"Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 маусымда № 34589 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік орман иеленушілер жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін:";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер жыл сайын электрондық жинау жүйелерін, есептi жылдан кейiнгі жылдың 10 сәуірдегі дейiнгі мерзімде, түсіндірме жазбалары бар облыс бойынша жиынтық есептерді мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жыл сайын, 1 маусымға дейін түсіндірме жазбахаттары бар облыс бойынша және республика бойынша жиынтық есептерді электрондық тасығыштарда орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, Аумақтық бөлімшелерге және Құрылымдық бөлімшелерге жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады