"Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 35544 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 495 /бұйрығына
қосымша

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар

Біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (мәліметтер)

Ескертпе

1

Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмелерімен және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортымен расталатын меншік құқығында немесе жалдау шартының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың болуы.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.

Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

2

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін:
1) "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген cанитариалық қағидаларға сәйкес үй-жайлары бар;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) және (немесе) "Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15099 болып тіркелген) сәйкес келетін;
3) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12701 болып тіркелген) сәйкес объектілерде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде: кіру топтары, жүріп-тұру жолдары, қызмет көрсету аймақтары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін тұрақ орындары бар қажетті ғимараттардың болуы.

Объектінің талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері не қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру немесе профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі. Жаңадан іске қосылатын объекті үшін пайдалануға беру актісі, оның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрық, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар, эвакуациялау жоспары, қажетті бастапқы өрт сөндіру құралдарының ең аз тізбесі, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.

Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

3

"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) бекітілген cанитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы (егер қызметтерді алушылардың тұруы көзделсе немесе алушылар объектіде 4 сағаттан артық болса).
Қызметтерді алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық қағидаларға сәйкес тамақтану объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың көшірмесі.

Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Қызметтерді алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартын ұсынған кезде тамақтану объектісінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі не жалға алынатын объектіге қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі қоса беріледі.

4

Ұсынылатындардың тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 230 бұйрық) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің;
2) әлеуметтік-медициналық көрсетілетін қызметтердің;
3) әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің;
4) әлеуметтік-еңбек қызметтердің;
5) әлеуметтік-мәдени қызметтердің;
6) әлеуметтік – психологиялық қызметтердің тиісті сапасын қатамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы.

"Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33000 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 440 бұйрық).
Медициналық қызметке лицензияның болуы туралы "Е-лицензиялаудың мемлекеттік дерекқорынан" мәліметтер

Біліктілік талаптары үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Біліктілік талаптары 23 жасқа дейінгі қызмет алушыларға көрсетілген жағдайда әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсетуге қойылады.
1. Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі ұйымдар келесі медициналық қызметті жүзеге асырады:
1) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға "Балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек;
консультациялық- диагностикалық көмек: неврология; психиатрия: психотерапия; медициналық оңалту, қалпына келтіретін емдеу: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру" медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болған жағдайда.
2) Тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға "Балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек: неврология; травматология-ортопедия;
психиатрия: психотерапия; медициналық оңалту, қалпына келтіретін емдеу: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру".
медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болған жағдайда;
3)Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға "Ересектерге мына мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек: неврология;
психиатрия: психотерапия; медициналық оңалту, қалпына келтіретін емдеу:
физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру".
медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болған жағдайда;
4) Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға "Ересектерге мына мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек;
консультациялық-диагностикалық көмек: неврология;
психиатрия: психотерапия;
медициналық оңалту, қалпына келтіретін емдеу:
физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру".
медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болған жағдайда;
2. Уақытша болу ұйымдары "Ересектерге мына мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі" медициналық қызметке мемлекеттік лицензия болған жағдайда келесі санаттарға медициналық қызмет көрсетеді:
1) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдар;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары;
3) адам саудасының құрбандары.

5

№ 230 бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін штат нормативтерімен көзделгеннен кем емес қызметкерлер штатының болуы.

Бекітілген штат кестесі, кәсіптік білімін, біліктілігін растайтын қызметкерлердің құжаттары, кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификат, кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат (бар болған кезде)

Қызметкерлер құрамының болуы бойынша біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттар олар болған кезде беріледі.

6

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандартына сәйкес келетін жатын бөлмелердің болуы.

№ 440 бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

Біліктілік талаптар:
1) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға;
2) қызмет алушылардың тұруы көзделмеген ұйымдарда қолданылмайды.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсетуге
қойылатын біліктілік талаптар
мен құжаттар тізбесіне
қосымша
  Нысан

Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер _______________________________________________________ (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады