Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34624 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 222 /бұйрығына
қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар

Біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмелерімен және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортымен расталатын меншік құқығында немесе жалдау шартының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың болуы.

Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырылған көшірмелері және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

2

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін:
1) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96 / 2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес үй-жайлары бар;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келетін қажетті ғимараттардың болуы.

Объектінің талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері не қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру немесе профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі. Жаңадан іске қосылатын объекті үшін пайдалануға беру актісі, оның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрық, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, эвакуациялау жоспары, қажетті бастапқы өрт сөндіру құралдарының ең аз тізбесі, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.

Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

3

"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы (егер қызметтерді алушылардың тұруы көзделсе немесе алушылар объектіде 4 сағаттан артық болса).
Қызметтерді алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымша сәйкес нысан бойынша санитариялық қағидаларға сәйкес тамақтану объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың көшірмесі.

Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Қызметтерді алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартын ұсынған кезде объектінің талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі не жалға алынатын объектіге қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі қоса беріледі.

4

Ұсынылатындардың тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 230 бұйрық) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің;
2) әлеуметтік-медициналық көрсетілетін қызметтердің;
3) әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің;
4) әлеуметтік-еңбек қызметтердің;
5) әлеуметтік-мәдени қызметтердің;
6) әлеуметтік – психологиялық қызметтердің тиісті сапасын қатамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы.

"Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту турал
ы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33000 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 440 бұйрық)
Медициналық қызметке лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі.

Біліктілік талаптары үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Егер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету талап етілсе, Медициналық қызметке лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады.
Егер қызмет алушылардың 23 жасқа дейін тұруы көзделсе, әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсетуге арналған негізгі құралдарды түгендеу актісі ұсынылады.

5

№ 230 бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін штат нормативтерімен көзделгеннен кем емес қызметкерлер штатының болуы.

Бекітілген штат кестесі, кәсіптік білімін, біліктілігін растайтын қызметкерлердің құжаттары, кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификат.

Қызметкерлер құрамының болуы бойынша біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттар олар болған кезде беріледі.

6

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандартына сәйкес келетін жатын алаңының болуы.

№ 440 бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

Біліктілік талаптар:
1) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға;
2) қызмет алушылардың тұруы көзделмеген ұйымдарда қолданылмайды.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсетуге
қойылатын біліктілік талаптар
мен құжаттар тізбесіне
қосымша

      Нысан

      Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________

      (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымының атауы)

      (_____________ жағдай бойынша)

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4






Об утверждении квалификационных требований и перечня документов к предоставлению специальных социальных услуг в области социальной защиты населения

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 июня 2024 года № 222. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 июня 2024 года № 34624

      Примечание ИЗПИ. Вводится в действие с 01.01.2025 в соответствии с пунктом 4 настоящего приказа.

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Квалификационные требования и перечень документов к предоставлению специальных социальных услуг в области социальной защиты населения, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту специальных социальных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу/
от 27 июня 2024 года № 222

Квалификационные требования и перечень документов к предоставлению специальных социальных услуг в области социальной защиты населения

Квалификационные требования, предъявляемые к предоставлению специальных социальных услуг

Документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям

Примечание

1

Наличие на праве собственности или на основании договора аренды здания или помещения, пригодных для предоставления специальных социальных услуг, которое подтверждается нотариально заверенными копиями свидетельства о государственной регистрации прав на здание (помещение) или договора аренды на здание (помещение) и кадастровый паспорт объекта недвижимости.

Нотариально заверенные копии свидетельства о государственной регистрации прав на здание (помещение) или договора аренды на здание (помещение) и кадастровый паспорт объекта недвижимости.

Квалификационные требования не распространяются на физических и юридических лиц, оказывающих специальные социальные услуги на дому.

2

Наличие необходимых зданий, обеспечивающих качество специальных социальных услуг:
1) с помещениями, соответствующими Санитарным правилам, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 августа 2020 года № ҚР ДСМ -96/2020 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21080);
2) соответствующее правилам пожарной безопасности, согласно приказу министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 55 "Об утверждении Правил пожарной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26867).

Копии санитарно-эпидемиологического заключения о соответствии объекта требованиям, либо копии уведомления о начале деятельности.
Копия акта о результатах проверки или профилактического контроля с посещением субъекта (объекта) контроля и надзора в области пожарной безопасности в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан. Для вновь вводимых объектов акт ввода объекта в эксплуатацию, в том числе, приказ о назначении лиц, обеспечивающих пожарную безопасность, инструкции о мерах противопожарной безопасности, план эвакуации, минимальный перечень необходимых первичных средств пожаротушения, копия акта приемки в эксплуатацию систем и установок пожарной автоматики.

Квалификационные требования не распространяются на физических и юридических лиц, оказывающих специальные социальные услуги на дому.

3

Наличие объекта питания (если предусмотрено проживание получателей услуг или получатели находятся на объекте более 4 часов), соответствующего Санитарным правилам, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 февраля 2022 года № ҚР ДСМ-16 "Об утверждении Cанитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам общественного питания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26866).
Наличие договора на обеспечение питанием получателей услуг.

Сведения о наличии объекта питания, соответствующего санитарным правилам, и санитарно-эпидемиологического заключения на объект питания по форме согласно приложению, к настоящим квалификационным требованиям.
Копия договора на обеспечение питанием получателей услуг.

Квалификационные требования не распространяются на физических и юридических лиц, оказывающих специальные социальные услуги на дому.
При предоставлении договора на обеспечение получателей услуг питанием, прилагается копия санитарно-эпидемиологического заключения о соответствии объекта требованиям, либо копии уведомления о начале деятельности на арендуемый объект.

4

Наличие материально-технической базы, обеспечивающей надлежащее качество предоставляемых:
1)социально-бытовых услуг;
2)социально- медицинских услуг;
3)социально-педагогических услуг;
4)социально-трудовых услуг;
5)социально-культурных услуг;
6)социально-психологических услуг,
соответствующих установленным Правилам деятельности организаций, оказывающих специальные социальные услуги, утвержденных Приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32875) (далее –приказ №230).

Кадастровый паспорт объекта недвижимости, утвержденный приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 440 "Об утверждении форм кадастрового паспорта объекта недвижимости" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33000) (далее – приказ №440).
Нотариально заверенная копия лицензии на медицинскую деятельность.

Квалификационные требования не распространяются на физических и юридических лиц, оказывающих специальные социальные услуги на дому.
Нотариально заверенная копия лицензии на медицинскую деятельность предоставляется если требуется оказание социально-медицинских услуг по действующему законодательству в сфере оказания специальных социальных услуг.
Квалификационные требования предъявляются на оказание социально-педагогических услуг при проживании получателей услуг до 23 лет.

5

Наличие штата сотрудников, не менее предусмотренного штатными нормативами, согласно Правилам деятельности организаций, оказывающих специальные социальные услуги в области социальной защиты населения, утвержденных приказом № 230.

Утвержденное штатное расписание, документы сотрудников, подтверждающие профессиональное образование, квалификацию, сертификат о прохождении профессиональной подготовки и переподготовки.

Квалификационные требования по наличию штата сотрудников не распространяются на физических лиц, оказывающих специальные социальные услуги на дому.
Сертификаты о прохождение профессиональной подготовки и переподготовки предоставляются при их наличии

6

Наличие спальных комнат, соответствующих установленному стандарту оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения, утвержденному Приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 263 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32941).

Кадастровый паспорт объекта недвижимости, утвержденный приказом № 440.

Квалификационные требования не распространяются:
1) на физических и юридических лиц, оказывающих специальные социальные услуги на дому;
2) на организации, в которых не предусмотрено проживание получателей услуг.

  Приложение
к квалификационным требованиям,
и перечню документов к
предоставлению специальных
социальных услуг в области
социальной защиты населения
  Форма

      Сведения о наличии объекта питания, соответствующего санитарным правилам, и санитарно-эпидемиологического заключения на объект питания
      _________________________________________________________________________
      (наименование организации, предоставляющие специальные социальные услуги)
      (по состоянию на ________)

Фактический адрес строения, занятого для предоставления специальных социальных услуг

Наименование объекта питания (столовая, буфет, кафе)

Наличие санитарно-эпидемиологического заключения о соответствии объекта питания санитарным правилам (дата и номер)

Примечание (при сдаче объекта питания в аренду указать сведения об арендаторах)

1

2

3

4