"Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 63 және "Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 11 бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 маусымда № 34493 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 63 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32489 болып тіркелген);

      2) "Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 11 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34163 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөнiндегi комитетi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады