"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 мамырдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34409 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 24 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялау) - субсидияланатын купондық сыйақының мөлшерлемесімен облигация ұстаушыға эмитент төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу;

      2) купондық сыйақы мөлшерлемесі - проспектінің талаптарына сәйкес айқындалатын және қалыптастырылатын және эмитент облигацияны орналастыру салдарынан алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуге жататын пайызбен көрсетілген купондық сыйақының мөлшері;

      3) қор биржасы- дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде 25 (жиырма бес) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерін пайдалана отырып, оларды тікелей өткізу жолымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты (бұдан әрі - шарт) - уәкілетті орган мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;

      5) облигациялар шығару проспектісі - эмитент, облигацияларды сатуға болжанатын, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне әсер ететін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері мемлекеттік басқармасының саласында басшылықты жүзеге асыратын орталықтандырылған мемлекеттік орган;

      7) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын тұлға.

      3. Субсидиялау Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы мәселелер жөніндегі заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті орган эмитентпен жасалатын шарт негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен аударылатын субсидиялау үшін көзделген қаражат.

      5. Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес шарттың қосымшасы болып табылатын төлеу кестесіне (одан әрі-төлеу кестесі) сәйкес қаржы жылындағы купондық сыйақының тең субсидияланатын мөлшерлемесі сомасында эмитенттің банк шотына жыл сайын бірыңғай төлеммен аударылады.

      6. Субсидиялар эмитенттің облигациялар шығару проспектісіне сәйкес облигациялар айналысы кезеңі басталған күннен бастап облигациялар айналысы кезеңі аяқталған күнге дейін есептеледі.

      7. Осы Қағидалар шеңберінде эмитент деп Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісі түсініледі.

2-тарау. Субсидиялау тәртібі

      8. Субсидиялау мынадай тәртіпті қамтиды:

      1) осы Қағиданың 2- қосымшасына сәйкес (одан әрі- субсидиялауға арналған ұсыныстар) уәкілетті органның эмитенттен субсидиялауға ұсыныс қабылдауы;

      2) осы Қағиданың 1- қосымшасына сәйкес уәкілетті органның шарт жасасу туралы шешім қабылдауы;

      3) уәкілетті орган мен эмитент арасында шарт жасасу;

      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес эмитенттің нысан бойынша субсидиялауға өтінім беруі;

      5) уәкілетті органның субсидия төлеуі.

      9. Субсидиялауға ұсынымды эмитент облигациялар шығару проспектісінің, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және облигацияларды бастапқы орналастыру күніне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен үзінді көшірмелерін, сондай-ақ төлеу кестелерін қоса бере отырып береді.

      10. Уәкілетті орган субсидиялауға ұсынымды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағиданың 22 және 23 тармақтарындағы субсидиялау ұсынысына сәйкестігін тексеру;

      2) шарт жасасу туралы шешім қабылдау және ресімдеу және бұл туралы эмитентті хабардар ету.

      11. Уәкілетті органның шарт жасасу туралы шешіміне уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      12. Уәкілетті органның шарт жасасу туралы шешіміне:

      1) ұсынысы бойынша шарт жасасу туралы шешім қабылданған эмитенттің атауы мен орналасқан жері;

      2) облигациялық қарыз сомасы;

      3) субсидиялау мерзімі;

      4) жылдық пайызбен субсидиялау ставкасы;

      5) жылдар бойынша облигациялар шығарылымының (шығарылымдарының) проспектісіне сәйкес төлеу кестесіне сәйкес субсидиялардың жалпы сомасын қамтиды.

      13. осы қағиданың 22 және 23 тармақтарындағы субсидиялау ұсынысына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган шарт жасасудан жазбаша түрде бас тартады.

      14. Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес митент пен уәкілетті орган арасындағы шарт уәкілетті орган шарт жасасу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалады.

      15. Шарттар осы Қағидаларға сәйкес шығарылған облигациялар айналысының кезеңіне тең мерзімге жасалады.

      16. Уәкілетті орган субсидиялауға өтінім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялауға өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      2) Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес субсидиялауға өтінім сомасының Шартта көрсетілген сомаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      3) жасалған шарт бойынша субсидиялауға өтінім сомасы сәйкес келген кезде эмитентке субсидиялар төлеуді жүзеге асырады;

      4) субсидиялауға арналған өтінім сомасы жасалған шартқа сәйкес келмеген кезде эмитентті анықталған сәйкессіздіктер және оларды жою қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.

      17. Эмитент уәкілетті органнан анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаны алған кезде оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды және осы Қағидалардың 16-тармағында айқындалған тәртіппен қарау үшін уәкілетті органға субсидиялау өтінімін қайта жібереді.

      18. Уәкілетті орган шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылы үшін төлеу кестесіне сәйкес субсидиялар эмитентінің банк шотына аударады.

      Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті орган мен эмитенттің арасындағы жасасқан шарт бойынша субсидияларды кейіннен аударуи Осы қағиданың 5 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, уәкілетті орган эмитентке субсидия сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.

      20. Купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялармен жасалатын мәмілелер номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелуге жатады.

      Купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялармен мәмілелерді тіркеу, сондай-ақ осы облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу және растау бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Мөлшерлемені субсидиялау облигациялардың орналастырылған шығарылымы (шығарылымдары) бойынша көзделген.

      22. Субсидиялау облигациялар бойынша жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығару есебінен тартылған қаражатты нысаналы пайдалану – облигациялар шығару есебінен тартылған қаражат кейіннен сыйақы мөлшерлемесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған - халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған адамдар үшін жылдық 7%, халықтың әлеуметтік осал топтары ретінде өзге санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж және Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары мен қандастар ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған адамдар үшін жылдық 9%.

      2) субсидиялауға жататын облигациялар шығарылымының/шығарылымдарының жалпы көлемі – бірінші жылы 300 000 000 000 (үш жүз миллиард) теңгеден аспайды және кейінгі жылдары 200 000 000 000 (екі жүз миллиард) теңгеден аспайды;

      Бұл ретте Қағиданың осы тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген лимитті сақтай отырып, тиісті жылы шығарылымның айқындалған белгілі бір жалпы көлемі шеңберінде облигациялардың бірнеше шығарылымын жүзеге асыруға жол беріледі.

      3) облигацияның айналыс мерзімі - 8 (сегіз) жылдан аспайды;

      4) облигация бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі-субсидияланатын облигацияларды орналастыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме шамасының деңгейінен аспайды.

      23. Субсидиялау қатарынан 8 (сегіз) жыл ішінде шығарылатын облигациялар бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте субсидиялау жүзеге асырылатын облигациялар шығарылымының/шығарылымының жалпы көлемі 1 700 000 000 000 (бір триллион жеті жүз миллиард) теңгеден аспайды.

      24. Орналастырылған облигациялар шығарылымы/шығарылымдары осы Қағидаларда айқындалған шарттарға сәйкес келген жағдайда купондық сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% - эмитент төлейді, ал айырма осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес субсидияланады.

      25. Эмитент осы қағиданың 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті органды тоқсан сайын жасалған шарттар шеңберінде субсидия сомаларын игеру туралы хабардар етеді.

  Тұрғын үй жағдайларын
жақсарту мақсатында
ипотекалық тұрғын үй
қарыздарын одан әрі беру үшін
эмитент шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
Қағидаларына
1 қосымша

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      атынан

      _________________________________________________________________________,

      негізінде әрекет ететін__________, бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталатын, бір

      жағынанжәне ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      атынан

      _________________________________________________________________________,

      негізінде әрекет ететін__________, бұдан әрі "Эмитент" деп аталатын, екінші

      жағынан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, ал жеке "Тарап" не жоғарыда

      көрсетілгендей, шығарылған облигациялар бойынша купондық сыйақы

      мөлшерлемесінің субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы

      жасасты:

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Осы шарттар бойынша уәкілетті орган облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды мынадай шарттарда жүзеге асырады:

Нысаналы мақсаты

__________________________________

Осы Шартты жасасу күніне арналған сома

__________________________________

Валюта

__________________________________

Сыйақы мөлшерлемесі

__________________________________

Сыйақы мөлшерлемесі

__________________________________

Мерзімі

__________________________________

      2. Субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      3. Эмитент сатып алған облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатпайды.

      4. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі______% мөлшерінде субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының ______ мөлшеріндегі бөлігін уәкілетті орган жыл сайын өтейді.

      5. Субсидиялау мерзімінің басталуы: ____________жыл. Бұл ретте субсидиялау _ _ _ _ _ _ жыл ішінде жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті орган осы Шартқа қол қойылғаннан және эмитент субсидиялауға өтінім бергеннен кейін субсидиялар төлейді

      7. Эмитент оны алуға құқығы бар және эмитенттің бағалы бумаларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғаларға купондық сыйақы сомасын, сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басында (эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) (бұдан әрі – тіркелген күні) толық төлеуді жүзеге асырады. Сыйақы төлеу тіркелген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облигация ұстаушылардың тізілімінде тіркелген облигация ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақша (теңгемен) аудару жолымен жүзеге асырылады.

      8. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - купондық сыйақы мөлшерлемесін субсиидялау қағидасы) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ережесі 15-тармағының 420-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражатының болған кезде, эмитенттің банктегі ағымдағы шотына қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.

      9. Тараптар осы Шарт шеңберінде төлем күні демалыс немесе мереке күніне келетін жағдайда, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізілетініне келісті.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      10. Уәкілетті органның құқықтары:

      1) осы Шарттың 8-тармағына сәйкес купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражатты эмитенттің банк шотына уақытылы жібереді;

      2) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады;

      3) купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес іске асыру мониторингін жүзеге асырады.

      11. Уәкілетті органның міндеттері:

      1) қаражаттың мақсатты пайдаланылуына эмитентке тексеру жүргізеді. Эмитенттен облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      2) орталық депозитарийден эмитент туралы, сондай-ақ купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын облигацияларды орналастыру туралы құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады;

      3) есепті қалыптастыру мақсатында осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде эмитенттен оның қызметінің нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қосымша сұратады;

      4) тараптар үшін көзделген осы Шартта белгіленген Эмитенттің міндеттемелерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және оларды Эмитенттің уақытылы орындауын талап етеді.

      12. Эмитенттің құқықтары:

      1) шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындайды;

      2) купондық сыйақының толық сомасын оны алуға құқығы бар және сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басында (эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың шоттарына уақтылы аударады.

      3) Уәкілетті органға жазбаша сұрау салу бойынша облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың нысаналы пайдаланылуына, купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу құқығын береді.

      13. Эмитенттің міндеттері:

      Уәкілетті органнан купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде субсидиялар төлеуді талап етеді.

3- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      14. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________ 20___ бойынша, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде – олар толық орындалғанға дейін әрекет етеді.

4- тарау. Жауапкершілік

      15. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5- тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      16. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайларда төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және сол сияқтылар) салдарынан болса жауапкершіліктен босатылады.

      17. Еңсерілмейтін күш, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар туындаған кезде Тарап осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін орындау мүмкін еместігі туындаған жағдайда, осындай мән-жайлар туралы екінші Тарапқа басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақытылы хабарлайды. Бұл ретте форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, қолданылу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      18. Уақтылы хабарлама болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламау салдарынан келтірілген зиянды өтейді.

      19. Еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың басталуы осы Шартты орындау мерзімінің олардың қолданылу кезеңінің ұлғаюына әкеп соғады.

      20. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартады.

6-тарау. Дауларды шешу

      21. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындаған қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін күш-жігер жұмсайды.

      22. Егер туындаған дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

7-тарау. Құпиялылық

      23. Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпараттың, банктік құпияның, сондай-ақ осы Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпараттың құпия болып табылатындығына және осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтындығына келіседі.

      24. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық және кәсіпкерлік заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.

      25. Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      26. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

8- тарау. Қорытынды ережелер

      27. Осы Шартқа қол қою арқылы Тараптар банк, коммерциялық және қызметтік құпияны сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың іске асырылуы туралы ақпаратты ашуға өзара келісім береді.

      28. Осы Шарттың ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана тараптар үшін жарамды және міндетті деп танылады.

      29. Осы Шарт екі (2) бірдей данада қазақ және орыс тілдерінде әрқайсысы бірдей заң күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін Бір (1) данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      30. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9- тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк

      деректемелері және қолдары

Уәкілетті орган
______________________
басып шығару орны


 
Эмитент
______________________
басып шығару орны

 ______________________
______________________
______________________
______________________


 
____________________
______________________
______________________
______________________

  Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін
субсидиялау шартына
қосымша
  Нысан

Төлеу кестесі Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Сыйақыны өтеу күні

Эмитент төлейтін сыйақы сомасы

Уәкілетті орган өтейтін сыйақы сомасы

Есептелген сыйақының жиынтығы






Уәкілетті орган
______________________
басып шығару орны


Эмитент
______________________
басып шығару орны

______________________
______________________
______________________
______________________


 
____________________
______________________
______________________
______________________

  Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2 қосымша

Субсидиялауға ұсыныс

      Эмитент:

      _____________________________________________________________________

                  (заңды тұлғаның толық атауы)

      Кімге:

      ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

                  (уәкілетті органының атауы)

      1. Эмитент туралы мәліметтер

1

Эмитенттің атауы


2

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


3

Эмитент туралы мәліметтер: БСН*


4

Банк деректемелері


5

Байланыс телефондары


      2. Субсидиялауға жататын облигациялық қарыздар туралы ақпарат

Облигациялар проспектісі (ISIN (НИН)**)

Облигациялық қарыз сомасы, теңге

Купондық сыйақы, % облигациялардың

Айналыс мерзімінің аяқталу күні

1

2

3

4

5

1





2





3





4





      Осымен расталады:

      1) қаржы берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімін қоспағанда, Эмитенттің қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмайды, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмайды;

      2) ұсыныста көрсетілген облигациялық қарыз бойынша купондық сыйақы басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбайды.

      Қосымша:

      облигациялар шығару проспектісінің көшірмесі _ _ _ _ _ парақта;

      облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі _ _ _ _ _ _ парақта;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінен _ _ _ _ _ _ _ парақтағы үзінді көшірме.

      Эмитент басшысының немесе оның орнындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _______________________________

      Берілген күні "___"_______ 20 __ жыл.

      Ескерту:

      аббревиатуралардың толық жазылуы: * БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі; * * ISIN (НИН) – халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі).

  Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Тұрғын үй
жағдайларын жақсарту
мақсатында ипотекалық тұрғын
үй қарыздарын одан әрі беру
үшін эмитент шығарған
облигациялар бойынша
купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органының атауы)

Субсидиялауға өтінім

      "____" __________20__жыл

      Осы арқылы, эмитент _______________________ келісімге сәйкес

      _________________ сомасында _____________________ теңге,

      "_____" _______20__ жылдан бастап "_____" _________20__ жылға

      дейінгі кезең үшін "___" ___________ 20___ бастап банк шотына

      субсидиялар төлеуді сұрайды.

      Эмитент басшысы (сенімхат бойынша өкіл)

      ______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады