"Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 маусымда № 34471 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20380 болып тіркелінген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінде:

      15-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редақцияда жазылсын:

      "5-бағанда Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар коды көрсетіледі;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады