"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34621 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл – ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың жобасын орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы және бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі, орта, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерге қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні тендерлік құжаттамасын және бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік бес күнді құрайды.

      Қажеттілік туындаған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдер беру мерзімі өткенге дейін өз бастамасы бойынша тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізе алады. Мұндай жағдайларда тендерлік құжаттама алдын ала талқылауға жатады.

      Егер тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Осы Қағидалардың 7-тарауының 6-параграфының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі, орта, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Тендерлік комиссия біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі, орта, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссия біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Мына:

      1) Заңның 7-бабының талаптарын бұзған;

      2) біліктілік талаптары мен тендерлік құжаттама талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген;

      3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерді тендерге қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі, орта, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерді тендерге қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады және тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      Тендерлік құжаттамада:

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Осы ТҚ-ның 5-13 тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі, орта, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерді тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі, орта, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерді тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады және тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады