"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34611 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 08.06.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 116) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "116) стратегиялық тауарлар:

      субъектілер жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут және дизель отыны;

      электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – ысыраптарды өтеу үшін жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет есепке алынған электр энергиясы;

      жылу энергиясымен жабдықтау саласындағы субъектілер үшін және жылу энергиясын беру және тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы;

      тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы субъектілер үшін өз мұқтаждары мен ысыраптарына – газ;

      сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы субъектілер үшін – су;";

      15-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша:

      қаржы-шаруашылық қызмет туралы, инвестициялық қызмет туралы;

      негізгі қорлардың жай-күйі туралы, алдыңғы күнтізбелік екі жылғы еңбек бойынша жалақының құрылымы мен бөлінуі туралы;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) алдыңғы күнтізбелік жыл үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялар шешімдерінің көшірмелері;";

      310-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "310. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы тарифті оңайлатылған тәртіппен бекітуге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жария тыңдаулар өткізеді.

      Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы оңайлатылған тәртіптегі тарифтің жобасын талдау бойынша жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.";

      471-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "471. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсаттары үшін Заңның 26-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға сәйкес субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізудің әзірленген және бекітілген әдістемелерін уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосымен және оның аумақтық органымен келіседі.";

      604-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "604. Тарифті өзгертуге берілген өтінімге:

      1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту себептері көрсетілген түсіндірме жазба;

      2) осы Қағидаларға сәйкес Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте, стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда тарифтік сметада стратегиялық тауарларды пайдалануды және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтердің (бағалардың) өзгеруін қамтитын шығындардың баптары ғана түзетіледі;

      3) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту қажет екенін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Стратегиялық тауарлардың құны және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда, тарифті бекітуге берілетін өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу бойынша конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептемелері, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген техникалық ысыраптардың есептемелері, стратегиялық тауар шығыстарының нормалары қоса беріледі.

      Уәкілетті орган ведомствосының тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:

      1) осы Қағидалардың 601-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      2) осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 6), 10) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      3) осы Қағидалардың 601-тармағының 12) тармақшасында көзделген жағдайда оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      Тариф уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша өзгерген жағдайда субъект тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есептемелер мен материалдарды (шарттардың, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелерін, баланстық және қалдық құнын, қызмет ету мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесін) ұсынады.";

      625-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "625. Тарифтердің және тарифтік сметалардың жобаларын қалыптастыру осы Қағидалардың 9-тарауына сәйкес Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органмен келісілген субъект әзірлейтін және бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесінің негізінде жүзеге асырылады.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде шығындар осы тарауға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасына және Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      639-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "639. Қуаты аз субъект тариф өзгергенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде Заңның 15-бабының 13-тармағына сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.

      Жария тыңдауларды өткізудің күні және орны туралы ақпаратты және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені қуаты аз субъект оларды өткізгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ол болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына интернет-ресурсында немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады