Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34540 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдаланудың қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2024 жылғы " "
№ бұйрығымен
бекітілген

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулықтары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) азаматтық қорғау органдары жеке құрамының (бұдан әрі – мемлекеттік инспектор) бұзушылықтар мен іс-әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды (бұдан әрі-портативті тасымалданатын бейнетіркегіш) пайдалануын айқындайды.

      2. Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті және цифрлық аудио-бейнежазбаның мобильді жүйесін қолданудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексі, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

      3. Бұл нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бейнетіркегіштің жад картасы (бұдан әрі – жад картасы) – ақпаратты сақтау үшін пайдаланылатын алынбалы ықшам электрондық сақтау құрылғысы;

      2) деректерді сақтау сервері – фото және бейнежазбаларды түсіруге және сақтауға арналған серверлік құрылғы;

      3) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі – қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлға, заңды тұлға, оның филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік орган;

      4) мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі – мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінде меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік;

      5) портативті тасымалданатын бейнетіркегіш – бұл мемлекеттік инспекторлармен бақылау-алдын алу іс-шараларын және басқа да жедел-қызметтік қызметті жүзеге асыру кезеңінде болып жатқан жағдайды тіркеуге арналған бейне және аудио жазба функциясы бар техникалық құрылғы.

      4. Портативті тасымалданатын бейнетіркегіш өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтар жасау фактілерін және әрекеттерін тіркеуге арналған.

      5. Портативті тасымалданатын бейнетіркегішпен бақылау және қадағалау және тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспекторлар қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Техникалық құралдарды пайдалану және аудио бейнетіркеу деректерін сақтау

      6. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы бейнетіркегішті (жад картасын) беруге және қабылдауға, фото- және бейнежазбаларды түсіруге және сақтауға, бейнетіркегішті мемлекеттік инспекторға берген кезде бейнетіркегіште күні мен уақытын белгілеуге, оларды түсіргеннен кейін жад карталарынан фото- және бейнежазбаларды алып тастауға, бейнетіркегіш жұмыс істемей тұрған кезде оны ауыстыруға, сондай-ақ жүргізілген фото- және бейнежазбаларды қарау мен талдауға жауапты қызметкерді (әрі қарай-жауапты тұлға) айқындайды.

      Бұл ретте деректерді сақтау серверіне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы мен бөлімшесінің басшысы ғана білетін арнайы пароль орнатылады.

      7. Әрбір бейнетіркегішке және жад картасына құрылғыны беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      8. Портативті тасымалданатын бейнетіркегіштер уәкілетті органның бөлімшелерінде жауапты тұлғада сақталады және осы нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес портативті тасымалданатын бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді және тапсыруды есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғыза отырып, бақылау және қадағалау және тексеру субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру алдында мемлекеттік инспекторға беріледі.

      9. Жауапты тұлға жад карталарын портативті тасымалданатын бейнетіркегішке орнатқаннан кейін көрсетілген ағытпаны мөрмен бекітеді.

      10. Журнал азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшелерінің кеңсесінде тіркеледі, парақтар нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Журналдың соңғы бетінде жауапты тұлға: "Осы журналда ___ парақ нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген" деген жазба жасайды. Журналға жазба қаламсаппен жазылады. Жіберілген қателер қате жазбаны сызып тастау және жаңа жазбаны енгізу жолымен түзетіледі, бұл туралы ескертпелер бағанында жауапты тұлғаның қолы қойылған ескерту жасалады.

      11. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және тексеру арқылы мемлекеттік инспекторлар портативті тасымалданатын бейнетіркегіштің сақталуын қамтамасыз етеді және аяқталғаннан кейін жауапты тұлғаға тапсырады.

      Жазбаны түсіру кезінде тек жад картасы алынады немесе жазба автоматты түрде жүктеледі.

      12. Деректерді сақтау серверіне түсіру аккумуляторды портативті тасымалданатын бейнетіркегішті зарядтау кезінде автоматты режимде жүргізіледі.

      13. Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазбалардың сақталу мерзімі – 3 жыл.

      14.Серверлік бөлмеде немесе кезекші бөлімде орнатылған деректерді сақтау серверіндегі ақпаратқа рұқсат тек уәкілетті органның жауапты тұлғасына және аумақтық бөлімшесінің басшысына сақтау серверіндегі деректерге өзгерістер енгізу құқығынсыз (күні мен уақытын өзгерту) ұсынылады.

      15. Дәлелдемелік базасы бар жазбалар профилактикалық бақылауды жүзеге асыру нәтижелерінің материалдарымен бірге бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және тексеру арқылы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға және/немесе сотқа сұрау салу, ұйғарым немесе қаулы негізінде жіберіледі.

      16. Портативті тасымалданатын бейнетіркегіш бақылау және қадағалау және тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектордың іс-әрекеттеріне кедергі келтірмей, кеуде аймағында иық буынына жақын бекітіледі.

      17. Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті қолданар алдында мемлекеттік инспектор оның жұмысқа қабілеттілігін, бейнетіркегіштің аккумуляторы зарядының деңгейін, күні мен уақытының дұрыс орнатылуын, бейнетіркегіште фото– және бейнетүсірілім сапасының оңтайлы параметрлерін, сондай-ақ оның түгендеу нөмірінің болуын тексереді.

      18. Мемлекеттік инспектордың кеудесіне фото- және бейнетүсірілім жүргізу туралы хабарлайтын мынадай жазуы бар бейдж бекітіледі: "Назар аударыңыз! Фото- және бейнежазба жүргізілуде".

      19. Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті қосу мемлекеттік инспектордың қызметтік міндеттерін атқару басталған сәттен бастап жүргізіледі және олар аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Бұл ретте бейнетіркегішті қосу процесінде мемлекеттік инспектор құрылғының белгіленген уақытының дұрыстығына көз жеткізеді.

      20. Портативті тасымалданатын бейнетіркегіш пен жад картасынан қолда бар жазбаны өз бетінше алып тастауға, сондай-ақ бейнетіркегішті ажыратуға және аудио-бейнежазбаны жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді, жол берілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік инспектор тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

      21. Мемлекеттік инспектор тамақ ішуге, санитариялық торапқа баруға үзіліс жасаған жағдайда, жауапты адамды хабардар ете отырып және кейіннен журналдың "ескертпе" бағанына тиісті жазбаны енгізе отырып, мемлекеттік инспектордың бейнетіркегіште фото - және бейнетүсірілім жүргізуді тоқтата тұруға және қайта бастауға, фото - және бейнетүсірілім жүргізудің нақты уақытын айтуымен фото-және бейнетүсірілім жүргізуді тоқтата тұруға жол беріледі.

      22. Бақылау және қадағалау және тексеру субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңінде портативті тасымалданатын бейнетіркегіш (жад картасы) істен шыққан жағдайда, мемлекеттік инспектор бұл туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлімшесінің басшысын және жауапты адамды дереу хабардар етеді.

      Жауапты тұлға ақаулықтардың себептерін жою мүмкін болмаған кезде бейнетіркегішті ауыстыруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте жауапты тұлға журналдың "Ескертпе" бағанында бейнетіркегіштің істен шығу себептерін, хабарламаның күні мен уақытын және бейнетіркегішті ауыстыруды көрсете отырып, тиісті жазбалар жүргізеді.

      23. Бейнетіркегішті пайдалануды мемлекеттік инспекторлар осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген қызметтік мақсаттарда ғана жүзеге асырады.

      24. Қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мемлекеттік инспекторлар портативті тасымалданатын бейнетіркегіш пен жад картасының сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыс күні аяқталғаннан кейін оларды жауапты тұлғаға тапсырады.

      Мемлекеттік инспектор портативті тасымалданатын бейнетіркегішке ұқыпты қарайды, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермейді, оны басқа адамдарға бермейді.

  Әкімшілік құқық бұзушылық
жасау фактілерін және
мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдары қызметкерлерінің іс-
әрекеттерін тіркеу үшін
техникалық құралдарды
пайдалану нұсқаулығына
қосымша
  (нысан)

      Мұқабаның алдыңғы жағы

Портативті тасымалданатын бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді, тапсыруды және фото және бейнежазбаларды түсіруді есепке алу журналы

      _________________________________________________________________

      (бөлімшенің атауы)

      "___" _______ 20 __ жылы басталды

      "___" _______ 20 __ жылы аяқталды

      Мұқабаның ішкі жағы

№ р/с

Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті түгендеу нөмірі (портативті тасымалданатын бейнетіркегіш жад карталары)

Портативті тасымалданатын бейнетіркегішті пайдаланушының Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Күні мен уақыты, алғаны туралы қолы

Күні мен уақыты, тапсыру туралы қолы

Ақпаратты түсіру күні мен уақыты

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады