"Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 27 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 маусымда № 34486 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Банк:

      ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

      Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредит/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

      Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниеттенетін немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғасы қарыз алушы деп түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарыздарға қолданылады.

      Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін, осы автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген қарыз берілген кезде жүргізілмейді.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен Нормативтердің 90-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде төмендегідей есептеледі:



      мұндағы:

      БЖК – борыш жүктемесінің коэффициенті;

      ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (қарыздары) бойынша Нормативтердің 95-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Нормативтердің 96-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n – қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;

      К – қарыз алушының Нормативтердің 97-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа кірісі.

      Қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының қарыз бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері автокөлік құралы түріндегі кепіл құнына азайтылған, өтімділік коэффициентіне түзетілген өтелуге тиіс берешек сомасының (негізгі борыш сомасынан және қарыздың бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыдан тұратын) берілетін қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне 0,7-ге тең қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады.

      Автокөлік құралының орташа нарықтық құны Халықаралық қаржылық есептіліктің № 13 "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалау немесе банктің бағалауы негізінде айқындалады.".

      2. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микроқаржы ұйымы:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға микрокредит беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған микрокредит беру туралы шарты (шарттары) шеңберінде қосымша микрокредит беру;

      микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредит талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      4. Қағидалардың 3-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттерге қолданылады.

      Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін, осы автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит берілген кезде жүргізілмейді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

      ҚК ≥ ЕТКДШ + 0,5 * ЕТКДШ * Сктом,

      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Бюджет туралы заң) тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы";

      СКТОМ – отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың біреуі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы ресми кірісі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік картаны толықтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың орташа айлық сомасының айларда көрсетілген берілетін кредит мерзіміне қатынасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік соңғы 6 (алты) айдағы борыш жүктемесі коэффициентінің (0,5) рұқсат етілген ең жоғары мәніне төлем мерзімін өткізусіз жасаған өтелген және (немесе) өтелмеген банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемдері сомасының орташа мәніне қатынасы ретінде айқындалатын қарыз алушының кірісі;

      8) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдаудан орташа айлық кірісі (мұндай кірістер делдал компания арқылы расталған кезде);

      9) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 12 (он екі) ай кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлемнің төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әрбір ай үшін кіріс Бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшері деңгейінде қабылданады;

      10) қарыз алушының өтініш жасаған күнінің алдындағы 6 (алты) айдағы жұмыс орнынан түсетін кірістер туралы анықтаманың және (немесе) оқу орнынан алынатын стипендияның мөлшері туралы анықтаманың негізінде есептелген орташа айлық кірісі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсына отырып растайды және (немесе) микроқаржы ұйымы қарыз алушының жазбаша нысанда не қарыз алушының идентификаттау құралы арқылы берген келісімі негізінде сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде көрсетілген өлшемшарттардың тек біреуі ғана қолданылады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз аушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз алушы деп соңғы аяқталған 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға 6 (алты) және одан көп төлемдер жасаған жеке тұлға түсініледі.

      Қарыз алушының ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жүргізген төлемдердің күні мен сомасы туралы ақпаратты микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан алынған қарыз алушының кредиттік есебінің негізінде айқындайды.

      Жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген кірістер негізінде айқындалады.

      7. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыз алушының микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:



      мұндағы:

      БЖК - борыш жүктемесінің коэффициенті;

      ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi – қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n – қарыз алушының өтелмеген микрокредиттерінің, банктік қарыздарының саны;

      К – қарыз алушының Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа кірісі.

      Қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер бойынша борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының микрокредит бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері өтімділік коэффициентіне түзетілген, автокөлік түріндегі кепіл құнына азайтылған өтелуге тиіс берешек сомасының (негізгі борыш сомасынан және кредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыдан тұратын) берілетін микрокредиттің айлармен көрсетілген мерзіміне 0,7-ге тең қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады.

      Автокөлік құралының орташа нарықтық құны Халықаралық қаржылық есептіліктің № 13 "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалау немесе микроқаржы ұйымының бағалауы негізінде айқындалады.".

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады