"Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 маусымда № 34588 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) әзірлеуге негіздеме: жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе әзірлеменің талдауы";

      Ескертпе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе*:

      Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс."

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады