылшасынан басқа) және жем-шөп өсімдіктерін өсіру

6

Жүзімді өсіру

01.21

Жүзімді өсіру.

7

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

01.24

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру.

8

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

01.25

Жидектер және жаңғақтарды өсіру.

9

Басқа да ірі қара малды және енекелерді көбейту

01.42

Ет алу үшін ірі қара малды және енекелерді көбейту

10

Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру

01.41

Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру және көбейту.
Сиыр шикі сүтін және басқа ірі қара малдың шикі сүтін өндіру.

11

Жылқыны және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру

01.43

Жылқыларды өсіру және көбейту

12

Түйені және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру

01.44

Түйелерді өсіру және көбейту

13

Қой және ешкі өсіру

01.45

Қойы және ешкі өсіру:
қой және ешкі өсіру және көбейту;
қойдың және ешкінің шикі сүтін өндіру;
өңделмеген (жуылмаған) жүнді өндіру.

14

Шошқа өсіру

01.46

Шошқа өсіру

15

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру

01.47

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру және көбейту. Ауыл шаруашылығы құстары жұмыртқаларын өндіру. Аралас етті жұмыртқа өндірісі.
Инкубаторлық құс шаруашылығы станцияларының қызметі.

16


Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

01.49

Балараны өсіру, балды және балара балауызын өндіру.

17


Аралас ауыл шаруашылығы

01.50

Өсімдік шаруашылығы өнімдерімен қатар мал шаруашылығының өнімдерін өндіру: ауыл шаруашылығы дақылдардын мал шаруашылығымен қосып өсіру.

18

Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі

Етті өңдеу және консервілеу

10.11

Жаңа сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған етті ұша, шабылған ет немесе бөліктерге бөлінген түрінде өндіру
Тамақ субөнімдері

19

Ауыл шаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу

10.12

Құс сою бөлімдерінде ауыл шаруашылығы құсын сою, етін ұшаларға бөлу және өлшеп орау.
Бөліктерге бөлінген жаңа сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған ауыл шаруашылығы құсының етін өндіру

20

Еттен және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.13

Кептірілген, тұздалған немесе ысталған етті өндіру.
Ет өнімдерін: сосискалар, салы, шұжық өнімдерін, шұжықтар, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, болон ысталған шұжығы, паштеттерді, орамалар, пісірілген сан етін, етті және құрамында ет бар (ет өсімдікті) консервілерді өндіру.
Етті және құрамында ет бар жартылай дайын өнімді өндіру.

21

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу

10.20

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу.
Балықтан, шаян тәрізділерден және моллюскілерден өнім өндіру.
Адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарлар азығы үшін балық өнімдерін өндіру.
Балықтан және адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз өзге де жануарлар түрлерінен ұн, ұнтақ және түйіршік өндіру.
Теңіз балдырларын өңдеу.

22

Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеу

Картопты өңдеу және консервілеу

10.31

Картопты өңдеу және консервілеу: дайын тоңазытылған картопты өндіру, құрғақ картоп пюресін өндіру, картоптардан жеңіл тамақтарды өндіру, картоп чипстерін өндіру, майда тартылған және ірі тартылған картоп ұнын өндіру.

23

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

10.32

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру.
Жас жемістерден және көкөністерден концентраттар мен шырындар өндіру.

24

Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

10.39

Тоңазытылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерін өндіру.
Жемістерді, жаңғақтарды немесе көкөністерді консервілеу: тоңазыту, кептіру, май ішінде немесе сірке суында сіңіру, герметикалық ыдыста консервілеу.
Жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерін өндіру.
Джем, мармелад және тағамдық желе жасау.
Жаңғақтарды қуыру.
Жаңғақтардан пасталарды және өзге де тамақ өнімдерін өндіру.

25

Өсімдік және мал майы мен тоңмайын өндіру

Май және тоңмай өндіру

10.41

Тазартылмаған өсімдік майын: соя, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр, майсана, зәйтүн майын өндіру.
Тазартылған (тазаланған) өсімдік майын: соя, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр, майсана, зәйтүн майын өндіру.
Өсімдік майын өңдеу: шаю, қайнату, дегидрациялау, гидрогенизациялау.

26

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

10.42

Маргаринді өндіру.
Май қоспаларын және спредтерді өндіру.
Тамақ дайындауға арналған аралас майларды өндіру.

27

Сүт және сыр өнімдері

Консервіленген сүттен басқа сүтті өңдеу және сыр өндіру

10.51

Сұйық сүтті, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген, сондай-ақ басқа жоғары температурада өңделген сүтті өндіру.
Сүт негізінде алькогольсіз сусындарды өндіру.
Піспеген сұйық сүттен, пастерленген, зарарсыздандырылған және гомогенизирленген сүттен кілегей өндіру.
Құрғақ сүт өндіру.
Қатты түрде сүт немесе кілегей өндіру.
Сары май өндіру.
Йогурт өндіру.
Сыр және ірімшік өндіру.
Мәйек өндіру.
Казеин немесе лактоза өндіру.
Сүт консервілерін өндіру.

28

Балмұздақ өндіру

10.52

Балмұздақ өндіру.

29

Ұн-жарма өнімдерін өндіру

Ұн өндіру

10.61.1*

Бидайдан, қара бидайдан, сұлыдан, жүгеріден және басқа дәндерден майда және ірі тартылған ұнды өндіру.
Күріш ұнын өндіру.
Құрғақ бұршақ дәндерінен, тамырлардан немесе сабақтардан, немесе жеуге жарамды жаңғақтардан майда және ірі тартылған ұн өндіру.
Нан, торт, бәліш, пирогтар, бисквиттер және құймақтарды пісіруге арналған дайын ұн қоспалары мен қамырларды өндіру.

30


Жарма өндіру

10.61.2

Бидайдан, қара бидайдан, сұлыдан, жүгеріден немесе басқа дәндерден жарма өндіру.
Тазартылған, тартылған, жылтыратылған, тегістелген, глазирленген, бумен өңделген күрішті өндіру.

31

Тағамдық концентраттарды өндіру

10.61.3

Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді дақылдардан жасалған таңғы асқа арналған өнімдерді өндіру.
Бидай, қара бидай, сұлы, жүгері немесе басқа да дәндердің қауыздарын өндіру.

32

Крахмалды және крахмалдан өнімдер өндіру

10.62

Күріштен, картоптан, жүгеріден және тағы басқа крахмалдар өндіру.
Шикі жүгеріні ұнтақтау.
Глюкоза және (немесе) глюкоза-фруктоза шәрбатын, қант шәрбатын, мальтоза, инулин және тағы басқа өндіру.
Дәнбалауызын өндіру.
Жүгері майын өндіру.

33

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

Ұзақ сақтауға арналмаған нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

10.71

Нан-тоқаш өнімдерін: нан, тоқаш өнімдерін, құймақтар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер, бисквиттер және т.б.) өндіру.

34

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру

10.72

Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан-тоқаш өнімдерін өндіру
Ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, торттарды, тәтті тоқаштарды, бәліштер мен бисквиттерді өндіру. Печенье, крекерлер, кренделдер сияқты тұзды және тәтті өнімдерді өндіру.

35

Макарон өнімдерін өндіру

10.73

Пісірілген және пісірілмеген, салындысы бар және салындысы жоқ макарон және кеспе өндіру. Кускус өндіру.
Консервіленген немесе тоңазытылған өнімдерді макарон өнімдерін өндіру.

36

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

Қант өндіру

10.81

Қант қызылшасынан және қант құрағынан қант өндіру

37

Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдерді өндіру

10.82

Какао-ұнтағын, какао-майын өндіру.
Шоколад және шоколад кәмпиттерді өндіру.
Қантты кондитерлік өнімдерді: карамель, нуга, помадка, ақ шоколад өндіру.
Қантталған жемістерді, жаңғақтарды, жемістерден және өсімдіктердің өзге де бөліктерінен цукаттар өндіру.
Драже, мұз конфеттер және пастилалар өндіру.

38

Татымдықтар мен дәмқосарларды өндіру

10.84

Дәмдеуіштерді, тұздықтарды және дәмқосарларды: майонез, қыша ұны мен ұнтағы, дайын қышаны және т.б. өндіру.
Сірке суын өндіру.
Тағамға пайдалануға жарамды тұз өндіру, мысалы, йодталған тұз кіреді.

39

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де тамақ өнімдерін өндіру

10.89

Көже және сорпа өндіру
Жұмыртқа өнімдерін, жұмыртқаның ақуызын өндіру.
Ашытқы өндіру.

40

Дайын тағам өнімдері (өндірістік масштабта)

Дайын тағам өнімдерін өндіру

10.85

Ет тағамдарын немесе үй құсынан жасалған тағамдарды өндіру.
Балықтың тартылған етін қоса, балық тағамдарын өндіру.
Көкөністерден тағамдар дайындау.
Тоңазытылған пиццаны немесе сақтау үшін өзге де тәсілдермен дайындалған пиццаны өндіру.

41

Балалар тағамы

Балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру

10.86

Арнайы тамақтануға пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балаларға арналған сүт қоспасын; емшектегі сәбилерге арналған құнарлы сүтті және басқа да өнімдерді; балалар тағамдарын; салмақты бақылауға арналған калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді; құрамында натрийі аз және натрийі жоқ диеталық тұздарды қоса отырып, құрамында натрийі азайтылған тамақ өнімдерін; құрамында глютені жоқ тамақ өнімдерін; физикалық ауыр жұмысты орындайтын адамдарға, әсіресе спортшыларға пайдалануға арналған тамақ өнімдерін; зат алмасуының бұзылуымен (диабетпен) ауыратын адамдарға арналған тамақ өнімдерін өндіру

42

Жануарларға арналған дайын азықтар өндіру

Ауылшаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтарды өндіру

10.91

Ірі қара малға, ұсақ малға, жылқыларға, үй құстарына және шошқаларға арналған азықтарды өндіру

43

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

11.07.0*

Табиғи минералды суды және өзге де бөтелкелердегі суларды өндіру.
Алкогольсіз сусындарды, хош иістендірілген және (немесе) тәттілендірілген сусындар: лимонад, оранжад, кола, жеміс сусындары, тониктер және тағы басқаларды өндіру.

 
44

Жүнді өңдеу

Жүн талшығын дайындау

13.10.3

Жуылған, майсыздандырылған немесе карбондалған, түтілмеген және тарақпен таралмаған жүн (қой жүні).
Жануарлардың жіңішке немесе қылшықты, түтілген немесе тарақпен таралған жүні мен қылы

 
45

Жүн талшығын иіру

13.10.4

Тоқыма және тігін өнеркәсібіне арналған жүннен иірілген жіп өндірісі

 
46

Жүн маталар өндірісі

13.20.2

Түтілген немесе тарақпен таралған жүннен немесе жануарлардың қылшықты қылынан немесе жылқы қылынан жасалған маталар

47

Киізден басылған бұйымдар өндірісі

13.99.2

Киіз және фетр өндірісі

48

Былғары өнімдерін өндіру

Теріні илеу және өңдеу

15.11.1

Иленген және өңделген былғары; өңделген және боялған үлбір.
Үлбір, иленген немесе өңделген терілер.
Күдері (қиыстырған күдеріні қоса алғанда);
боялған былғары және боялған ламинадталған;
металдандырылған былғары.
Боялған былғары және боялған ламинадталған;
металдандырылған былғары.

 
49

Теріні өңдеу және бояу

15.11.3

Іpi қара малдың терілерінен жасалған былғары немесе жылқы тұқымдас жануарлардың түгi бар терілері.
Іpi қара малдың түксіз тұтас терілерінен жасалған былғары.
Жылқы тұқымдас жануарлардың түксіз терілерінен жасалған былғары.
Қой, ешкі немесе шошқаның түксіз терілерінен жасалған былғары.
Қойдың түксіз терілерінен жасалған былғары.
Ешкінің түксіз терілерінен жасалған былғары.
Шошқалардың түксіз терісі

50

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау

Астық сақтайтын орындар

52.10.1

Астық сақтайтын орындар

51

Көкөністерді, жемістерді сақтайтын орындар

52.10.9

Көкөністерді, жемістерді сақтайтын орындар

  Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: № ОКС-1 нысан

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есептік кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін

Эмитенттің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі))

Облигациялық қарыз сомасы

Облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне көзделген субсидиялардың барлығы, теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу ( + , -) ( + ) артық төлеу, ( - ) жетіспеушілік, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды қайтарылмағаны (нақты), теңге

Банктік шоттарда жатқан субсидиялар қалдығы, теңге

Барлығы

Есептік кезең үшін

Барлығы

Есептік кезең үшін


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























Жиыны:











      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________

      _____________________________________________________________________

      (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Есеп тапсырылған күн 20 ___ жылғы "___" ________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды эмитент толтырады.

      3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 25 қаңтарға дейін эмитент ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Есептің 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.

      7. 2-бағанда бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      8. 3-бағанда облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.

      9. 4-бағанда облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне, бүкіл кезеңге және есепті кезеңге көзделген субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      11. 6 және 7-бағандарда бүкіл кезеңде және есептік кезеңде аударылған субсидиялар теңгемен көрсетіледі.

      12. 8 және 9-бағандарда барлық кезеңдегі және есептік кезеңдегі ауытқулар (артық төлеу, жетіспеушілік) теңгемен көрсетіледі.

      13. 10-бағанда пайдаланылмаған субсидиялардың қайтарылғаны (нақты) теңгемен көрсетіледі.

      14. 11-бағанда банктік шотта жатқан субсидиялар қалдығы теңгемен көрсетіледі.

  Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ұсыныс

      Эмитент: ____________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      Кімге: _______________________________________________________

      (жұмыс органының атауы)

      1. Эмитент туралы мәліметтер

1

Эмитенттің атауы


2

Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі


3

Эмитент туралы мәліметтер: БСН*


4

Банк деректемелері


5

Байланыс телефондары


      2. Субсидиялауға жататын облигациялық қарыздар туралы ақпарат

Облигациялар проспектісі (ISIN (ҰСН) **

Облигациялық қарыз сомасы, теңге

Купондық сыйақы, %

Облигациялардың айналыс мерзімі аяқталған күн

1

2

3

4

5

2





3





4





5





      Осымен:

      1) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, эмитент қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту, таратылу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны;

      2) ұсыныста көрсетілген облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақы басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайтыны расталады.

      Қосымша:

      облигациялар шығарылымы проспектісінің көшірмесі ______ парақта;

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ______ парақта;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен алынған үзіндінің көшірмесі______ парақта.

      Эмитент басшысының немесе оны алмастырушы адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы_______________________________

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" _______

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ** ISIN (ҰСН) – халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі).

  Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Субсидиялауға арналған өтінім

      20__жылғы "___"

      __________

      Осымен эмитент ______________________ 20___ жылғы "__" _________

      №_______ келісімге сәйкес 20 __ жылғы "___" ___________ бастап

      20__ жылғы "___" ________ дейінгі кезең үшін _______________________ теңге

      сомасындағы субсидияны __________________ банктік шотқа төлеуді сұрайды.


      Эмитент басшысы (сенімхат бойынша өкілі) _______________

      __________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Облигациялар бойынша
купондық сыйақыны
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Қаражат тарту жоспары

      Эмитент:_______________________________________________________

      (қаржы институтының атауы)

      Эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі:________________________

      Кімге:__________________________________________________________

      (жұмыс органы)

      1. Қаржы жылының жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тарту жоспары. 

Р/с №

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан












































Барлығы













      2. Қаржы жылының екінші жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары.

Р/с №

Барлығы ____ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан












































Барлығы













      3. Қаржы жылының үшінші жоспарлы кезеңіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін қаражат тартудың болжамды жоспары.

Р/с №

Барлығы _ _ _ _ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан












































Барлығы













      4. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг беру мақсаттары үшін тартылған облигациялық қарыздар бойынша негізгі борыштың қалдығы.

Р/с

Барлығы _ _ _ _ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан












































Барлығы













      5. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, лизинг мақсаттары үшін тартылған қаражат қалдығының және тарту жоспарының сомасы.

Р/с

Барлығы _ _ _ _ жылға

Оның ішінде айлар бойынша

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан












































Барлығы













      Эмитент басшысының немесе оның орынбасарының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі және қолы _______________________________

      Өтініштің берілген күні 20 __ жылғы "___"_______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады