БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32300 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларында:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссияның отырысын оның төрағасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының бөлінген көлемі бар мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту графигін (бұдан әрі – бекіту графигі), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын өткізуге ұсынылатын бағаны (ұсынылатын бағаның/жеткізу шарттарының өзгеруі туралы) бекіту туралы хаттамасын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шақырады.
10. Комиссияның әрбір отырысы барысында Комиссия отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізіледі. Аудио-, бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркелген комиссия отырысының материалдары ЖАО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешімді өз бетінше қабылдаған кезде талап етілмейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Комиссия хатшысы әлеуетті операторлар бойынша бағалау парақтарының қорытынды ұпайларын жинақтайды және жалпы жиынтық ұпайды айқындайды.
Комиссияның оң қорытындысын алу үшін жалпы жиынтық ұпай 27 ықтимал ұпайдың кемінде 19 ұпайын құрайды.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Оператор жосықсыз операторлар тізбесіне енгізілгеннен кейін Жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және АЖ-да операторды айқындау туралы хабарландыруды орналастырады.
Операторды айқындау осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру мен бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 1 гектарға арналған дизель отыны шығысының нормативі – ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша егістіктің бір гектарын (бұдан әрі – га) егу/жинау үшін қажетті дизель отынының орташа оңтайлы көлемі;
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын сатып алатын, сондай-ақ ресурс ұстаушылардан дизель отынын сатып алу туралы дербес шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлға;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге арналған дизель отынының көлемі – дизель отыны шығысының нормативін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ауыл шаруашылығы дақылдарының мәлімделген егу (жинау) алаңына 1 гектарға көбейту жолымен дизель отынын бөлудің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде есептелетін дизель отынының көлемі;
4) дизель отыны – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнайды қайта өңдеу жоспарларында, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті көлемде ескеретін мұнай өнімінің жекелеген түрі;
5) дизель отынын бөлудің мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
6) дизель отынын бөлудің ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер арасында дизель отынын қалыптастыру және бөлу жөніндегі деректерге бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
7) дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператор (бұдан әрі – оператор) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсететін, өңірлік операторларды айқындау жөніндегі комиссия айқындайтын жеке немесе заңды тұлға;
8) танаптың кадастрлық нөмірі – танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған оның бірегей коды;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу тәртібі
3. Келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дизель отынының көлемдерін қалыптастыруға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру ағымдағы жылдың 25 қарашасынан кешіктірілмей АЖ-да және облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемдерін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 1 мен 30 желтоқсан аралығында АЖ-да жүзеге асырылады.
5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отынының көлемдерін қалыптастыру АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.
Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.
6. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында дизель отынының көлемін алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қалыптастырады.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемдерін алуға өтінімдер беруді қоспағанда, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта-қайта өтінім жіберуге жол берілмейді.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) ауылшаркооперативіне өтінім береді.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы шаруа немесе фермер қожалығына өтінім береді.
Бұл ретте дизель отынының көлемін алушы ауылшаркооперативі не шаруа немесе фермер қожалығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші өтінім берген жағдайда, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім берген ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші дизель отынының көлемін алушы болып табылады.
Өтінімнің "қаралуда/бекітілді/бас тартылды" деген мәртебесі веб-порталдағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
7. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің деректері, сондай-ақ тиісті алаңдағы жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында (оның ішінде ауылшаркооперативінің не шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы АЖ-ның "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен және "Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры" ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде автоматты түрде расталады.
8. Дизель отынының көлемін есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші өтінімде танаптың кадастрлық нөмірін және жер учаскенің алаңын, сондай-ақ егілетін/жиналатын ауыл шаруашылығы дақылының түрін немесе агротехникалық жұмыстың түрін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемін есептеу АЖ-да 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отыны шығысының базалық нормативтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы министрлігі) өңірлердің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып әзірленген аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың ұсынымдарын негізге ала отырып айқындайды және АЖ-да орналастырылады.
9. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге арналған дизель отынының өтінімі мен көлемін есептеу ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – Басқарма) уәкілетті қызметкерінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Басқарма АЖ-да өтінім қалыптастырылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімге бірегей код бере отырып, дизель отынының алдын ала көлемін бекіту туралы не дизель отынының алдын ала көлемін бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
10. Хабарлама ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберіледі және веб-порталдағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
11. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дизель отынының көлемдерін есептеу негізінде АЖ-да дизель отынының алдын ала көлемі бар аудандар мен облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жиынтық тізбесі (бұдан әрі – жиынтық тізбе) қалыптастырылады. Жиынтық тізбе веб-порталда көрсетіледі.
12. Басқарма АЖ-да жиынтық тізбе қалыптастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша дизель отынының қажеттілігі мен көлемдерін бөлу тізілімін (бұдан әрі – облыс бойынша тізілім) жасайды және оны АЖ арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жібереді.
13. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс бойынша тізілім келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республика бойынша дизель отынының қажеттілігі мен көлемдерін бөлу тізілімін (бұдан әрі – республика бойынша тізілім) жасайды және оны АЖ арқылы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – Энергетика министрлігі) жібереді.
14. Республика бойынша тізілім негізінде Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемі бөлінген облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту графигін (бұдан әрі – график) бекітеді;
Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын өткізуге ұсынылатын бағаны (ұсынылатын бағаны/жеткізу шарттарын өзгерту туралы) белгілеу туралы хаттаманы (бұдан әрі – хаттама) бекітеді.
15. Ауыл шаруашылығы министрлігі график және хаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды веб-порталға орналастырады.
16. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті көлемде дизель отыны болмаған кезде, әрбір ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемі сұратылған көлемге барабар азайтылған көлемде АЖ-да бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының түпкілікті көлемі веб-порталда және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
17. Дизель отынының бөлінген көлемі ЖАО АЖ-ға операторлардың тізбесі және дизель отынын босату жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған олардың сыйымдылықтары орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде дизель отынын тиеп-жөнелтуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіден өтінім болмаған кезде жойылады.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынының бөлінген көлемін жою туралы хабарлама ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберіледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетіндегі веб-порталда көрсетіледі.
Дизель отынының жойылған көлемі осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына қайта жіберіледі.
18. ЖАО АЖ-ға операторлардың тізбесін және дизель отынын босату жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған олардың сыйымдылықтарын, сондай-ақ ресурс ұстаушылардан өз бетінше дизель отынын сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін орналастырады.
19. Оператор және ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші веб-порталда жеке кабинет ашады.
20. Операторлар үшін бекітілетін дизель отынының көлемі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден оператордың жеке кабинетіне келіп түскен дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінімдер негізінде қалыптастырылады.
Ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін бекітілетін дизель отынының көлемі дизель отынының нақты мәлімделген көлемін негізге ала отырып қалыптастырылады.
21. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ арқылы операторға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын тиеп-жөнелтуге өтінім береді.
22. Дизель отыны тиеп-жөнелтілген күні оператор ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің өтінімін ЭЦҚ-мен куәландыру жолымен жеке кабинеті арқылы өтеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын тиеп-жөнелту туралы хабарлама жіберіледі.
23. Ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер апта сайынғы негізде веб-порталда мынадай ақпаратты орналастырады:
1) жеткізу шарты бойынша сатып алынған дизель отынының көлемі;
2) жарияланған күнге дизель отынының қалған көлемі.
24. Оператор апта сайынғы негізде веб-порталда мынадай ақпаратты орналастырады:
1) берілген дизель отыны көлемінің саны;
2) жарияланған күнге дизель отынының қолжетімді көлемі.
25. Оператор ЖАО-мен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынының өткізілмеген көлемін мынадай жұмыс түрлеріне өткізуді қамтамасыз етеді:
1) егін жинау жұмыстары;
2) жемшөп дайындау;
3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру;
4) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізу.
Бұл ретте ЖАО АЖ-ға өтінімдерді қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, дизель отынының қалдықтарын өткізуге өтінімдерді қабылдау туралы қосымша хабарландыру жариялайды.
26. ЖАО ауыл шаруашылығы және энергетика министрліктеріне дизель отынының өткізілмеген көлемі туралы және осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы жұмыстарына қайта жіберілген дизель отынының көлемі туралы хабарлайды.
27. Дизель отынының қалдықтарын өткізуге өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ЖАО АЖ-ға операторлардың тізбесін және дизель отынын босату жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған олардың сыйымдылықтарының тізбесін, сондай-ақ дизель отыны қалдықтарының көлемдері туралы деректерді орналастырады.
28. Егін жинау жұмыстарын, жемшөп дайындау және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында дизель отынының көлемін алуға арналған өтінімді қалыптастырады.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін егін жинау жұмыстарын, жемшөп дайындауды және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге дизель отынының көлемін есептеу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.
29. Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) астықты сақтау және кептіру жүзеге асырылатын технологиялық немесе кептіру жабдығы бар ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ-да осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының көлемін алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қалыптастырады.
Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының көлемін есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші өтінімде кептіруге жататын дәнді/майлы дақыл дәнінің атауын; сақтау қуаты мен сақтауға келіп түскен астықтың мөлшерін; бастапқы ылғалдылық пен дәнді/майлы дақылдардың тұқымдары кептірілуі тиіс рұқсат етілген ылғалдылықты көрсетеді.
Дәнді дақылдар тұқымдарының ылғалдылық көрсеткішінің шекті рұқсат етілген төменгі шегі 14%, майлы дақылдар үшін – 8% құрайды. Дәнді дақылдар тұқымдарының бастапқы ылғалдылық көрсеткішінің шекті рұқсат етілген жоғары шегі 32%, майлы дақылдар үшін – 27% құрайды.
Бұл ретте дәнді және майлы дақылдар тұқымдарының нақты рұқсат етілген және бастапқы ылғалдылығын сақтауға келіп түсетін тұқымдардың сапасына қарай ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші айқындайды және рұқсат етілген ылғалдылық көрсеткішінің шекті рұқсат етілген шегінен төмен болмауы және астықтың бастапқы ылғалдылығы көрсеткішінің шекті рұқсат етілген шегінен жоғары болмауы тиіс.
Дәнді және майлы дақылдар тұқымдарының бастапқы ылғалдылық көрсеткішінің шекті жол берілетін жоғары шегін айқындау бойынша осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптар дизель отынының өткізілмеген көлемін бөлгеннен кейін қалған дизель отынының көлемін алуға өтінімдер берілген жағдайда қолданылмайды.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының көлемін есептеу дәнді/майлы дақыл астығының бір тоннасын кептіруге дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, АЖ-да автоматты түрде жүргізіледі. Дизель отыны шығысының нормативі (дәнді/майлы дақылдың бір тоннасын кептіру және ылғалдылықты бір процентке төмендету кезінде) 1,40 килограмды құрайды.
30. Егін жинау жұмыстарын, жемшөп дайындау, дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін дизель отынының өтінімі мен көлемінің есебін Басқарма осы Қағидалардың 9, 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес қарайды.
31. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші егін жинау жұмыстарын, жемшөп дайындау, астық және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін АЖ арқылы операторға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінім береді.
32. Егін жинау жұмыстарын, жемшөп дайындау, астық және майлы дақылдардың тұқымын кептіру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемі тиеп-жөнелтілген күні оператор жеке кабинеті арқылы ЭЦҚ-мен куәландыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің өтінімін өтеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын тиеп-жөнелту туралы хабарлама жіберіледі.
33. АЖ жұмысы істен шыққан жағдайда ЖАО туындаған жағдай және оларды жою жөніндегі шаралар туралы Ауыл шаруашылығы министрлігін дереу хабардар етеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ЖАО-дан хабарлама алғаннан кейін АЖ жұмысының бұзылуын жоюға және ЖАО-ның АЖ-ға қол жеткізуін ұсынуға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою жөніндегі жұмыстар жүргізілгеннен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
__________________ облысының ауыл шаруашылығы басқармасы |
Дизель отынының көлемін алуға арналған өтінім
1. __________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
атынан __________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
көктемгі егіс / егін жинау жұмыстарын / жемшөп дайындау / көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) (қажетті таңдау) жүргізу үшін ______________ (_______________) тонна көлемінде дизель отынын бөлуді сұраймын.
2. _______________ жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жалпы алаңы ____________ га.
3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) __________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________
мекенжайы: ________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ___________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
мекенжайы: ________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ___________________________________________________
хабарланған күні ___________________________________________________
4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (шаруа қожалығының) мүшелері туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе шаруа қожалығынан (мүшелері бар болса) өтінім берілген жағдайда толтырылады:
№ |
Ауыл шаруашылығы кооперативі |
Ауыл шаруашылығы кооперативі |
5. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
банктің немесе почта операторының деректемелері: ____________________
банктің немесе почта операторының атауы: ___________________________
банктің сәйкестендіру коды _________________________________________
жеке сәйкестендіру коды ___________________________________________
БСН _____________________________________________________________
бенефициар коды __________________________________________________
6. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемін есептеу
№ | Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (ауыл шаруашылығы жұмысының түрі) | Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар | 1 гектарға арналған (килограмға) дизель отыны шығысының нормасы | Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемі (тонна, килограмм) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жергілікті атқарушы орган дизель отынын бөлудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде операторлар тізбесін және дизель отынын босату жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған олардың сыйымдылықтарын орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде дизель отынын тиеп-жөнелтуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіден өтінім болмаған кезде дизель отынының бөлінген көлемі жойылатыны хабарланды.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Көктемгі егіс / егін жинау жұмыстарын / жемшөп дайындау / көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізуге сатып алынған дизель отыны көлемдерінің пайдаланылуын қамтамасыз ететінімді растаймын.
Өтініш беруші 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өтінім 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қарауға қабылданды:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Хабарлама
Құрметті __________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сізге _______ жылғы "____" ___________ берілген № _______ өтінімге сәйкес ____________ тонна көлемінде дизель отынын бөлу/бас тарту туралы Басқарманың шешімі туралы хабарлаймыз.
Бас тарту себебі: ___________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда ________________________________________
_______________________________________________ хабарласуыңызды сұраймыз.
(Басқарма)
Орындаушы: ________________________________________ _____________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: _____________________________________________
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Облыс бойынша дизель отынының қажеттілігі мен көлемдерін бөлу тізілімі ___ жыл
Р/с | Аудандардың атауы |
Көктемгі егіс немесе егін жинау жұмыстары | Айлар (қажеттісін таңдау) | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Барлығы: |
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Республика бойынша дизель отынының қажеттілігі мен көлемдерін бөлу тізілімі
Р/с | Облыстардың атауы |
Көктемгі егіс немесе егін жинау жұмыстары | Айлар (қажеттісін таңдау) | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Барлығы: |
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Дизель отынының бөлінген көлемін жою туралы хабарлама
Құрметті __________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сізге 20____ жылғы "____" _________ № ___ өтінімге сәйкес ____________ тонна көлемінде дизель отынының бөлінген көлемін жою туралы Басқарманың шешімі туралы хабарлаймыз.
Уәкілетті тұлға: ____________________________________ _______________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: _____________________________________________
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
______________ облысының дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторға __________________________ (оператордың атауы) |
Дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінім
1. _________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
атынан _________________________________________________________________
(басшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
___________________ (__________________) тонна көлемінде көктемгі егіс/егін жинау жұмыстарын /жемшөп дайындау /дәнді және майлы дақылдардың тұқымын кептіру / көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) (қажетті таңдау) жүргізуге дизель отынын тиеп-жөнелтуді сұраймын.
2. Дизель отынын тиеп-жөнелту орны – ________________________________.
3. Дизель отынын тиеп-жөнелту күні мен уақыты – 20____ жылғы "______" ____________ сағат _______.
Өтінімге ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 20___ жылғы "____" __________ сағат _______ қол қойып, жіберді:
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер;
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
4. Өтінімді өтеу мәртебесі:
дизель отынының нақты тиеп-жөнелтілген күні – 20__ жылғы "___" __________;
дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ деректері;
дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Дизель отынын тиеп-жөнелту туралы хабарлама
Құрметті __________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Сізге _______ жылғы "____" ___________ берген № _______ өтініміңізге сәйкес ____________ (_________________) тонна көлемінде дизель отынының тиеп-жөнелтілгені туралы хабарлаймыз.
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер;
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ-сын қою күні мен уақыты.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
________________ облысының ауыл шаруашылығы басқармасы |
Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының көлемін алуға арналған өтінім
1. _________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан __________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
дәнді және майлы дақылдардың тұқымын кептіруді жүргізу үшін ___________ (_____________) тонн көлемінде дизель отынын бөлуді сұраймын.
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________
мекенжайы: _______________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ___________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ___________________________________________________
хабарланған күні ___________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (шаруа қожалығының) мүшелері туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе шаруа қожалығынан (мүшелері бар болса) берілген жағдайда өтінім толтырылады:
№ |
Ауыл шаруашылығы кооперативі |
Ауыл шаруашылығы кооперативі |
4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
банктің немесе почта операторының деректемелері: ____________________
банктің немесе почта операторының атауы: ____________________________
банктің сәйкестендіру коды _________________________________________
жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________
БСН _____________________________________________________________
бенефициар коды __________________________________________________
5. Технологиялық немесе кептіру жабдығының бар-жоғы туралы мәліметтер:
Меншік иесі | ||
Жабдықтың атауы | Өлшем бірлігі | Бар-жоғы туралы мәліметтер |
астық кептіру жабдығы | дана/сағатына тонна | |
астық сақтауға арналған ыдыстар | мың тонна | |
астық тазалайтын машиналар | дана | |
белсенді желдету жабдықтары | дана | |
жылжымалы көлік жабдықтары | дана | |
көтергіш-көлік жабдығы | дана | |
сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық | жиынтықтар | |
таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген) | дана | |
тиеу-түсіру құрылғылары | дана |
6. Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге өтініш беруші үшін дизель отынының көлемін есептеу
№ | Дақылдың атауы | Сақтау қуаты, тонна | Сақтауға келіп түсті, тонна | Ылғалдылық, % | Дизель отынының шығыс нормасы 1 тоннаға-процент, килограмм | Тұқымдарды кептіруді жүргузіге өтініш беруші үшін дизель отынының көлемі (тонна, килограмм) | |
бастапқы | дейін рұқсат етілген | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Дәнді дақылдар | 1,40 | |||||
2 | Майлы дақылдар | 1,40 |
Жергілікті атқарушы орган дизель отынын бөлудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде операторлар тізбесін және дизель отынын босату жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған олардың сыйымдылықтары орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде дизель отынын тиеп-жөнелтуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіден өтінім болмаған кезде дизель отынының бөлінген көлемі жойылатыны хабарланды.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өтінім 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қарауға қабылданды:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты