"Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34640 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері бірыңғай инфрақұрылыммен біріктірілген және күкіртті ашық жерде сақтау үшін жабдықталған арнайы алаң – күкірт карталары үшін осындай күкірт картасына құю және өзге де ашық орналастыру үшін рұқсат етілген (рұқсат етілген) күкірттің шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.

      Күкірттің қоршаған ортаға әсерін болдырмайтын цистерналарда, сүрлемдерде, өзге резервуарлар мен құрылыстарда (қоймаларда) жабық тәсілмен сақталуы экологиялық нормалауға жатпайды";

      Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтері жобасының құрамына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтері жобасының құрамына 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 144 бұйрығына
1-қосымша/
Күкіртті ашық түрде күкірт
карталарында орналастыру
нормативтері жобасының
құрамына 3-қосымша

Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері

Алаңның атауы

Қазіргі жағдайға орналастырылған күкірттің көлемі, т/жыл

Күкірттің пайда болуы, т/жыл

Күкіртті орналастыру лимиттері, т/жыл

Күкіртті қайта өңдеу (түйіршіктеу үшін қайта балқыту және басқада операциялар), т/ жыл

Күкіртті жөнелту көлемі, т/жыл

1

2

3

4

5

6































      Ескертпе:: т/жыл – жылына тонна

  бұйрығына 2-қосымша/
Күкіртті ашық түрде күкірт
карталарында орналастыру
нормативтері жобасының
құрамына 5-қосымша

Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерін төмендету жөніндегі техникалық шешімдер жоспары

№ р/н

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Күтілетін тиімділік

Іс-шараларды іске асыруға арналған шығындар

1

2

3

4

5


Жалпы барлық іс-шаралардың нәтижесінде





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады