"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 маусымда № 34450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жеткізуші – тапсырыс берушімен сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс беруші сатып алған (жалға алған) жағдайда, әлеуетті жеткізуші болады;

      2) әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы – әлеуетті жеткізушінің шешімдерін айқындайтын және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал ететін кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты әлеуетті жеткізушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      3) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болмаса да, сол бір функцияларды орындауына және бірін-бірі алмастырушы болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      4) біріздендіру – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді рұқсат етілетін элементтер мен шешімдер тізбесін қысқарту, оларды біртектілікке келтіру арқылы артық әртүрлілікті жоюға бағытталған сатып алу;

      5) бюджет – тапсырыс берушінің бюджеті (шығыстар сметасы), бизнес-жоспары (жылдық бюджеті), даму жоспары;

      6) жеткізуші – тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс беруші сатып алған (жалға алған) жағдайда, мұндай жеке тұлға жеткізуші болады;

      7) жұмыс – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      8) көрсетілетін қызмет – тапсырыс берушінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

      9) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт кезеңі;

      10) құрылыстағы кешенді жұмыстар – жобалау және іздестіру жұмыстары, салу (оның ішінде "толықтай дайын") және көрсетілген жұмыстарға ілеспе көрсетілетін қызмет және (немесе) тауар жеткізу қамтылатын жұмыстар жиынтығы;

      11) сараптама комиссиясы (сарапшы) – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасының талаптарына сәйкес келетіні не сәйкес келмейтіні туралы сараптамалық қорытындыны дайындау үшін тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) құратын (айқындаған) алқалы орган (маман);

      12) сатып алу – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс беруші бюджетінің қаражаты есебінен Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алу;

      13) сатып алу порталы – электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;

      14) сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық мәміле;

      15) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;

      16) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс берушінің бөлімшесі, филиалы немесе ведомствосы, тапсырыс берушінің шешімімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі үшін жауапты болып айқындалған заңды тұлға;

      17) стандарттау – нақты және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп мәрте және ерікті пайдалану ережелерін белгілеу арқылы тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      18) тапсырыс беруші – бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары арқылы Ұлттық Банк, сондай-ақ Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      19) тауар – нәрсе (зат), оның ішінде жартылай фабрикат немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлік қызметтің объективтендірілген нәтижесі, сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      20) тендерлік комиссия – тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

      21) ұзақ мерзімді шарт – 12 (он екі) айдан аса мерзімге жасалатын сатып алу туралы шарт;

      22) Ұлттық Банктің ұйымдары – Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      23) ішкі кооперация – тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Ұлттық Банктен немесе Ұлттық Банктің ұйымынан не олардың үлестес тұлғаларынан олардың ережесінде немесе жарғысында көзделген, сондай-ақ тапсырыс берушінің қызметін тоқтаусыз және үздіксіз жүзеге асыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталған қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      24) электрондық әмиян – сатып алу порталы операторының банктік шотына әлеуетті жеткізуші немесе жеткізуші тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуге, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге ақша енгізген кезде сатып алу порталы операторының ақпараттық жүйесінде көрінетін әлеуетті жеткізушінің немесе жеткізушінің жеке шоты;

      25) электрондық сатып алу – "Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" акционерлік қоғамы оператор болып табылатын сатып алу порталын пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.";

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Сатып алу порталының операторы:

      1) сатып алу порталын ендіруді, дамытуды, қолдауды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді;

      2) сатып алу порталын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды;

      3) тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілерге сатып алу порталына қол жеткізуді ақылы негізде қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілердің сатып алу порталына қол жеткізу қызметтерінің бағасын сатып алу порталының операторы белгілейді;

      4) тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға), әлеуетті жеткізушілерге сатып алу порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетуді;

      5) сатып алу порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

      6) Қағидаларға сәйкес сатып алу порталын ақпараттық толықтыруды қамтамасыз етуді;

      7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасауды;

      8) Қағидаларда айқындалған тәртіппен сатып алу порталында тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуге, шарттың орындалуын қамтамасыз етуге әлеуетті жеткізушінің, жеткізушінің электрондық әмиянына орналастырылған ақшаны енгізу және қайтару процесіне операциялық ілеспе қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді;

      9) бұрын жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған жеткізушілердің, сондай-ақ сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізушілердің дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) жүргізуді жүзеге асырады.

      Сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағандарға тауарды жеткізбеген, қызметтерді көрсетпеген және жұмыстарды орындамаған, оның ішінде толық көлемде орындамаған, олармен тапсырыс беруші сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен не заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бұзған жеткізушілер жатады.

      Дерекқор барлық тапсырыс берушілер үшін бірыңғай болып табылады және сатып алу порталында орналастырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуетті жеткізуші мен оның үлестес тұлғасы бір тендерге (лотқа) қатыспайды.

      Әлеуетті жеткізуші:

      егер ол тапсырыс беруші үшін байланыс арнасының (негізгі желі) қызметтерін көрсететін жеткізуші болса, байланыс арнасының қызметтерін (резервтік желі) сатып алуға;

      егер ол тапсырыс беруші үшін байланыс арнасының (резервтік желі) қызметтерін көрсететін жеткізуші болса, байланыс арнасының қызметтерін (негізгі желі) сатып алуға қатыспайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

      "1-1-тарау. Тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді, электрондық әмиянға орналастырылған ақша түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және қайтару тәртібі

      8-1. Әлеуетті жеткізушінің, жеткізушінің электрондық әмиянға орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша сатып алу порталының операторы осындай талап келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген, оған қатысты бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған ақшаны қайтарады.

      8-2. Сатып алу порталының операторы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шешім қабылдау туралы хабарландыруды сатып алу порталында орналастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушінің, жеткізушінің электрондық әмиянына орналастырылған ақша түріндегі тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бұғаттан шығарады.

      8-3. Әлеуетті жеткізуші электрондық әмиянға ақша орналастыру түріндегі тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді таңдаған кезде сатып алу порталының операторы тендерлік өтінімді қамтамасыз ету сомасын бұғаттайды.

      Сатып алу порталының операторы электрондық әмиянға орналастырылған ақша түріндегі тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Қағидалардың 76-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұғаттан шығарады. Қағидалардың 76-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сатып алу туралы шарт күшіне енген және (немесе) тендердің жеңімпазы сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сатып алу порталы арқылы сатып алу порталының операторына өтініш жібереді;

      2) Қағидалардың 77-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде бұғаттан шығармайды.

      Сатып алу порталының операторы тапсырыс берушіден (сатып алуды ұйымдастырушыдан) сатып алу порталы арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушінің электрондық әмиянынан Қағидалардың 77-тармағына сәйкес бұғатталған тендерлік өтінімді қамтамасыз ету бойынша ақшаны өтініште көрсетілген тапсырыс берушінің шотына аударады.

      8-4. Жеткізуші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық әмиянға ақша орналастыру түрінде таңдаған кезде сатып алу порталының операторы жеткізуші шарт бойынша міндеттемелерді толығымен және тиісінше орындағанға дейін сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын бұғаттайды.

      Сатып алу порталының операторы тапсырыс берушіден сатып алу порталы арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) жеткізуші өзінің шарттық міндеттемелерін толығымен орындаған, тұрақсыздық айыбын төлеген жағдайда электрондық әмиянға орналастырылған ақша түріндегі сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді бұғаттан шығарады;

      2) жеткізуші өзінің шарттық міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы, тұрақсыздық айыбын төлемеуі салдарынан шарт бұзылған жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз ету бойынша бұғатталған ақшаны жеткізушінің электрондық әмиянынан өтініште көрсетілген тапсырыс берушінің шотына аударады.

      8-5. Сатып алу порталының операторы Қағидалардың 202-тармағына сәйкес шешім қабылдау туралы хабарландыруды сатып алу порталында орналастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушінің электрондық әмиянына орналастырылған ақша түріндегі тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді бұғаттан шығарады.

      8-6. Сатып алу порталының операторы Қағидаларда көзделген есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға арналған банк шотына өз ақшасын есепке жатқызбайды, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілер, жеткізушілер көрсетілген банк шотына енгізген тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдаланбайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тендерлік өтінімдерді ашу хаттамасын қоспағанда, тендер тәсілімен электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу хаттамаларына тендерлік комиссияның мүшелері, оның хатшысы электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып қол қояды. Сатып алу хаттамалары тендерге қатысушыларды автоматты түрде хабардар ете отырып, сатып алу порталында жарияланады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын тендерлік өтінімде мыналар:

      1) әлеуетті жеткізушінің басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға толтырылған және қол қойған (электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алуға қатысуға келісім (бұдан әрі – сатып алуға қатысуға келісім) қамтылады.

      Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді берген кезде онда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігін растайды;

      2) әлеуетті жеткізуші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      заңды тұлғалар үшін құқық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмесі:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;

      құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер, тендерлік өтінімдерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген ірі акционерлер туралы анықтама;

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттар (хабарламалар).

      Консорциумдық келісімді ескере отырып, консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысы көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айналысуға рұқсат (хабарлама) алу қажет жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық қабілеттілігіне ие болу бөлігінде консорциум біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады;

      дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат (жеке тұлғалар үшін);

      егер әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету), оның ішінде қосалқы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуды болжаса, тартылатын қосалқы мердігерлердің не бірлесіп орындаушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      3) әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы;

      4) Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мөлшерде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету;

      5) әлеуетті жеткізушінің атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар басшыны қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) тендерлік өтінімге қол қою және тендерлік комиссия отырыстарына қатысуға берілген сенімхат;

      6) бағаны төмендетуге арналған сауда-саттық қолданылған тендерді, электрондық сатып алуды қоспағанда, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысы қамтылады. Электрондық сатып алуды жүргізу кезінде баға ұсынысы сатып алу порталында қалыптастырылады;

      7) тендерде сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (олар тартылған жағдайда);

      8) тапсырыс беруші бекіткен өтінімге бағалау өлшемшарттарын қолдануды растайтын құжаттар (егер әлеуетті жеткізуші бағалау өлшемшарттарын қолдануға ниет білдірген жағдайда) қамтылады;

      9) заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттармен қоса заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартты (консорциумдық келісімді) ұсынады.

      Электрондық сатып алуды жүргізу кезінде әлеуетті жеткізуші мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталатын құжаттарды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті жеткізуші құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Тендерлік комиссияның хатшысы сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынылатын тендерлік өтінімдерді мына:

      1) әлеуетті жеткізуші бұрын тендерлік өтінімді ұсынған;

      2) тендерлік өтінім тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жағдайларда қабылдамайды.

      Электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу порталында тендерлік өтінімдер мына:

      1) әлеуетті жеткізуші бұрын тендерлік өтінім берген;

      2) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткен;

      3) тендерлік баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;

      4) Қағидаларда көзделген жағдайда тендерлік баға ұсынысы демпингтік болып табылған;

      5) әлеуетті жеткізушінің электрондық әмиянындағы тендерлік өтінімді қамтамасыз ету сомасы болмаған не жеткіліксіз болған;

      6) сатып алу порталының тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциясы болған кезде сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтер дәйексіз болған жағдайда автоматты түрде қабылданбайды.";

      72, 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) банк шотына енгізілетін кепілдік берілген ақшалай жарна;

      2) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі.

      Электрондық сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті жеткізуі тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) электрондық әмиянға орналастырылған ақша;

      2) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түріндегі банк кепілдігі.

      Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін енгізіледі.

      73. Тендерлік өтінімді кепілдік берілген ақшалай жарна не электрондық әмиянға орналастырылған ақша түрінде енгізілген қамтамасыз етуді тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) пайдаланбауы тиіс.

      Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда кепілдік берілген ақшалай жарна не электрондық әмиянға орналастырылған ақша түрінде енгізілген тендерлік өтінімді қамтамасыз етуге тұтастай не ішінара талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасамайды.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тендерлік комиссия сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағындағы мәліметтерді олардың интернет-ресурста не тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде орналастырылған ақпаратқа сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Әлеуетті жеткізуші мынадай:

      1) тендерлік өтінім тендер талаптарына сәйкес келмеген;

      2) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда тендерге қатысуға жіберілмейді және тендерге қатысушы болып танылмайды.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Тендер қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпараттан тұрады:

      1) қорытынды жасау орны, күні және уақыты;

      2) тендерлік комиссияның құрамы;

      3) сатып алу жоспарына сәйкес сатып алуға бөлінген сома;

      4) тендерге қатысушылардың тізбесі және олардың тендерлік баға ұсыныстары;

      5) бас тарту себебін көрсетумен баға ұсыныстарынан бас тартылған тендерге қатысушылардың тізбесі;

      6) баға өлшемшарттарын (олар бар болса) қолдану нәтижелері;

      7) тендер жеңімпазы, сатып алу туралы шарттың сомасы, сатып алу туралы шартты жасасу мерзімдері туралы мәліметтер;

      8) ұсынысына тендер жеңімпазының ұсынысынан кейін неғұрлым басымдық берілетін тендерге қатысушы туралы мәліметтер.";

      107-тармақ алып тасталсын;

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Егер тендер өтпеді деп танылса не тендер жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса, тапсырыс беруші:

      1) тендер жеңімпазынан кейін ұсынысы неғұрлым басымдылық берілген тендерге қатысушыға сатып алу туралы шарттың жобасын қоса бере отырып, оны тендер жеңімпазы деп тану туралы хабарлама жіберу туралы;

      2) тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

      3) тендердің талаптарын өзгерту және тендерді қайта өткізу туралы;

      4) шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.

      Ұсынысы тендер жеңімпазынан кейін неғұрлым басымдылық берілген тендерге қатысушы сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс беруші Қағидалардың осы тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Әрбір әлеуетті жеткізуші:

      1)әлеуетті жеткізушінің басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға толтырған және қол қойған (электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған) сатып алуға қатысуға келісімді;

      2) хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып 1 (бір) ғана баға ұсынысын береді.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық сатып алуды өткізген кезде әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін мынадай:

      1) егер әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 140-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бұрын баға ұсынысын берген;

      2) баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;

      3) әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшыны қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) баға ұсынысына қол қою құқығына сенімхат табыс етпеген;

      4) сатып алу порталының тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциясы болған кезде сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші басшысының не ол өкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, сатып алу порталында автоматты түрде тіркелетін 1 (бір) баға ұсынысын табыс етеді.

      Сатып алу порталы баға ұсынысын табыс еткен әлеуетті жеткізушіге хабарландыруды автоматты түрде жібергеннен кейін баға ұсынысы қабылданған болып саналады.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер:

      1) ол сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;

      2) әлеуетті жеткізуші 1 (бірден) артық баға ұсынысын табыс етсе;

      3) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес келмесе;

      4) әлеуетті жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну туралы талап болған кезде оны ұсынбаса;

      5) әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;

      6) сатып алу порталының тиісті уәкілетті органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциясы болған кезде сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса қабылданбайды.";

      158-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесінде көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;";

      159, 159-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге жазбаша шақыру жібереді, онда мына мәліметтер:

      1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;

      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атаулары және тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекше нұсқамасы;

      3) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома туралы мәліметтер қамтылады. Қағидалардың 158-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, өтпеген деп танылған, бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты, баға ұсыныстарын сұратуды қолдана отырып өткізілген тендерді қоспағанда, сатып алуға тендер тәсілдерімен қатысу кезінде әлеуетті жеткізушілер ұсынған сома туралы мәліметтер көрсетіледі;

      4) маңызды талаптарын, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімін, санын (көлемін) және басқасын көрсете отырып, сатып алу туралы шарттың жобасы;

      5) Қағидалардың 165-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) шеңберінде қызметті жүзеге асыру үшін оның бар болуы талап етілсе, рұқсат (хабарлама) беру туралы талап қамтылады.

      Электрондық сатып алуды шартты тікелей жасасу тәсілімен жүргізу кезінде сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті жеткізушіге шақыруды жіберуі сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

      159-1. Сатып алуға қатысуға келісімнің 2-тармағында көзделген жағдайларда шақыру әлеуетті жеткізушіге жіберілмейді.";

      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Қағидалардың 158-тармағының 13) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шартты тікелей жасасу тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарды жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші шақыру алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай құжаттарды:

      1) әлеуетті жеткізушінің атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқылы басшыны қоспағанда, сатып алуға қатысуға келісімге қол қойған адамға берілетін сенімхат;

      2) әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы;

      3) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсынысы;

      4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсат (хабарлама) ұсына отырып, сатып алуды ұйымдастырушыға қол қойылған сатып алуға қатысуға келісімін жібереді.

      Электрондық сатып алуды өткізу кезінде рұқсаттар (хабарламалар) туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті жеткізуші рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін ұсынады.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Сатып алу қорытындысы туралы хаттамада мынадай ақпарат:

      1) шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды қолданудың негіздемесі;

      2) сатып алу үшін бөлінген сома, ал Қағидалардың 158-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда – бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып өткізілмеген деп танылған тендерді қоспағанда, тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысу кезінде әлеуетті жеткізушілер ұсынған сома туралы мәліметтер;

      3) шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;

      4) сатып алу туралы шарт жасалатын жеткізушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылады.";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу, егер:

      1) әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан немесе оның бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып өткізілмеген деп танылған тендерді қоспағанда, тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен сатып алуға қатысу кезінде көрсетілген бағасынан асып түскен;

      2) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекше нұсқаманы ұсынған;

      3) әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 161 немесе 162-тармақтарында көзделген құжаттарды табыс етпеген;

      4) әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде шартты тікелей жасасу тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға келісімін жібермеген не сатып алуға қатысудан бас тартқан;

      5) дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, өтпеді деп танылады.";

      176-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "176. Жеткізуші:

      1) белгіленген мерзімде қол қойылған сатып алу туралы шарт ұсынылмаған;

      2) сатып алу туралы шартты жасаудан жазбаша бас тарту берген;

      3) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, ол сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарған деп танылады.";

      178, 179-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Тендер жеңімпазынан кейін ұсынысына неғұрлым басымдылық берілген, оны тендер жеңімпазы ретінде тану туралы хабарлама және шарт жобасын алған тендер қатысушысы хабарлама алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу туралы шартқа қол қояды не тапсырыс берушіге орын алған келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.

      179. Тендер жеңімпазынан кейін ұсынысына тендер жеңімпазынан кейін неғұрлым басымдылық берілген, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан Қазақстан Республикасының бейрезиденті - тендерге қатысушысы тапсырыс берушіден хабарлама алған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде сатып алу туралы шартқа қол қояды не тапсырыс берушіге орын алған келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.";

      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "181. Жеткізуші сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

      Жеткізуші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақшалай жарна;

      2) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық банк кепілдігі немесе электрондық құжат түріндегі банк кепілдігі;

      3) электрондық әмиянға орналастырылған ақша.

      Жеткізушінің күшіне енген сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін толығымен және тиісті түрде орындау жағдайлары ерекшелік болып табылады.";

      Қағидаларға 6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының,
оның құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және
одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Сатып алуға қатысуға келісім

      1.

      __________________________________________________________________

      (әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________

      (сатып алудың толық атауы көрсетілді)

      сатып алуға әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және сатып алудың көзделген талаптары мен шарттарына сәйкес тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді (қажеттісін көрсету) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

      2. Әлеуетті жеткізуші егер:

      1) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері, әлеуетті жеткізуші басшылары тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып және жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болған жағдайда;

      2) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысқан жағдайда;

      3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда;

      4) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) мемлекеттік сатып алу бойынша орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда;

      5) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушы) бұрын жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған жеткізушілердің, сондай-ақ сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізушілердің дерекқорында тұрған жағдайда;

      6) әлеуетті жеткізушіге және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) қатысты банкроттық және (немесе) тарату рәсімі жүргізілетін жағдайда;

      7) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың басшылары, құрылтайшылары (ірі акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда;

      8) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) тіркеу орны жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болған жағдайда;

      9) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір тендерге (лотқа) қатысқан жағдайда;

      10) байланыс арнасының қызметтерін (негізгі желі) сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші үшін байланыс арнасының (резервтік желі) қызметтерін көрсететін жеткізуші болған жағдайда;

      11) байланыс арнасының қызметтерін (резервтік желі) сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші үшін байланыс арнасының (негізгі желі) қызметтерін көрсететін жеткізуші болған жағдайда осы келісіммен тендерлік өтінімді, баға ұсынысын қабылдамауға, шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алуды өтпеді деп танылғанына келіседі.

      3. Осы арқылы әлеуетті жеткізушінің

      ____________________________________________________________________,

      (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету)

      сатып алу туралы шартының талаптарымен, сондай-ақ Қағидалардың 192-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің осы сатып алу туралы шартты біржақты бұзуына келісімі білдіріледі.

      4. Сатып алу талаптарымен танысқанымызды және тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) немесе тендерлік комиссияға жеткізілетін тауарға (тауарларға), орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дәйексіз мәлімет ұсынғаны үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қағидаларда көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенін растаймыз.

      5. Біздің тендерлік өтінім тендерлік өтінімдерді ашқан күннен бастап кемінде 90 (тоқсан) күн ішінде қолданыста болады.

      6. Біздің тендерлік өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарттың жобасында көрсетілген мөлшерде енгіземіз.

      7. Сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін тендерлік өтінім тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті сатып алу шартының рөлін орындайтын болады.

      Ескертпе.

      5, 6, 7-тармақтар тендер тәсілімен сатып алуға қатысқан жағдайда толтырылады.

      ____________________________________________________________________

      (әлеуетті жеткізуші басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы (электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық цифрлық қолтаңба)";

      Қағидаларға 7-қосымша алып тасталсын;

      Қағидаларға 11-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының, оның
құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және
одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
11-қосымша

Тапсырыс беруші үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін сатып алатын күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілік тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

      1. Тамақ өнімдері, ауыз су (бөтелкедегі).

      2. Кеңсе тауарлары, А-4, А-3 форматындағы қағаз.

      3. Тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтер.

      4. Жуу қызметін көрсету бойынша қызметтер.

      5. Автокөлік қызметтері, жанар-жағармай материалдары.

      6. Әкімшілік үйлер мен ғимараттарды ұстау бойынша көрсетілетін қызметтер (жұмыстар):

      1) ішкі үйлер мен ғимараттардың қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза ұстау;

      2) ғимаратқа жапсарлас аумақты абаттандыру және көгалдандыру және ғимарат ішіндегі жасыл желекті күту;

      3) үйлердің ішкі үй-жайларын, ғимараттардың және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу, ғимаратқа жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;

      4) үйлер мен ғимараттарды күзету, өрт қауіпсіздігін және оған жапсарлас аумақты күзетпен, сигнализациямен және күзеттің басқа құрылғыларымен қамтамасыз ету;

      5) сантехникалық, электр монтаждау жұмыстары;

      6) лифттерді, кондиционерлерді техникалық қамтамасыз ету және жөндеу.

      7. Байланыс қызметтері (оның ішінде интернет, спутник, телефон байланысы, ұялы байланыс, пошта байланысы).

      8. Ақпараттық жүйелерге ілеспе қызмет көрсету бойынша қызметтер.

      9. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру қызметтері.

      10. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және салқындату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер.

      11. Аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер.

      12. Үйлерді, үй-жайларды және (немесе) ғимараттарды жалдау бойынша қызметтер.

      13. Жалға алынатын үйлерді, үй-жайларды және (немесе) ғимараттарды жалдау қызметтері.

      14. Қызметтік және арнайы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер.

      15. Ұйымдастырушылық техникаға арналған шығыс материалдары және картридждерді толтыру бойынша қызметтер.

      16. Объектілерді күзету бойынша қызметтер.

      17. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргізу.";

      Қағидаларға 12-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің, оның
ведомстволарының, оның
құрылымына кіретін
ұйымдардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және
одан да көп пайызы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі немесе
оның сенімгерлік
басқаруындағы заңды
тұлғалардың және олармен
үлестес заңды тұлғалардың
тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді
иеленуі қағидаларына
12-қосымша

Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, жастықтар, сүлгі, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар.

      2. Мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, дәнекерлеуші костюм, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, аспаз костюмі, наубайшы костюмі, қалпақтар.

      3. Халаттар, алжапқыштар, бірегей нысанды киім, сигналдық кеудеше, хирургиялық костюмдер, мақта-матадан жасалған бахилалар, өндірістік және шаруашылық персоналдың нысанды киімі, көрпе, ішкі жейделер, жейделер, үшкіл орамалдар, жаға астары, қолғаптар, шымылдықтар.

      4. Құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар.

      5. Банкноттық және монеталық өнімге арналған арнайы орауларды қоспағанда, орайтын қораптар, мұрағат қораптары.

      6. Ағаш бұйымдары.

      7. Абаттандыру, көгалдандыру.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады