"Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 24 маусымдағы № 37 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 маусымда № 34573 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Меншік құқығында немесе жалдау шартында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін атыс тирінің болмауы.

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Меншік құқығында немесе жалдау шартында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін атыс тирінің болмауы.

Өрескел

      ";

      бірлескен бұйрыққа 1-1-қосымшада:

      бару арқылы профилактикалық бақылау үшін 2-бөлімнің 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2-бөлім. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным):

4

Бақылау субъектісінің ұсынымды орындамауы.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным)

100

1 факт

100%

      ";

      талаптарға сәйкестігін тексеру үшін 2-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Бақылау субъектісінің ұсынымды орындамауы.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным)

100

1 факт

100%

      ";

      бірлескен бұйрыққа 1-3-қосымшада:

      талаптарға сәйкестігін тексеру үшін 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Бақылау субъектісінің ұсынымды орындамауы.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным)

100

1 факт

100%

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылау жөніндегі тексеру парағында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Меншік құқығында немесе жалдау шартында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін атыс тирінің болуы.



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Б. Омарбеков
     
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады