"Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34607 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 28054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мониторингті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, соның ішінде "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары) сәйкес тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту арқылы жүргізіледі.

      7. Кодекстің 273 бабының 2 тармағына сәйкес, тәуелсіз сарапшылар және (немесе) тарту кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен тәуелсіз сарапшы арасында мониторинг жүргізу кезінде өздеріне мәлім болған медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын дербес медициналық деректерді үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы келісімге қол қойылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мониторинг жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мынадай жағдайларда Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларына сәкес тәуелсіз сарапшыларды және (немесе) бейінді мамандарды:

      1) өлім жағдайларын, емделген жағдайларды қарау кезінде медициналық көмектің сапасын растау;

      2) көрсетілген медициналық қызметтерге жоспарлы, проактивті, нысаналы мониторингтер жүргізу арқылы;

      3) азаматтық процестің тарабы ретінде қатысу арқылы жүзеге асыру үшін тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Е. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады