"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34561 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақта:

      14) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) кредит – банктің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, аймақтық инвестициялық орталықтарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретін қарыз қаражаты;

      15) кредитор – екінші деңгейдегі банктер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар еншілес ұйымдары (бұдан әрі − еншілес ұйымдар), аймақтық инвестициялық орталықтары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) қарыз алушы – кредитормен кредиттік шартты жасасқан агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде, жергілікті бюджеттен қаражат бөлу кезінде субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО (көрсетілетін қызметті берушімен) жүзеге асырады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде республикалық бюджеттен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкімет резервінен және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаражат бөлу кезінде уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті берушімен) жүзеге асырады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Банктермен, еншілес ұйымдарымен, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарымен инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі – %) аспайды. 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;";

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) банктер, еншілес ұйымдар, аймақтық инвестициялық орталықтар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік серіктестіктер және микроқаржы ұйымдар айналым қаражатын толықтыруға беретін;

      2) кредит мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, 12 (он екі) айдан аспайды;

      3) сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %-ға ұлғайта отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген сыйақының базалық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде;

      4) кредит валютасы – теңге;

      5) кредитті өтеу – кредиттік шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді жүзеге асыру;

      6) кредиттің ең жоғары сомасын кепілгер кепілгердің ішкі құжаттары негізінде айқындайды;

      7) нысаналы мақсаты көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кейіннен өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға алғы төлем жолымен қаржыландыру үшін айналым қаражатын толықтыруға қайта өңдеу кәсіпорындарына несие беруді қоса алғанда (бұдан әрі – көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстары) айналым қаражатын толықтыру болып табылады;

      8) кепілдік мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, кредиттік шарттың мерзімінен 4 (төрт) айға асатын мерзім;

      9) кепілдік мөлшері – негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) %-нан аспайды;

      10) кепілдік бергені үшін комиссия кепілдік сомасының 10 (он) %-нан аспайды, бұл ретте кепілдік сомасының 9,99 (тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) %-нан аспайтын бір реттік субсидиялау жүзеге асырылады, ал қарыз алушы кепілдік сомасының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) %-ын төлейді;

      11) соңғы қарыз алушы кредит қаражатын бөлу мақұлданған егіс алаңдарын сақтандыру бойынша міндеттемелерді қабылдайды.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген шарт Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары шеңберінде сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға бюджет қаражаты және қолданыстағы сақтандыру лимиті болған кезде қолданылады.

      Кепілгер несие берушімен портфельдік кепілдік беру туралы келісім жасаса отырып, көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған несиелік шарттар бойынша портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады және осы қағидалардың шарттарына сәйкес келісімде кепілгердің ішкі құжаттары негізінде қарыз алушыға кредит пен кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілейді.

      Егер несиелік шарт бойынша несие беруші қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымның қаражаты есебінен қаржыландырылған несиелік серіктестік болған жағдайда, портфельді кепілдендіру туралы келісім кепілгер, еншілес ұйым және несиелік серіктестік арасында жасалады.

      Несие берушінің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес несие беруші қарыз алушының қаржыландыруға өтінішін дербес қарайды.

      Несие беруші кепілгер кепілдігімен көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы оң шешімді қабылдаған жағдайда, несие беруші несиелік шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілгерге несиелік шарттың көшірмесін, несие берушінің уәкілетті органының қаржыландыру туралы шешімін, осы қағидаға сәйкес кепілдік жөніндегі комиссияның бір бөлігіне ақы төлеу туралы құжатты ұсынады, оның негізінде кепілгер 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік міндеттемені ресімдейді және несие берушіге жібереді.

      Кепілдік бойынша талап қою тәртібі және кепілдік міндеттемелері бойынша кепілгердің оны орындауы кепілгер осы қағидада белгіленген талаптарды сақтай отырып, портфельдік кепілдік беру туралы келісімге сәйкес жүргізеді.";

      5-1, 5-2 және 5-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Егер қарыз алушы кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күн ішінде қарыз алушы кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған болса, онда кредиторға кепілгерге талап қоюға жол беріледі. Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру шеңберінде кредиттік шарттар бойынша кепілгерге қарыз алушы кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткенен кейін талаптар қойылады.

      Кредитор түпкілікті қарыз алушылардың қарыздары бойынша қайта құрылымдауды қолданыстағы кредитордың ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес ұсынады.

      5-2. Кепілгер кредиттік шарттар бойынша кепілдіктерді талап алынған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал кредиттік шарттар бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру шеңберінде-талап алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді.

      Бұл ретте, егер кредиттік шарт бойынша кредиторлар қарыз алушыларды одан әрі қаржыландыру мақсатында еншілес ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік серіктестіктер болған жағдайда, егер кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді кредиттік серіктестіктер еншілес ұйымдардың алдында өтейтін жағдайларды қоспағанда, кепілдік бойынша төлемді кепілгер еншілес ұйымдардың пайдасына жүргізеді. Мұндай жағдайларда кепілдік бойынша төлемді кепілгер кредиттік серіктестіктердің пайдасына жүргізеді.

      5-3. Кредитті нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде, кепілгер кепілдік сомасын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредит сомасына барабар төмендету туралы шешім қабылдайды.

      Кредит толықтай нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда, кепілгер кепілдікті тоқтатады.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кепілгердің кепілдік шарты жасалғаннан кейін және портфельдік кепілдік беру әдісін қолданғанда осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді және осы қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімді "электрондық үкіметтің" веб-порталының СМАЖ-бен өзара іс-қимылы арқылы электронды түрде беруі;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Осы қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінімді/осы қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіптердің бірі бойынша жеке кабинетте жүргізіледі:

      1) кредит алуға қарыз алушыдан кредиторға өтінім түскен кезде (кепілдік беруге өтініммен кепілгерге одан әрі жүгіну ниетімен) кредитор кепілдік беру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, кепілгерге хабарлайды.

      Кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін кредитор кредитордың ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған тізбе бойынша құжаттарды ұсынады.

      Кепілгер кредитордан құжаттарды және қарыз алушыдан өтінішті алғаннан кейін 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 5 (бес) жұмыс күні және 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден астам кредиттер бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны кепілгердің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      Ұсынылған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, кепілгер 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кредиторға/қарыз алушыға пысықтау үшін қайтарады. Бұл ретте өтінімді қараудың жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап тоқтатылады және қайта басталады.

      Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы қағидалардың шарттарына және (немесе) кепілгердің уәкілетті органы бекіткен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кепілгер нақты себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді.

      Кепілгердің кепілдік беруден бас тартуына жоба осы қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген, сондай-ақ қарыз алушылар кредитордың шешімімен белгіленген қарыз алушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жол беріледі.

      Кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған кезде СМАЖ-да кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім қалыптастырылады;

      2) кепілгердің ішкі нормативтік құжаттарында айқындалған тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, қарыз алушыдан кепілдік алуға кепілдікке тікелей өтінім түскен кезде кредитордың пайдасына кепілдік беру туралы мәселені соңғы қарайды.

      Кепілгер қарыз алушыдан өтініш пен құжаттарды алғаннан кейін осы қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды. Кепілгер кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған кезде СМАЖ-да кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім қалыптастырылады;

      3) кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінім ЭЦҚ пайдалана отырып, кепілгер оған қол қою арқылы СМАЖ-да тіркеледі және ауыл шаруашылығы (көрсетілетін қызметті беруші)/уәкілетті орган (көрсетілетін қызметті беруші) мәселелері жөніндегі ЖАО-ның жеке кабинетінде қолжетімді болады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің)/уәкілетті органның (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Кепілдік шарты жасалғаннан кейін кепілгер кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінімді/ көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша субсидия алуға алдын ала өтінімді қайтарып алады және кепілдік беру бойынша субсидия алуға өтінімді/көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша субсидия алуға өтінімді береді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы қағидалардың 1 және 2-қосымшасына сәйкес қызмет түрлері бойынша жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болмаған/жетіспеген жағдайда, кепілгер қосымша бюджет қаражатын алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

      Бұл ретте көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалар бойынша жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болмаған/жетіспеген жағдайда кепілдік беруді, оның ішінде бюджеттен қаражаттың кейіннен өтелуін ескере отырып, кепілдік шарттарын жасасу жолымен жүзеге асыруды жалғастырады.

      Кепілдіктер берілген қаржы жылының соңына дейін бюджеттен қаражат өтелмеген немесе толық өтелмеген кезде кепілгер кепілдіктер беруді және тиісті шарттар жасасуды комиссияның кепілгеріне берілген кепілдіктерді төлеу жөніндегі толық есеп жүзеге асырылғанға дейін тоқтата тұрады.";

      көрсетілген қағидаларға 3 және 3-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 24 маусымдағы
№ 216 бұйрығына
1-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінім

      (кімге) ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы /

      уәкілетті орган)

      (кімнен)___________________________________________________________________

      (кепілгердің толық атауы)

      Осымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес Кепілгер,

      _________________________________________________________________ (қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – қарыз алушының аты-жөні)/атауы) және__________________________________ арасында (кредитордың атауы (бұдан әрі – кредитор) кепілдік шартына қол қойылғанын хабарлайды.

      Кепілдік кредиттік шарт бойынша _________ (қарыз алушының аты-жөні/атауы) ____________ (кредитордың атауы) алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілді.

      Жоғарыда баяндалғанға байланысты сізден _________ (кепілдеме сомасынан 29,99 (жиырма тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыз (бұдан әрі – %) мөлшеріндегі субсидияны мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз:

      Төлемді тағайындаған кезде қарыз алушының аты-жөні/атауын және кепілдік комиссиясы аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      аты-жөні/атауы_______________________________________________жеке

      сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –БСН)

      ________________________________________________________

      басшының аты-жөні ________________________________________________

      мекенжайы: _______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі шот бойынша мәліметтер:

      БСН______________________________________________________________

      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ___________________________________

      Кредитор деректемелері: ____________________________________________

      Кредитор атауы: ____________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) ____________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) _____________________________________

      БСН _____________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________

      3. Кредитор пен қарыз алушы арасында жасалған кредит шарты (бұдан әрі – КШ) туралы мәліметтер:

Р/с №

КШ (№ және күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/БСН-сы

Өнім (қаржыландыру) түрі (кредит немесе микрокредит)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Кредиттің/ кредит желісінің сомасы және валютасы

Кредит беру мақсаты

Кредиттің/ кредит желісінің мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

6

7

8

9





      4. Кепілдік шарты (бұдан әрі – КепШ) туралы мәліметтер:

Р/с №

КепШ (№ және күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/ БСН-сы

Кепілдік сомасы, теңге

Кепілдік мерзімі, жыл

1

2

3

4

5

6







      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғанымыз үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге келісім береміз.

      Кепілгер 20__ жылы "__" __________ сағат ____ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылы "__" ___________сағат ____ қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 24 маусымдағы
№ 216 бұйрығына
2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінім

      (кімге)____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы /

      уәкілетті орган)

      (кімнен)___________________________________________________________________

      (Кепілгердің толық атауы)

      Осымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кепілдік

      беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып

      тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын

      кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – аты-жөні)/атауы)

      (кредитордың (бұдан әрі – кредит) атауы) кредитке өтінім берді, ол өтінім мақұлданған

      жағдайда кепілдендіруге өтінім беру жоспарланады.

      Кепілдік кредиттік шарт бойынша _______ (қарыз алушының аты-жөні/атауы) _______

      (кредитордың атауы) алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету

      ретінде берілді.

      Жоғарыда баяндалғанға байланысты Сізден _________ (кепілдеме сомасынан 9,99

      (тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыз (бұдан әрі – %) мөлшеріндегі субсидияны

      мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз;

      Төлемді тағайындаған кезде қарыз алушының аты-жөні/атауын және кепілдік

      комиссиясы аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      аты-

      жөні/атауы___________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (бұдан әрі – БСН) ______________________________________________

      Басшының аты-жөні___________________________________________________

      мекенжайы: __________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      2. Екінші деңгейлі банктегі шот бойынша мәліметтер:

      БСН________________________________________________________________

      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ______________________________________

      Кредитор деректемелері: ______________________________________________

      Кредитор атауы: _____________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) ______________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) ________________________________________

      БСН ________________________________________________________________

      Кбе _________________________________________________________________

      3. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы жасалған кредиттік шарт (бұдан әрі – КШ) туралы мәліметтер:

Р/с №

КШ (номері мен күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/БСН-сы

Өнім (қаржыландыру) түрі (кредит немесе микрокредит)

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы

Кредиттің/ кредит желісінің сомасы және валютасы

Кредит беру мақсаты

Кредиттің/ кредит желісінің мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

6

7

8

9





      4. Кепілдік шарт туралы мәліметтер: (бұдан әрі – КепШ)

Р/с №

КепШ (номері мен күні)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/ БСН-сы

Кепілдік сомасы, теңге

Кепілдік мерзімі, жыл

1

2

3

4

5

6







      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғанымыз үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береміз.

      Кепілгер 20__ жылы "__" __________ сағат ____ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылы "__" ___________сағат ____ қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады