"Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 мамырда № 34394 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 "Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32861 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен белгіленген Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарда:

      мынандай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға (өткізуге) арналған сынамасы 800 және одан жоғары күмістен жасалған зергерлік бұйымдар мен басқа да бұйымдар, егер мұндай бұйымдарда атаулы таңбасы болса.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлтық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады