"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 мамырдағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 мамырда № 34398 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздерін айқындайды";

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздеріне 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 4 мамырдағы
№ 99 бұйрыққа
қосымша
  Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары іске асыратын білім
беру бағдарламаларының
тізілімін жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ білім беру
бағдарламаларының тізіліміне
енгізу және алып
тастау негіздеріне
4-қосымша
  Үлгі

Модульдердің (пәндердің) мазмұны мен көлемі

Модульдер (пәндер)

Модульдердің (пәндердің) қысқаша сипаттамасы

Оқыту нәтижелері

Модульдер (пәндер) бойныша кредиттер саны

Модульдер (пәндер) бойныша сағаттар саны

Құзыреттер индексі

Жалпы білім беретін пәндер модулі/ жалпы білім беретін пәндер

1

ЖБП 1. ...

...

...

...

...

...

...

2

ЖБП 2. ...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

Жалпыға міндетті модульдер /жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер

...

ЖММ 1. (ЖГП 1)...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

ЖММ ... (ӘЭП ...) ...

...

...

...

...

...

...

...


...

...

...

...

...

...

Базалық модульдер/ жалпы кәсіптік пәндер


БМ 1 (ЖКП 1.)













БМ ... (ЖКП…)












Кәсіптік модульдер / арнайы пәндер)

...

КМ 1. (АП 1.)

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

КМ ... (АП ...)

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

Аралық аттестаттау

...

...


...

Қорытынды аттестаттау

...

...


...

Факультативтер

...

...


...

Консультациялар

...

...


...

Өзіндік жұмыс

...

...



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады