Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 6 наурыздағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 наурызда № 35792 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73 Бұйрыққа
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мемлекеттік сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 13-тармақшасына және 19-бабының 9-тармақшасына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждардың саны кемінде 50 (елу) адамы бар республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда, стационарлы, жартылай стационарлы үлгідегі қызмет пен үйде қызмет көрсету жағдайында қызметтерге мұқтаждардың саны кемінде 25 (жиырма бес) адамы бар аудандық маңызы бар қалаларда, елді мекендерде, аудандық аймақтарда, ауыл округтерінде ашылады.

      Сонымен қатар үйде қызмет көрсету ұйымдары бір-бірінен 5 (бес) шақырымнан астам қашықтықта құрылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-2 - тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Уақытша болу ұйымдары тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ адам саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған.

      Олар мемлекеттік секторда республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда, аудандық маңызы бар қалаларда халық саны 100 000 (жүз мың) адамнан жоғары болған кезде құрылады. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 18-бабының 13-тармақшасына және 19-бабының 9-тармақшасына сәйкес, елді мекендерде, аудандарда және ауыл округтерінде халық саны 50 000 (елу мың) және одан жоғары адам болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша бір аудан деңгейінде уақытша болу ұйымын құруға болады.";

      30 -тармақ алып тасталсын;

      7-қосымшаның реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

жүргізуші

1

бір техникалық жарамды автокөлік құралына немесе жергілікті бюджет есебінен ақшалай қаражат бөлу жолымен әлеуметтік жұмыскерлерге көлік шығыстарын жабуды қамтамасыз ету не мемлекеттік органнан (әкімдіктен) қабылдау-тапсыру актісімен қоса жүргізушісі бар көлік құралын пайдалану туралы шартты ұсынуға, не жүргізушісі бар автокөлікті жалға алу (аутсорсинг) туралы шартты ұсынуға

      ".

      2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 230 бұйрық) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін:
1) әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің;
2) әлеуметтік-медициналық көрсетілетін қызметтердің;
3) әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің;
4) әлеуметтік-еңбек қызметтердің;
5) әлеуметтік-мәдени қызметтердің;
6) әлеуметтік – психологиялық қызметтердің ұсынылатын тиісті сапасын қатамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы.

"Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33000 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 440 бұйрық).
№ 230 бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің штаттық нормативтерінде, қағидаларында көзделген медициналық қызметке лицензияның болуы туралы "Е-лицензиялау мемлекеттік дерекқорынан" мәліметтер немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және көрсетілген қызметті алушылар тіркелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

Біліктілік талаптары үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Біліктілік талаптары алушыларға 23 жасқа дейін қызмет көрсету кезінде әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетуге қойылады.

      ".

      3. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      17- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Лицензия беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияның электрондық нысанын қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес алдын ала шешім бойынша қызметті алушының ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны көрсетілген хабарламаны жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-бабына сәйкес жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес тындау хаттамасы қалыптастырылады.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 және 3-3-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" не порталда оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.";

      20, 21, 22, 23 және 24-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген қағидаларға 3-1-қосымша осы тізбеге 1- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 3-2 және 3-3-қосымшалармен толықтырылсын.

  2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрықтың
тізбесіне
1-қосымша
  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

Тыңдау туралы хабарлама ______________________________________________ (ұйымның атауы)

      Сіздің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялауға № _______________ өтініміңізді қарау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік анықталды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті берген Өтініш берушінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытындының деректері негізінде алдын ала шешім жобасымен танысуды сұраймыз. Тыңдау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрықтың
тізбесіне
2-қосымша
  "Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге лицензиялар беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-2 қосымша
  Нысан

Тыңдау хаттамасы №___ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің

      Күні                                                             уақыты

      Көрсетілетін қызметті алушы____________________________

      (ұйымның атауы)

      Өкілдің аты-жөні ____________________________

      Лауазымы ___________________________________

      Тыңдау нәтижелері бойынша шешім шығарылды:

      - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру туралы

      - мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жіберу туралы.

      Негіздеме_______________________________________________

      Қолы.

  2025 жылғы 6 наурыздағы
№ 73
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрықтың
тізбесіне
3-қосымша
  "Арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге
лицензиялар беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-3 қосымша
  Нысан

____________________________ көрсетілетін қызметті алушының атауы

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту _______________________________ (ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

      Сіздің_________жылғы № __________өтінішіңізді қарап,

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет

      көрсетуден бас тарту туралы хабарлайды. _____________________________________

                                                      (Бас тартудың негіздемесі)

      Басшы __________________________________

      (ұйымның атауы)

      ________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады