"Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 3 маусымдағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 маусымда № 34451 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген):

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

      1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

      2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

      3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

      4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

      5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

      6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

      ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

      ағаш діңін ақтау;

      бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

      шөп шабу, арамшөптерді жою;

      жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

      бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

      ағаш тәжін тәждеу;

      ағаштардың тәжін қалыптастыру;

      қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

      апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

      тыңайтқыштарды қолдану;

      жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

      қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады