ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесінде:
"В" тобында:
реттік нөмірі 16-жол, мынадай редакцияда жазылсын:
"
"В" тобы | 16. | Сурдо керлинг | Баскетбол 3х3 |
";
"С" тобында:
реттік нөмірі 8-жол, мынадай редакцияда жазылсын:
"
"С" тобы | 8. | Желкенді қайық спорты |
";
реттік нөмірі 14-жол, мынадай редакцияда жазылсын:
"
"С" тобы | 14. | Петанк | Брейкинг |
".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі |
Е. МАРЖИКПАЕВ |