Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 мамырда № 34422 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) алғашқы ресми жарияланған күннен кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 531 бұйрығына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Білім беретін мектептер мен әскери бөлімдер жанындағы әскери-патриоттық ұйымдар (клубтар, үйірмелер, сыныптар мен секциялар) үлесін өзгерту бойынша мәліметтер

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 2-(ӘПЖ)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: өткен жыл үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Р/с №

Іс-шара атауы

Іс-шараның орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органның атауы

Саны

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

1.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық және өңірлік үйлестіру кеңесін құру

Қорғанысмині, ЖАО


Қорғанысминінің бұйрығы, облыс (қала), аудан әкімдерінің өкімі

2.

Білім беретін ұйымдар мен әскери бөлімдер жанынан әскери-патриоттық клуб ашу

ЖАО, Қорғанысмині, ТЖМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша)


Облыстық (аудандық) білім басқармасында (бөлімде) тіркеумен әскери-патриоттық клуб ашу туралы акт (айына кемінде бір клубтан)

3.

Білім беретін мектептерде "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сыныбын ашу

ЖАО


Облыстық (аудандық) білім басқармасында (бөлімде) тіркеумен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сыныбын ашу туралы акт
(жылына кемінде бір сыныптан)

4.

Мамандандырылған мектеп пен техникалық колледжде "Смарт сарбаз" үйірмесін ашу

ЖАО, Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша)


Облыстық (аудандық) білім басқармасында (бөлімдер) "Смарт сарбаз" үйірмесін ашу туралы акт
(жылына кемінде бір үйірмеден)

5.

Жастар үйі мен Қазақстан халқының Ассамблеясы базасында "Жас сарбаз" қозғалысының үйірме жұмысын ұйымдастыру

Ассамблея жастары (келісу бойынша)


Үйірме ашу туралы акт (2029 жылға қарай әрбір өңірде кемінде бір үйірме ашу)

6.

ЖИЫНЫ:




      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефон)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Білім беретін ұйымдар мен әскери бөлімдер жанындағы әскери-патриоттық ұйымдар (клубтар, үйірмелер, сыныптар мен секциялар) үлесін өзгерту бойынша мәліметтер" (Индекс 2-(ӘПЖ), кезеңділігі – жылдық)

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда іс-шараны орындауға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда есептік кезеңде жаңадан ашылғандар саны көрсетіледі:

      жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі үйлестіру кеңесінің;

      білім беретін ұйымдар мен әскери бөлімдер жанынан құрылған әскери-патриоттық клубтар, білім беретін ұйымдардағы "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сыныптар;

      мамандандырылған мектеп пен техникалық колледжде құрылған "Смарт сарбаз" үйірмесінің;

      жастар үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы базасындағы ашылған үйірмелер.

      5. 5-бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың ашып жазылуы:

ЖАО

-

Жергілікті атқарушы органдар

ІІМ

-

Ішкі істер министрлігі

ТЖМ

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ассамблея жастары

-

"Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 531 бұйрығына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Оқу-әдістемелік жиыннан өткен мамандар саны туралы мәліметтер

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 3-(ӘПЖ)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: өткен жыл үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Р/с № Іс-шара атауы Іс-шараның орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органның атауы Саны Аяқтау нысаны
1 2 3 4 5

1.

"Жас сарбаз" қозғалысы филиалының төрағаларымен оқу-әдістемелік жиын өткізу

Қорғанысмині, "Жас сарбаз" қозғалысы (келісу бойынша), ЖАО


Қорғанысминінің бұйрығы

2.

Облыстық (қалалық, аудандық) "Айбын" жиынын өткізу шеңберінде әскери-патриоттық клуб жетекшілерімен және бастапқы әскери және технологиялық даярлық оқытушыларымен оқу-әдістемелік жиын өткізу

ЖАО


Әкімдердің өкімі

3.

"Айбын" республикалық жиынын өткізу шеңберінде әскери-патриоттық тәрбие беруді дамытуға тартылған мамандармен оқу-әдістемелік жиын өткізу

Қорғанысмині, ЖАО


Қорғанысминінің бұйрығы

4.

ЖИЫНЫ:




      Атауы _________________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________________

                        (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефон)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Оқу-әдістемелік жиыннан өткен мамандар саны туралы мәліметтер" (Индекс 3-(ӘПЖ), кезеңділігі – жылдық)

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда іс-шараны орындауға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда мыналардың саны көрсетіледі:

      "Жас сарбаз" қозғалысы филиалының төрағаларымен оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар;

      облыстық (қалалық, аудандық) "Айбын" жиынын өткізу шеңберінде әскери-патриоттық клуб жетекшілерімен және бастапқы әскери және технологиялық даярлық оқытушыларымен өткізілген оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар;

      "Айбын" республикалық жиынын өткізу шеңберінде әскери-патриоттық тәрбие беруді дамытуға тартылған мамандармен оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар.

      5. 5-бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың ашып жазылуы:

ЖАО

-

Жергілікті атқарушы органдар

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Жас сарбаз

-

"Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 531 бұйрығына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Жастармен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бойынша дайындалған әдістемелік ұсынымдар саны туралы мәліметтер

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 4-(ӘПЖ)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: өткен жыл үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Р/с № Іс-шара атауы Іс-шараның орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органның атауы Саны Аяқтау нысаны
1 2 3 4 5

1.

Жастармен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік жиынға әдістемелік ұсыным дайындау

Қорғанысмині, "Жас сарбаз" қозғалысы (келісу бойынша), ЖАО


өңірлердің білім басқармалары отырыстарының хаттамасы (қалалар мен облыстар)

2.

ЖИЫНЫ:




      Атауы ________________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________________

      Орындаушы ___________________________________________________________

                        (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефон)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Жастармен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бойынша дайындалған әдістемелік ұсынымдар саны туралы мәліметтер" (Индекс 4-(ӘПЖ), кезеңділігі – жылдық)

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда іс-шараны орындауға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда жастармен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік жиынға дайындалған әдістемелік ұсынымдар саны көрсетіледі.

      5. 5-бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың ашып жазылуы:

ЖАО

-

Жергілікті атқарушы органдар

Жас сарбаз

-

"Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 531 бұйрығына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдіретін жастар үлесінің өзгеруі бойынша мәліметтер

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 5-(ӘПЖ)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: өткен жыл үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Р/с № Іс-шара атауы Іс-шараның орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органның атауы Саны (жалпы қатысқан жастардың саны) Саны (әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдген жастардың саны) Аяқтау нысаны
1 2 3 4 5 6

1.

"Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу

Қорғанысмині, "Жас сарбаз" қозғалысы (келісу бойынша), ЖАО



іс-шараны өткізу

2.

"Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық, қалалық, облыстық іріктеу кезеңін өткізу

ЖАО



іс-шараны өткізу

3.

Отан қорғаушы күніне арналған білім беру ұйымдарында жауынгерлік оқу-жаттығу және қызмет үздіктерінің, Қарулы Күштер ардагерлерінің, интернационалист жауынгерлердің қатысуымен "Ерлік сабағы" ашық сабағын ұйымдастыру және өткізу

Қорғанысмині,
ЖАО



іс-шараны өткізу

4.

Отан қорғаушы күніне арналған үздік "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубы мен мамандандырылған сыныбының (әрбір өңірден бір клубтан) салтанатты концертке қатысуы

Қорғанысмині,
"Жас сарбаз" қозғалысы
(келісу бойынша),
ЖАО



іс-шараны өткізу

5.

ЖИЫНЫ:





      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефон)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдіретін жастар үлесінің өзгеруі бойынша мәліметтер" (Индекс 5-(ӘПЖ), кезеңділігі – жылдық)

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда іс-шараны орындауға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда мыналардың саны көрсетіледі:

      "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан жастар;

      "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық, қалалық, облыстық іріктеу кезеңіне қатысқан жастар;

      Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік оқу-жаттығу және қызмет үздіктерінің, Қарулы Күштер ардагерлерінің, интернационалист жауынгерлердің қатысуымен "Ерлік сабағы" ашық сабағына қатысқан жастар;

      Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концертке қатысқан жастар.

      5. 5-бағанда әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдіретін жастардың саны көрсетіледі.

      6. 6-бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың ашып жазылуы:

ЖАО

-

Жергілікті атқарушы органдар

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ТЖМ

-

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

МКҚ

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

Жас сарбаз

-

"Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 531 бұйрығына
5-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Әскери-патриоттық клубтар материалдық-техникалық базасының (сыныптар мен үй-жайларды жабдықтау, киім нысанымен, атрибутикамен қамтамасыз ету) қамтамасыз етілу үлесін өзгерту бойынша мәліметтер

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 6-(ӘПЖ)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: өткен жыл үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Р/с № Іс-шара атауы Іс-шараның орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органның атауы Саны Аяқтау нысаны
1 2 3 4 5

1.

Әскери-патриоттық клуб пен "Жас сарбаз" сыныбының оқушыларымен сабақ өткізу орындарын жиһазбен, Интернет желісіне шығатын компьютермен, фото, бейнеаппаратурамен, басқа да қажетті техникамен қамтамасыз ету:
1. Жиһаз:
- маркер мен және бор мен жазылатын бес элементті құрама тақта – 1 дана;
- компьютерге арналған жалғамасы бар оқытушы үстелі – 1 дана;
- демонстрациялық үстел – 1 дана;
- шынтақшалары бар аунақшаларда айналатын кресло – 1 дана;
- екі орынды оқу шылар үстелі – 25 дана;
- оқушылар орындығы – 25 дана;
2. Оқытудың техникалық құралдары:
- микрофон-телефон гарнитурасы мен және web-камера мен жабдықталған интернетке кіру мүмкіндігі бар дербес компьютер – 1 жиыны;
- үстелге арналған акустикалық жүйе – 1 дана;
- көп функциялық ұрылғы (копир/принтер/сканер) – 1 дана;
- интерактивтік панель – 1 дана;
- желілік фильтр – 2 дана.

ЖАО


орындалған жұмыс актісі

2.

Әскери-патриоттық қозғалыс, клуб мүшелерін нысанды киіммен, спорттық киім нысанымен, жабдықпен, атрибутикамен, жалаулармен және плакаттармен қамтамасыз ету

ЖАО


орындалған жұмыс актісі

3.

ЖИЫНЫ:




      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефон)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Әскери-патриоттық клубтар материалдық-техникалық базасының (сыныптар мен үй-жайларды жабдықтау, киім нысанымен, атрибутикамен қамтамасыз ету) қамтамасыз етілу үлесін өзгерту бойынша мәліметтер" (Индекс 6-(ӘПЖ), кезеңділігі – жылдық)

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда іс-шараны орындауға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда мыналардың көрсетіледі:

      жиһазбен, интернет желісіне шығатын компьютермен, фото және бейне аппаратурамен қамтамасыз етілген "Жас сарбаз" сыныбының саны;

      нысанды киім, спорттық киім, жабдық, атрибутикамен, жалаулармен және плакаттармен қамтамасыз етілген әскери-патриоттық клубтар саны.

      5. 5-бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың ашып жазылуы:

ЖАО

-

Жергілікті атқарушы органдар

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2024 жылғы 22 мамырдағы
№ 531 бұйрығына
6-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жарияланымдар, әлеуметтік роликтер мен контенттер үлесін өзгерту бойынша мәліметтер

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Индекс: 7-(ӘПЖ)

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша) және жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: өткен жыл үшін 15 ақпаннан кешіктірмей.

Р/с № Іс-шара атауы Іс-шараның орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органның атауы Саны Аяқтау нысаны
1 2 3 4 5

1.

Жастарға әлеуметтік желіде әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша әлеуметтік роликтер мен контенттер шығару

Қорғанысмині, ЖАО,
"Жас сарбаз" қозғалысы (келісу бойынша),
ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша),
ІІМ, МКҚ (келісу бойынша)


Әлеуметтік желіні ақпаратпен толықтыру

2.

Жастарға Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық баспа басылымында әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбына мақалалар басып шығару

Қорғанысмині, ЖАО, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, МКҚ (келісу бойынша) "Жас сарбаз" қозғалысы (келісу бойынша)


Мақала жариялау

3.

Елді мекенде ҚР Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметті насихаттайтын үгіт-насихат құралдарын орналастыру

ЖАО


Орындалған жұмыс актісі

4.

ЖИЫНЫ:




      Атауы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) қолы, телефон)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Мөр орны

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

"Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жарияланымдар, әлеуметтік роликтер мен контенттер үлесін өзгерту бойынша мәліметтер" (Индекс 7-(ӘПЖ), кезеңділігі – жылдық)

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда іс-шараны орындауға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда мыналардың саны көрсетіледі:

      жастарға әлеуметтік желіде әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша шығарылған әлеуметтік роликтер мен контенттер;

      жастарға Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық баспа басылымындарында шығарылған әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбына мақалалар;

      елді мекенде орналастырылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметті насихаттайтын үгіт-насихат құралдары.

      5. 5-бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

      Аббревиатуралар мен қысқартулардың ашып жазылуы:

ЖАО

-

Жергілікті атқарушы органдар

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

МКҚ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

Жас сарбаз

-

"Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады