"Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 маусымда № 34448 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органның келісуі бойынша қоныс аударушылар мен қандастарды қоныстандыру мақсатында адамдарды ерікті қоныстандыру, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру үшін жыл сайын, уәкілетті орган бекіткен алдыңғы күнтізбелік жылға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын ескере отырып, 15 желтоқсанға дейін елді мекендердің тізбесін бекітеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қоныс аударушыларды және олардың отбасы мүшелерін (бар болса) жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

      1) мемлекеттік қызметшілерге;

      2) ҚР ҰҚС 01-2017 кәсіптік жіктеуіштің тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;

      3) қоныс аударушының отбасы құрамындағы адамдарды қоспағанда, жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдарға;

      4) бұрын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныс аударушылар мен қандастарды қоныстандыруға арналған өңірлерде тұрақты тұрған және өтініш беру сәтінде еңбек күші артық өңірлерде екі жылдан кем тұрақты тіркеуі бар адамдарға қолданылмайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Қағидалардың 18, 49 және 76-1-тармақтарында көзделген жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару шаралары туралы мәліметтерді мансап орталықтары әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеде және (немесе) Электрондық еңбек биржасында орналастырады."

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қандастар өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады.

      Бұл ретте, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларына қатысушылар қатарындағы түлектер оқу өңіріне қарамастан осы Қағидаларға сәйкес қабылдау өңірінде мемлекеттік қолдау шараларын алады. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы осы Қағидаларда көзделген ерікті қоныс аударуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және онда кемінде алты ай тұратын қоныс аударушылар, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларының түлектері оқу орнын аяқтағаннан кейін алты ай ішінде қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде тіркелу уақытына қарамастан қабылдау өңірінің мансап орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Әлеуметтік келісімшарт жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс берушінің екінші деңгейдегі банкте немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан дербес шотына ақшалай төлемді аударады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Экономикалық мобильділік сертификаты тұрғын үй сатып алу және салу немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген ипотекалық бағдарлама, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамалары шеңберінде, сондай-ақ қаржы институттарын ипотекалық кредиттеу құралдары және тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем түріндегі материалдық көмек ретінде беріледі.";

      Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңірдегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.

      Экономикалық мобильділік сертификаты отбасына, сондай-ақ осы Қағидалардың 66-тармағының екінші бөлігінде көзделген адамдарға тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен асырмай беріледі.

      Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді жүзеге асыру үшін Еңбек мобильділігі орталығы қандастар мен қоныс аударушыларды мынадай санаттар бойынша саралайды:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер;

      2) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелері бар;

      3) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем алу үшін қандастар және қоныс аударушылар мансап орталықтарына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      1) тұрғын үй сатып алу кезінде – сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалай отырып, тұрғын үй сатып алудың алдын ала жасалған шарты немесе сатып алу-сату шарты, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50% мөлшерінде болжамды мәмілені жүзеге асыруға арналған меншікті қаражаттың болуын не сатып алынатын тұрғын үйдің қалған құны төленгенін растайтын құжаттар.

      Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлемді алғаннан кейін тұрғын үйді сатып алудың алдын ала жасалған шарты ұсынылған жағдайда күнтізбелік қырық бес күн ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату шартының түпнұсқасы ұсынылады;

      2) тұрғын үйді сатып алуда тұрғын үй ипотекалық қарызы бойынша алғашқы жарна кезінде – екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдауды растайтын құжат;

      3) тұрғын үй құрылысы кезінде – меншігінде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында жеке тұрғын үй құрылысына және/немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскесінің болуын растайтын құжат, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50 % мөлшерінде тұрғын үй салуға арналған қаражаттың болуын растайтын құжаттар.

      Көрсетілген құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады. Оларды салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.

      Қандас пен қоныс аударушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан (зайыбынан) және өзінің жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан сатып алуына экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалануға жол берілмейді.

      Меншік құқығында тіркелген жылжымайтын мүлікті 5 (бес) жыл бойы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді қолма-қол төлем арқылы сатуға жол берілмейді.

      Мансап орталықтары бір жұмыс күні ішінде қандастың немесе қоныс аударушының экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем беру туралы өтінішін қарау үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      Еңбек мобильділігі орталығы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша өтініш берушіге ақшалай төлемді беру туралы шешім шығарады не себептерін дәлелді негіздей отырып, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды, сонымен бірге қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабарландырады.

      Мыналар:

      1) өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;

      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      3) жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрының бірыңғай ақпараттық жүйесіне алынған осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген негіздердің болуы;

      4) өтініш берушінің жұбайы (зайыбы) және отбасы мүшелері (бар болса) мансап орталығы тұру үшін берген қоныс аударуға жолдамада көрсетілген елді мекеннің/ауданның/облыстың мекенжайы бойынша тіркелмеуі;

      5) қандасқа немесе қоныс аударушыға мансап орталығы берген қоныс аударуға жолдамада көрсетілген межелі елді мекеннен тыс жерлерде тұрғын үй сатып алу не салу экономикалық мобильділік сертификатын беруден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      Қандас немесе қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау үшін еңбек мобильділігі орталығының келісімін алу қажет.";

      69-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ипотекалық қарыз кезінде – экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үй қарызы шартына сәйкес қарыз алушының екінші деңгейдегі банктік дербес шотына;";

      75-тармақ алып тасталсын.

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. "Дипломмен ауылға!" бағдарламасына қатысушыда, сондай-ақ қандаста немесе қоныс аударушыда және оның отбасы мүшелерінде жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы бес жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғынжайы не соңғы алты айдан астам мерзімге коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануындағы тұрғынжайы болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғынжай, қызметтік тұрғынжай не жатақхана бөлмесі және экономикалық мобильділік сертификат бойынша ақшалай төлем берілмейді, тұрғынжайды жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар өтелмейді.";

      мынадай мазмұндағы 76-1, 76-2, 76-3, 76-4, 76-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "76-1. Қандастардың немесе қоныс аударушылардың және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) (бар болса) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда қандастарға немесе қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) төленген материалдық көмекті қайтару:

      1) алушының (алушылардың) материалдық көмекті қайтару туралы өтініші;

      2) еңбек мобильділігі орталығының қандастар немесе қоныс аударушылар және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) (бар болса) алған материалдық көмекті ерікті түрде қайтару туралы хабарламасы (наразылығы) (бұдан әрі – хабарлама);

      3) алынған материалдық көмек сомасын бюджетке өтеу туралы сот шешімі негіздемелер болып табылады.

      76-2. Еңбек мобильділігі орталықтары қандастың немесе қоныс аударушының және олардың отбасы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге өз бетінше кету фактісі анықталған (расталған) күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қандасқа немесе қоныс аударушыға және олардың отбасы мүшелеріне (мүшелері) (бар болса) материалдық көмекті ерікті түрде қайтару туралы хабарламаларды (наразылықтар) жібереді.

      76-3. Қандас немесе қоныс аударушы және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде алты айдан аспайтын қайтару мерзімін көздейтін жазбаша жауапты адресатқа ұсынады.

      76-4. Қандасқа немесе қоныс аударушыға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) осы Қағидаларға 2-қосымшамен бекітілген Әлеуметтік келісімшарттың 8-тармағынан туындайтын талаптарды еңбек мобильділігі орталығы:

      1) қандас немесе қоныс аударушы және олардың отбасы мүшесі (мүшелері) шағымды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартқан;

      2) не олардан берілген хабарламаға (наразылыққа) жауап алмаған жағдайларда еңбек мобильділігі орталықтарымен хабарлама (наразылық) жіберілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін сот органдарына жібереді.

      76-5. Қандастарға немесе қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшесіне (мүшелеріне) (бар болса) төленген материалдық көмекті қайтару жергілікті бюджет кірісіне жүзеге асырылады.".

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      4) осы бұйрықты облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 169 бұйрығына
қосымша/
Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш _________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Мені/мені және менің отбасымның мүшелерін өңірлік қоныс аударушыларды қабылдаудың квотасына қосуды сұраймын.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Жұмыспен қамту санаты:
1) жалдамалы жұмыскер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адам;
2) дара кәсіпкер;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлға;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлға;
6) тәуелсіз жұмыскер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеріп жүрген;
8) шаруа немесе фермер қожалығы нысанындағы қызметті жүзеге асыратын адам;
9) жұмыссыз.


      Отбасының құрамы мынадай:

ЖСН

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтығы

Ұлты

Тұрғылықты мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7





























      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      ____________________________________________;

      ____________________________________________;

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті жеке деректерімді жинауға және өңдеуге өзімнің келісімімді беремін.

      20 ___ "__" _____________ _______________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса) құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы)

  2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 169 бұйрығына
қосымша/
Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт

      ______________ 20__ жылғы "___"_____________

      (жасалған орны)

      Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) атынан

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басты

      куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген), екінші тараптан

      төмендегілер туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасты:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

      2. Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде Мансап орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы Келісімшарттың тараптары ретінде қатысады.

      Келісімшарт шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

      3. Келісімшарт Еңбек мобильділігі орталығы басшысының бұйрығы негізінде жасалды.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Мансап орталығының:

      1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

      2) тұрғын үй комиссиясының Ерікті қоныс аударуға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

      3) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалдау (жалға алу) шартын жасасуға;

      4) материалдық көмек төлеу туралы шешім қабылдау және ерікті қоныс аударуға Қатысушының дербес шотына субсидиялар аудару үшін Еңбек мобильділігі орталығына жібереді;

      5) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

      6) ерікті қоныс аударуға Қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;

      7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында келісілген жағдайларда Ерікті қоныс аударуға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.

      5. Мансап орталығы:

      1) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және кәсіби дағдыларды игеруге жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің Келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

      3) тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      4) Ерікті қоныс аударуға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі мансап орталығынан сұратуға;

      5) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;

      7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге;

      8) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар және олардың кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелері арасында жыл сайын берілген тұрғын үйдің сапасына қанағаттану бойынша сауалнама жүргізуге;

      9) саны, сапасы, қоныс аударуға арналған елді мекенде орналасуы бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігіне мониторинг жүргізуге;

      10) Қатысушының Келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге міндетті.

      6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:

      1) Мансап орталығына материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;

      2) шыққан жерінің Мансап орталығынан көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;

      3) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      4) Келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар.

      7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:

      1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;

      2) Мансап орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

      3) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;

      4) міндетті түрде дара кәсіпкер, заңды тұлға, жеке практикамен айналысатын адам ретінде немесе шаруа немесе фермер қожалығы нысанында тіркелумен әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

      5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;

      6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

      7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

      8) Келісімшарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру орнынан (отбасымен) шыққан жағдайда екі ай ішінде бюджетке алынған материалдық көмек сомасын өтеуге міндетті.

      9) Келісімшарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныс аудару орнынан (отбасымен) шыққан не мәміле жасалған күннен бастап бес жыл өткенге дейін экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемдерді пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үйді сатқан жағдайда, ерікті қоныс аударуға қатысушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша алынған ақшалай төлемдерді өтеуге міндетті.

      8. Вахталық әдіспен жұмысқа орналасу не тұратын өңірден тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыру, әскери қызметке шақыру, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттану жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілу жағдайларын қоспағанда, Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныс аударған жерден кеткен жағдайда, отбасының кеткен мүшесі алған материалдық көмектің сомасы екі ай ішінде бюджетке қайтарылады.

      9. Отбасы мүшелерінің бірінің қоныстану орнынан тыс шығу фактісі анықталғаннан кейін Еңбек мобильділігі орталығы отбасы мүшелерінің санына сәйкес материалдық көмекті қайта есептейді.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      11. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      12. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын және Ерікті қоныс аударуға қатысушыларды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      13. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      14. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға Қатысушы форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

      15. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға Қатысушыны осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      16. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының және Ерікті қоныс аударуға қатысушының осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы ____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

5-тарау. Басқа да жағдайлар

      17. Келісімшартқа тараптардың келісуі бойынша қосымша келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу үшін осы Келісімшартқа қол қоя отырып, Қатысушы өзінің және оның отбасы мүшелерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.

      18. Осы Келісімшарт оған Еңбек мобильділігі орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ "__" ______ жылға дейін қолданылады.

6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

      Еңбек мобильділігі орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушы

________________________________
_________________
________________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының толық атауы)
_______________________________
________________________________
(заңды мекенжайы)
_______________________________
________________________________
(телефон, факс)
________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
________________________________
(қолы)
М.О.

________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
_________________
________________________________
(мекенжайы)
_______________________________
________________________________
(телефон, факс)
________________________________
(қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады