Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34660 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 41 Бұйрыққа
қосымша

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі-Қағида) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8 – бабының 22-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру (бұдан әрі-тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру – мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау, оларға жол берген бақылау субъектілерін (объектілерін) айқындау жөніндегі қызметі, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауы;

      3. Тергеп-тексеруді мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау анықтау және тиісті шаралар қабылдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау субъектілерін (объектілерін) айқындау мақсатында жүргізеді.

2-тарау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидалары

      4. Тергеп-тексеруді мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері мынадай негіздер бойынша жүргізеді:

      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың адамның өміріне, денсаулығына және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша осындай факт адамдардың кең ауқымына әсер еткен және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау субъектісін (объектісін) белгілеу талап етілетін жағдайларда жүгінуі;

      2) "Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары туралы, сондай-ақ босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде босанатын әйелдер қайтыс болған жағдайда ақпарат (шұғыл хабарлама) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-100/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21181 болып тіркелген) қайтыс болу туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат (шұғыл хабарлама), оларға жоспарлы медициналық көмек (бастапқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер) көрсету кезінде пациенттердің кенеттен қайтыс болуы.

      5. Мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері шұғыл хабарлама және (немесе) өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдайды.

      Тергеп-тексеру жүргізілетін бақылау субъектілерін және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдарды пациенттің бағыты мен медициналық көмектің бейіні, түрі, нысандары мен жағдайлары ескере отырып мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері айқындайды.

      6. Тергеп-тексеруді медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүргізеді:

      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік медициналық инспекторы және (немесе) оның орынбасары;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік медициналық инспекторлары және медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын олардың орынбасарлары;

      3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның мамандары.

      7. Тергеп-тексеруді жүргізуге, дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдемдесу үшін "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген), осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қорытынды беретін, арнаулы ғылыми білімі мен дағдылары бар тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылады.

      8. Тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелерімен, құрамы тергеп-тексеруді тағайындау туралы актімен айқындалатын медициналық қызметтер көрсету (көмек) саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген адамдардан тұратын комиссия құрылады.

      Комиссияны мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының ішінен, оның жұмысын ұйымдастыратын, жұмысты жоспарлауды жүзеге асыратын, комиссияның көлікке, қызметтік үй-жайларға, байланыс құралдарына, қажетті құжаттарға және ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге қажеттілігін айқындайтын комиссия төрағасы басқарады.

      9. Комиссия тергеп-тексеру кезінде объективтілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. комиссия Тергеп-тексерудің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, комиссия мүдделер қақтығысын болдырмау ескере отырып қалыптастырылады.

      10. Тергеп-тексеруді жүргізу тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімді құрайды.

      11. Тергеп-тексерудің белгіленген мерзімдерде аяқталуына объективті кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде, тергеп-тексеру мерзімдері мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның шешімімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес дәлелді негіздемемен тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіні ресімдей отырып, күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылады.

      12. Бақылау субъектісін тергеп-тексеруді жүргізу туралы хабардар ету оны тергеп-тексеруді тағайындау туралы актімен және оны жүргізудің негіздерімен танысу жолымен жүзеге асырылады.

      Тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол тапсырылады, тапсырылғаны туралы хабарламамен пошта жонелтімі нысанында немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы, бақылау субъектісінің электрондық мекенжайы бойынша егер мұндай мекенжайды осы субъект бақылау ұйымына ұсынған болса немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.

      13. Комиссия төрағасы және комиссия мүшелері:

      1) тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болған, Қазақстан Республикасы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) айқындалады.

      2) бұзушылыққа жол беруге әкеп соққан және (немесе) қауіп-қатердің туындауына немесе адамның өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіруге жол берілген мән-жайларды анықтайды;

      3) тергеп-тексеру нысанасына қатысуы мүмкін адамдардың және (немесе) субъектілердің шеңберін айқындайды, оларға сауалнама жүргізеді және жазбаша түсініктемелер алады;

      4) адамның өміріне және (немесе) денсаулығына одан әрі залал келтіруге жол бермеу жөніндегі шараларды орнатады;

      5) пациенттің медициналық құжаттамасын талдайды, медициналық ұйымның қызметін және ол ұсынған медициналық көмектің (қызметтің) сапасы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкестігін бағалайды. Қажет болған жағдайда пациентті тексереді;

      6) гистологиялық және патологиялық-анатомиялық зерттеулер болған кезде зерттейді, қайта қарауды қамтамасыз етеді;

      7) аурудың бейіні бойынша басқа тәуелсіз сарапшылардың және (немесе) бейінді мамандардың, сот-медициналық сарапшылардың, ғылыми-зерттеу институттарының патологоанатомдарының қорытындыларын алады;

      8) зақымданудың ауырлығы, өлімнің себептері, алкогольдік, уытты мас болу, улану белгілерінің болуы туралы медициналық қорытындылар, зертханалық деректердің нәтижелерімен денсаулық жағдайының динамикасы туралы ақпарат алады;

      9) ретроспективті талдау, патологиялық-анатомиялық ашу нәтижелерін салыстырады және (немесе) сот-медициналық сараптаманы қайта қарауды қамтамасыз етеді.

      10) тергеп-тексеру үшін қажетті құжаттардың, журналдардың, хаттамалардың және өзге де құжаттамалардың көшірмелерін сұратады, алады және зерделейді. Сараптама жүргізу кезінде ақпарат көзі ретінде денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық жүйелер де пайдаланылады;

      11) қажет болған жағдайда тергеп-тексеру нысанасына жататын орын мен құжаттарды фото және (немесе) бейнетіркеуді жүргізеді;

      12) тергеп-тексеру нысанасына байланысты салдарларды жою және (немесе) болғызбау жөніндегі іс-шараларды айқындайды;

      13) тергеп-тексеру нысанасына қатысуы мүмкін адамдарды және (немесе) субъектілерді осы адамдарға және (немесе) субъектілерге қатысы бар бөлігінде тергеп-тексеру материалдарымен таныстырады.

      14. Тергеп-тексеру барысында комиссия төрағасы және комиссия мүшелері құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша бақылау органы тергеу пәні бойынша консультациялар жүргізеді.

      15. Тергеп-тексеру барысында басқа әкімшілік аумақтағы субъект анықталған кезде комиссия тергеп-тексеруді зерттеу нәтижелері туралы актімен аяқтайды және тергеп-тексеру материалдарын тиісті әкімшілік аумақта одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін мемлекеттік органның тиісті бөлімшесіне береді.

      Тергеп-тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт түрінде ресімделеді.

      16. Тергеу нәтижелері негативті салдарлардың анықталған бұзушылықтарының дәлелді, логикалық негізделген негіздемесін қамтиды.

      17. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру материалдарының негізінде, оның ішінде Комиссия мүшелерінің көпшілігінің пікірін ескере отырып, екі данада ресімделеді.

      Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия төрағасы және тергеп-тексеру жүргізген барлық комиссия мүшелері қол қояды. Мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды және басқа да әрекеттерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тапсырады, екінші данасы мемлекеттік органда немесе оның аумақтық бөлімшелерінде қалады.

      18. Егер Комиссия мүшелерінің бірі комиссия мүшелерінің көпшілігінің қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол комиссия жұмысының материалдарына қосу және тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге тіркеу үшін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынады, бұл ретте тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге "ерекше пікірді ескере отырып" деген ескертпемен қол қойылады.

      19. Тергеп-тексеру материалдарында:

      1) комиссия төрағасының тергеп-тексеру нысанасы бойынша арнайы білімі бар сарапшылар мен мамандарды және (немесе) тергеп-тексеру нысанасына байланысты комиссия төрағасының өзге де шешімдерін тергеп-тексеруге тарту туралы шешімі;

      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініщтері, сондай-ақ мемлекеттік органдар беретін ақпарат (шұғыл хабарлама); мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат;

      3) тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт;

      4) тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт, оған мыналар қоса беріледі:

      барлық медициналық құжаттама (анықтамалар және көшірмелер, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері, бейінді мамандардың консультациялары, зардап шеккендердің денсаулығының зақымдану сипаты мен ауырлығы (өлім себебі) туралы медициналық қорытындылар);

      5) мамандар мен сарапшылардың, оның ішінде сот-медициналық сарапшылардың және патологиялық-анатомиялық диагностиканың қорытындылары;

      6) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, өзге де субъектілердің қорытындысы мен ақпараты;

      7) куәгерлерден, зардап шеккендерден, тергеуге қатысқан адамдардан, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдардан сұрау салу және түсіндіру хаттамалары;

      8) фото, видео материалдар;

      9) тексеруге қатысы бар және комиссия төрағасының шешімі бойынша материалға қоса тіркелген өзге де материалдар.

      20. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде оның ішінде анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, жою мерзімдері көрсетіледі.

      Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кем емес мерзімде айқындалады.

      Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау субъектісі оған тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен комиссия құрған мемлекеттік органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылы.

      Тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау субъектісі бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      21. Тергеп-тексерулер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада бекітілген нысан бойынша бақылау органының тергеп-тексерулерін есепке алу журналына енгізіледі.

      22. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша тергеп-тексеруді жүргізген мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты ресми сайтта орналастырады.

      23. Тексеру қорытындыларын бақылау органдары Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдау қорытындылары бойынша келесі жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Медициналық қызметтер (көмек)көрсету саласында тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт "____"________20____жыл №______

      1. Мемлекеттік органның атауы _____________________________

      2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізуге

      уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және лауазымы

      _________________________________________________________________________

      3. Тергеп-тексеруді жүргізуге тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді

      мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың

      мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің

      аты ол болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      4. Тексерілетін субъектінің (субъектілердің) атауы, объектілердің тізбесі (заңды

      тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, медициналық

      қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу тағайындалған жеке

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның (олардың) орналасқан жері,

      жеке сәйкестендіру нөмері (лері)/бизнес-сәйкестендіру нөмері (лері), аумақ учаскесі

      Тексерілетін субъектінің (лердің), объектінің (лердің) деректері

      5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тағайындалған тергеу нысанасы

      _________________________________________________________________________

      6. Медициналық қызметтер (көмек)көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу мерзімі

      20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____

      7. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізудің

      құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары жататын нормативтік құқықтық

      актілер

      _________________________________________________________________________

      8. Тексерілетін кезең 20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____

      9. Мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ___________________________________________________________________

      10. Мемлекеттік органның мөрі

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Сарапшы қорытындысы және қорытынды

      1. Сараптама жүргізген адамның мамандығын, лауазымын, ғылыми дәрежесін көрсете отырып, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      2. Сараптама жүргізілген бақылау субъектісінің атауы

      3. Сараптама жүргізу негізі немесе тапсырыс беруші туралы мәліметтер

      4. Сараптама жүргізу мерзімдері

      5. Сараптама жүргізу кезеңдері

      6. Сараптама нысаны

      7. Сараптама нәтижелері туралы , оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы

      8. Қорытындылар

      9. Ұсыныстар

      __________________________________________________________________

      Сараптама жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы

      Күні 2024 жылғы "____"_______________

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт 20 ____жылғы "____"________ №____

      1. Мемлекеттік органның атауы

      __________________________________________________________________________

      2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізуге

      уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және

      лауазымы

      _______________________________________________________________________

      3. Тергеп-тексеруді жүргізуге тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді

      мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың

      мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      4. Тексерілетін субъектінің (субъектілердің) атауы, объектілердің тізбесі (заңды

      тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, медициналық

      қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу тағайындалған жеке

      тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның (олардың) орналасқан жері,

      жеке сәйкестендіру нөмері (лері)/бизнес-сәйкестендіру нөмері (лері), аумақ учаскесі

      Тексерілетін субъектінің (лердің), объектінің (лердің) деректері

      5. Медициналық қызметтер (көмек)көрсету саласында тағайындалған тергеу нысанасы

      __________________________________________________________________________

      6. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу мерзімі

      20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____

      7. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеу

      20____жылғы "___"_ __________ 20____жылғы "___"_ _____ дейін ұзартылды.

      8. Дәлелді негіздемемен медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-

      тексеру мерзімдерін ұзартудың құқықтық

      негіздері __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы

      __________________________________________________________________________

      10. Мемлекеттік органның мөрі

      __________________________________________________________________________

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт №_____ _____________________ "____"___________20 __ жыл Актіні жасау орны және уақыты___

      Бақылау органының атауы ____________________________________________

      1. Негізінде тергеп-тексеру жүргізілген тергеп-тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі

      __________________________________________________________________________

      2. Тергеп-тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы

      __________________________________________________________________

      3. Тергеп-тексеруді жүргізуге тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      4. Тексерілетін субъектінің (субъектілердің) атауы, объектілердің тізбесі (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның (олардың) орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмері (лері)/бизнес-сәйкестендіру нөмері (лері), аумақ учаскесі

      Тексерілетін субъектінің (лердің), объектінің (лердің) деректері

      5. Тергеп-тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі ____________________________

      6. Тергеу нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер (денсаулықтың уақытша немесе тұрақты бұзылуына, пациенттің мүгедектігіне немесе өліміне алып келген аурудың дамуын және (немесе) асқынуларын және ағзалары мен тіндерінің анатомиялық тұтастығы мен физиологиялық функциясының бұзылуын егжей-тегжейлі сипаттау, адамдардың іс-әрекеттерінің медициналық көмек көрсету кезінде (диагностикалық, емдік, жедел, тактикалық және т. б.) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінее сәйкес денсаулық сақтаудың жалпы қабылданған немесе озық технологияларына сәйкес келуі)

      7. Тәуелсіз сарапшылар мен (немесе) бейінді мамандардың, тартылған сарапшылардың қорытындысы________________________________________________________________

      8. Бұзушылықтар анықталған НҚА атауы және талаптары:

Анықталған бұзушылықтар тізімі

Бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары және НҚА атауы

Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар, оларды жою мерзімдері

1.




2.




      9. Анықталған бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар (Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде әкімшілік хаттаманың нөмірі көрсетіледі)

      10. Тергеп - тексеруді жүргізген төрағаның және комиссия мүшелерінің қолы

      ____________________________________________________________

      11. Тексерілетін субъект өкілінің тергеп-тексеру актісімен танысқаны, тапсырғаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, сондай-ақ тергеп-тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы

      __________________________________________________________________________

      12. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар

      ________________________________________________"____" парақтардағы қосымша

      13. "____" ___________20__ жыл.

      14. Мемлекеттік органның мөрі

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшесінің тергеп-тексерулерін есепке алу журналы

кіріс хат-хабардың № (өтініштер, шұғыл хабарлама)

Өтініш беруші БСН/ ЖСН

Тергеп-тексеруді тағайындау туралы актінің № және күні

Тергеп-тексеруге қатысқан адамдардың құрамы

Оларға қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін субъектілер туралы деректер

Тергеп-тексеру жүргізудің құқықтық негіздері және тексеру кезеңі

Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері


1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Мамандарды тарту туралы шешімнің № және күні

Тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің № және күні

Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің № және күні

Негізгі бұзушылықтар мен нәтижелер

Қоса берілген материалдар

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

Комиссия төрағасының ТАӘ (ол бар болса) және қолы

8

9

10

11

12

13

14

  Медициналық қызметтер
(көмек) көрсету саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

      1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі ________________________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімдері ______________________________________

      3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық

      актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Қабылданған шаралар

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Мемлекеттік органның мөрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады