ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 /бұйрығына қосымша |
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесі
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар | Біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмелерімен және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортымен расталатын меншік құқығында немесе жалдау шартының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың болуы. | Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырылған көшірмелері және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты. | Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды. |
2 |
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін: |
Объектінің талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері не қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері. | Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды. |
3 |
"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы (егер қызметтерді алушылардың тұруы көзделсе немесе алушылар объектіде 4 сағаттан артық болса). |
Осы біліктілік талаптарына қосымша сәйкес нысан бойынша санитариялық қағидаларға сәйкес тамақтану объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер. |
Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды. |
4 |
Ұсынылатындардың тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы: |
"Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту турал |
Біліктілік талаптары үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды. |
5 | № 230 бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін штат нормативтерімен көзделгеннен кем емес қызметкерлер штатының болуы. | Бекітілген штат кестесі, кәсіптік білімін, біліктілігін растайтын қызметкерлердің құжаттары, кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификат. |
Қызметкерлер құрамының болуы бойынша біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке тұлғаларға қолданылмайды. |
6 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандартына сәйкес келетін жатын алаңының болуы. | № 440 бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты. |
Біліктілік талаптар: |
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесіне қосымша |
Нысан
Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер
_______________________________________________________
(арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымының атауы)
(_____________ жағдай бойынша)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |