Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымда № 34668 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-32) тармақшасына сәйкес: БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 231 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-32) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу тәртібі

      2. Тергеп-тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) жалған және тіркелмеген ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды өндіру, әкелу (импорттау), өткізу және қолдану (пайдалану) кезінде;

      2) мал өлімі, бірнеше жануардың бір мезгілде ауруы немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы анықталғанда;

      3) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiне (бұдан әрі – Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі) және Заңның 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына және 1-1-тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес бекiтiлген Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Энзоотиялық аурулардың тізбесі) енгізілген инфекциялық, паразиттік аурулар ошақтары пайда болғанда және таралғанда;

      4) жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық аурулары Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет таралған немесе жаңадан анықталған кезде;

      5) Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне және Энзоотиялық аурулардың тізбесіне енгізілген аурулардың жұғуына күдік болғанда;

      6) жануарлардың азықтан улануы туындағанда және таралғанда;

      7) бұрмалауды, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының өнімі ретінде өнім бермейтін жануарлардың өнімін өндіруді, тасымалдауды, сақтауды, өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу талаптары бұзылған кезде.

1-параграф. Тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешімді рәсімдеу тәртібі және оның мазмұны

      3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы қабылдайды.

      Тергеп-тексеру облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда (облыстық маңызы бар қалада) жүргізілген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді облыстық аумақтық бөлімшенің басшысы қабылдайды.

      Тергеп-тексеру екі немесе одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағын қамти отырып, жүргізілген жағдайда, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-4-бабының 3-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер болған кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өтiнiш және (немесе) мемлекеттік органдар немесе қызмет көрсетуші субъектілер ұсынған ақпарат (төтенше хабарлама) келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылданады. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тергеп-тексеруге кіріседі.

      5. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат қамтылады:

      1) шешiмнің қабылданған күнi, уақыты және орны;

      2) аумақтық бөлімшенің атауы;

      3) тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздеме;

      4) ветеринария саласында тергеп-тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі;

      5) ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу нысанасы;

      6) тергеп-тексеру комиссиясының құрамы;

      7) тергеп-тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарған адамның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда), тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы.

      Ветеринария саласындағы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Тергеп-тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы қосымша шешім ресімделеді.

2-параграф. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері және ұзақтығы

      6. Кодекстің 144-4-бабының 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және ол күнтізбелік отыз күнге бір рет ғана ұзартылуы мүмкін.

3-параграф. Бақылау және қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдері

      7. Аумақтық бөлімшенің басшысы шешімге қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, өкілдері комиссияның құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдарды "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабарлама жіберу жолымен хабардар етеді.

      8. Аумақтық бөлімше бақылау және қадағалау субъектісіне тергеп-тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабарлама жібереді.

      Тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабарлама қолма-қол тапсырылады, тапсырылғаны туралы хабарламамен бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық поштасының мекенжайына тапсырысты пошта жөнелтілімі не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі, егер мұндай мекенжайды осы субъект бұрын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.

4-параграф. Тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібі

      9. Тергеп-тексеруді жүргізуге арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар тәуелсіз сарапшылар және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу туралы тергеп-тексерудің жүргізілуіне байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын мүдделі тұлғалар тартылуы мүмкін.

      Ветеринария саласындағы тергеп-тексеруді жүргізуге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Тәуелсіз сарапшылар мен мүдделі тұлғалар комиссия мүшелері болып табылмайды.

      10. Комиссия мемлекеттік органдарға, мемлекеттік/мемлекеттік емес ұйымдарға тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұранымды жіберу арқылы тәуелсіз сарапшыларды шақыруды жүзеге асырады.

      Комиссия Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын мүдделі тұлғаларды сұранымдар жіберу арқылы шақыруды жүзеге асырады.

      11. Тәуелсіз сарапшының/мүдделі тұлғалардың кандидатурасы туралы мәліметтер осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сұраным келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аумақтық бөлімшелерге жіберіледі.

      12. Тәуелсіз сарапшы мынадай жағдайларда тергеп-тексеру жүргізуге тартылмайды:

      1) тергеп-тексеру саласында арнайы ғылыми немесе практикалық білімінің болмауы;

      2) тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісімен шарттық қатынастардың (оның ішінде еңбек қатынастарының) болуы;

      3) жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру нәтижелеріне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болуы.

5-параграф. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамын құрудың шарттары мен тәртібі

      13. Тергеп-тексеруді құрамына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар кіретін комиссия жүргізеді. Тергеп-тексеру нысанасына қарай комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың (орталық атқарушы органдардың, оның ішінде олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің және/немесе жергілікті атқарушы органдардың) өкілдері енгізіледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде үш адам. Комиссия хатшысы аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің арасынан айқындалады. Комиссияның хатшысы мүше болып табылмайды.

      14. Комиссия төрағасы оның қызметін жоспарлайды және басқарады, тәуелсіз сарапшылар мен мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешімдер қабылдайды, тергеп-тексеруге жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      15. Комиссия мүшелері:

      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген, тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындайды;

      3) бақылау және қадағалау субъектілерінің аумағын (объектілерін) зерттеп-қарауды, қарап-тексеруді жүзеге асырады;

      4) тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын алады (егер олар тартылса);

      5) сынамаларды алуды және зертханалық зерттеуді ұйымдастырады және нәтижелерді (қажет болған жағдайда) алады;

      6) тергеп-тексеру қорытындылары бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде алады;

      7) тергеп-тексеру нысанасына жататын фото және бейне түсірілімдерді жүзеге асырады.

      16. Тергеп-тексеру барысында комиссия құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеп-тексеруге қатысушыларға олардың жазбаша сұранымы бойынша тергеп-тексеруге қатысы бар мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша комиссия тергеп-тексеру нысанасы бойынша консультациялар өткізеді.

      17. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындау және таралу себептері мен жағдайларын айқындау және белгілеу, сондай-ақ көлемді белгілеу үшін үлгілерді іріктеу үшін жүргізіледі.

      Өнім үлгілерін іріктеу Кодекстің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

6-параграф. Тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу тәртібі

      18. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті жасалады.

      Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру материалдары негізінде ресімделеді.

      19. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актіні жасау күні мен орны;

      2) бақылау және қадағалау органының атауы;

      3) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің (тергеп-тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешімнің (ол болған кезде)) күні мен нөмірі, оның негізінде тергеп-тексеру жүргізіледі;

      4) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы;

      5) тергеп-тексеру жүргізу үшін тартылған тәуелсіз сарапшылардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы;

      6) тергеп-тексеру жүргізу кезінде тартылған мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы;

      7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және орналасқан жері;

      8) тергеп-тексеру жүргізу кезеңі;

      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептері туралы мәліметтер;

      10) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың бұзылуына тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған мәліметтер;

      11) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;

      12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар;

      13) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері;

      14) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою мерзімдері;

      15) тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қолы.

      20. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия мүшесі ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге комиссия мүшелерінің көзінше тиісті жазба жасайды. Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіреді, ол оған комиссия төрағасы қол қойғанға дейін ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі.

      21. Тергеп-тексеру материалдарында:

      1) тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім, тергеп-тергеу мерзімін ұзарту туралы қосымша шешім (бар болса);

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері; мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері ұсынған мәліметтер (төтенше хабарлама);

      3) тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті қамтылады, оған мыналар қоса беріледі:

      тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім;

      тәуелсіз сарапшылардың пікірлері;

      сынамаларды іріктеу актілері және зертханалық зерттеулердің, сараптамалардың нәтижелері (олар жүргізілген кезде);

      тергеп-тексеруге қатысы бар материалдар.

      22. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар бақылау нысанасы болып табылады.

      Бұл ретте жедел ден қою шаралары "Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) (бұдан әрі – тексеру парағы) сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуына қатысты ғана қолданылады.

      23. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бақылау және қадағалау субъектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

      24. Бақылау және қадағалау субъектісі ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жояды.

      Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою фактілерін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.

      25. Аумақтық бөлімше өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды Кодекстің 144-4-бабының 7-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен тергеп-тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.

  Ветеринария саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім

№_______

      ___________________________ 20____жылғы "____"_________

      (шешім қабылдау орны) (күні)

      1. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық

      бөлімшесінің атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізу негіздері _________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру тағайындалған заңды тұлғаның немесе

      оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, оның орналасқан жері,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, аумақтың учаскесі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу нысанасы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:

      1) комиссия төрағасы:

      ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      2) комиссия мүшелері:

      ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      3) комиссия хатшысы:

      ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      6. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 20____жылғы "___" ______________ бастап

      20____жылғы "___" ____________ дейін.

      7. Шешім шығарған адамның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда),

      тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы

      ____________________________________________________________________

  Ветеринария саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін ұзарту туралы қосымша шешім

      №_______ _________________________ 20____жылғы "____"________

      (шешім қабылдау орны) (күні)

      1. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20____ жылғы "____" _________ № _______

      3. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы:

      1) _____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      2) _____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      3) _____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тегі, лауазымы)

      4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 20____жылғы "___" ______________ бастап

      20____жылғы "___" ____________ дейін.

      5. Тергеп-тексеру 20____жылғы "___" _____________________ бастап

      20____жылғы "___" ____________ дейін ұзартылды.

      6. Тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту негіздері _______________________

      ____________________________________________________________________

      7. Шешім қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген жағдайда),

      тегі, қолы (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және лауазымы

      ____________________________________________________________________

  Ветеринария саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеруге тәуелсіз сарапшыларды/мүдделі тұлғаларды тарту туралы шешім

      20__ жылғы "___" _____ ____________ қаласы, облысы

      ____________________________________________________________________

      (шешім шығарған адамның аты, әкесінің аты (егер ол куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы)

      ветеринария саласындағы тергеп-тексеру жүргізу туралы 20___ жылғы "____" _________ № ___ шешімі негізінде:

      1. Ветеринария саласындағы тергеп-тексеруге мынадай тәуелсіз сарапшылар/мүдделі адамдар тартылсын

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тартылған сарапшылар мен арнайы білімі бар мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      2. Тәуелсіз сарапшылардың/мүдделі адамадардың алдына мынадай мәселелер қойылсын:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3. Сарапшылардың/мүдделі адамдардың жұмысының қорытындылары

      20__ жылғы "__" __________ дейін ұсынылсын.

      Тергеп-тексеру жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы__________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы, қолы)

  Ветеринария саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Ветеринария саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті

      __________________________________ 20____жылғы "____"_________

      (актіні жасау орны) (күні)

      1. Бақылау және қадағалау органының атауы _______________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      2. Тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімнің (тергеп-тексеру жүргізуге негіз болған тергеп-тексеру

      жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы қосымша шешімнің (бар болса)) күні мен нөмірі

      3. Комиссия құрамы:

      Комиссия төрағасы: ____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, лауазымы)

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, лауазымы)

      4. Тергеп-тексеру жүргізу үшін тартылған тәуелсіз сарапшылардың аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      5. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде тартылған мүдделі тұлғалардың аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол

      берген бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және орналасқан жері)

      ___________________________________________________________________

      7. Тергеп-тексеру жүргізу кезеңі __________________________________

      ___________________________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының

      бұзылу себептері туралы мәліметтер _____________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      9. Жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптарды бұзуды

      жүзеге асыру барысында және (немесе) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      10. Тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптар тармақтары

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      11. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға

      жол берген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасы

      заңдарында көзделген шаралар ___________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      12. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      13. Жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған

      бұзушылықтарын жою мерзімдері _________________

      ___________________________________________________________________

      Қосымша: тергеп-тексеру материалдары _______ парақтарда

      Ерекше пікір _______ парақта

      Комиссия мүшелерінің қолдары: _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады