БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.";
орыс тіліндегі 2-тармақ мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тікелей шығындар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды:
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;
2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
3) өндірістік персоналдың, сондай-ақ шақырылған адамдардың іссапар шығыстарын;
4) техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарын;
5) тауар-материалдық қорларды (жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;
6) байланыс, интернет қызметтеріне, пошта қызметтері, смс-тарату, хостинг алаңы;
7) жалға алу бойынша қызметтерді;
8) веб-сайтты, веб-платформаларды әзірлеуге, доменді және хостингті жалға алуға және оларды техникалық сүйемелдеуге және техникалық қолдауға арналған шығыстар;
9) мемлекеттік тапсырма шеңберінде іс-шараларды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін;
10) өндірістік үй-жайлардың коммуналдық қызметтерін;
11) шетелдік іссапарлар кезіндегі өмірді сақтандыру;
12) өкілдік шығыстар;
13) дизайнер және типография қызметтер;
14) көлік және логистикалық қызметтер;
15) зияткерлік меншікке авторлық және лицензиялық құқықтарды сатып алуды;
16) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар және басқа да осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
17) білім беру курстарын, семинар-тренингтерді, білім беру іс-шараларын, тікелей эфирлерді ұйымдастыру және өткізу;
18) жобаларды ақпараттық жария ету жөніндегі қызметтерді;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек беру;
20) мектеп-интернаттарда оқитын, дарынды балаларға арналған тамақтандыру қызметтерін;
21) іс-шаралардың бейне мазмұнын жасау бойынша қызметтерді;
22) визалық қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді қамтиды.";
12-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі |
Е. МАРЖИКПАЕВ |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі