Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34666 болып тіркелді

      "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Бердалин

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 230 бұйрығымен
бекітілген

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу кезінде қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) жайылымдық инфрақұрылым объектілері – құрылыстар, көпірлер, жолдар, суландыру құрылыстары (ұңғымалар, құбырлы және шахталы құдықтар, апандар), мал айдайтын жолдар, малды аялдатуға арналған алаңдар мен суат алаңдары, қойларды тоғытуға арналған ыдыстар, қоралар және қоршалған жерлер, жайылымдардың қоршаулары, шарбақтар (оның ішінде электрлі шарбақтар), ауыл шаруашылығы жануарларын қоршап-бөлшектеп жаюға арналған қашалар, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық емдеуге арналған өткелектер, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен объектілер, жаңартылатын және баламалы энергия көздері пайдаланылатын объектілер, сумен жабдықтау объектілері және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да түрлері, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылыстар және жайылымдарды күтіп-ұстау мен пайдалану үшін қажетті өзге де мүлік;

      2) жайылымдарды суландыру – жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруды және персоналды ауызсумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін шахталы және құбырлы құдықтарды, су айдындарын, суат пункттерін және басқа да құрылыстарды салу.

2-тарау. Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу тәртібі

      3. Осы Әдістеменің негізінде және Заңның 7-бабының 4) және 6) тармақшаларына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді.

      4. Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды іске асыруды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жүзеге асырады.

      5. Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу кезінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары жайылымдардың от-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы мынадай деректерді жинауды жүзеге асырады:

      1) жайылымдардың жалпы от-суының молдығы, гектарынан центнерде;

      2) суландырылған жайылымдардың жалпы алаңы, гектармен;

      3) суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының орналасқан жері туралы мәліметтер;

      4) суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының жалпы саны туралы мәліметтер;

      5) салынған суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының жалпы саны туралы мәліметтер;

      6) жаңартылған суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының саны туралы мәліметтер;

      7) жайылымдарды суландыру есебінен жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы мәліметтер.

      6. Жайылымдардың от-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

1-параграф. Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспардың мазмұны

      7. Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарда мыналар көрсетіледі:

      1) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шаралардың атауы;

      2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуы неде көрінетінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы);

      3) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері;

      4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараның орындалуына жауапты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;

      5) қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша – қаржыландыру көздері (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ұйымдардың өз қаражаты);

      6) қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша – "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды.

      8. Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

2-параграф. Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспардың мазмұны

      9. Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мыналар көрсетіледі:

      1) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралардың атауы;

      2) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды аяқтау нысаны (іс-шараның аяқталуы нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы);

      3) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері;

      4) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараның орындалуына жауапты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі.

      10. Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

  Жайылымдық инфрақұрылым
объектілерін дамыту және
реконструкциялау және
жайылымдарды суландыру
жөніндегі іс-шараларды
жүргізу жөніндегі жоспарларды
әзірлеу әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

Жайылымдардың от-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай- күйі туралы деректер

Р/с

Жайылымдардың жалпы оты-суының молдығы, гектарынан центнерде

Суландырылған жайылымдардың жалпы алаңы, гектармен

Суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының орналасқан жері

Суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының саны, бірлік

Салынған суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының саны, бірлік

Жаңғыртылған суландыру құрылыстарының, суат алаңдарының саны, бірлік

Жайылымдарды суландыру есебінен жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларының саны, бас

Ірі қара мал

Қойлар

Жылқылар

Түйелер

Ешкілер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Жайылымдық инфрақұрылым
объектілерін дамыту және
реконструкциялау және
жайылымдарды суландыру
жөніндегі іс-шараларды
жүргізу жөніндегі жоспарларды
әзірлеу әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар

Р/с №

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараның орындалуына жауапты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі

Қаржыландыру көзі

Бюджеттік бағдарламаның коды

1

2

3

4

5

6

7








  Жайылымдық инфрақұрылым
объектілерін дамыту және
реконструкциялау және
жайылымдарды суландыру
жөніндегі іс-шараларды
жүргізу жөніндегі жоспарларды
әзірлеу әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараның орындалуына жауапты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі

1

2

3

4

5







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады