ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша cыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит нәтижелерін жоспарлы тәртіппен тануды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінде Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.".
2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
А. Смаилов |