БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Л. Мерсалимова |