"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
С. Есимханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 239 Бұйрығына қосымша |
Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібін белгілейді.
Заңның 7-3-бабының 9-тармағына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібінің сақталмауы тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға және (немесе) олардың күшін жоюға негіз болып табылады.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер – иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар;
2) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) радиациялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
4) ядролық қауiпсiздiк – ядролық авариялардың мүмкiн болмайтындығы белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз етілетін, атом энергиясы пайдаланылатын объектiнiң қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
5) ядролық физикалық қауіпсіздік – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерге және (немесе) пайдаланушы ұйымға қатысты ұрлау, диверсия, рұқсатсыз қол жеткізу, заңсыз беру, жұмыс істеу фактілеріне немесе басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге, анықтауға және (немесе) ден қоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесінің жай-күйі.
Қағидаларда қолданылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану және азаматтық қорғау туралы заңнамасында пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.
2-тарау. Тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
3. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 3-тармағына, Заңның 7-3-бабының 1-тармағына сәйкес мына негіздер бойынша жүргізіледі:
- жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және атом энергиясын пайдалану саласында бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайлардағы жолданымдар;
- атом энергиясын пайдалану саласындағы алдындағы мән-жайларын анықтау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар немесе оқыс оқиғалар, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзушылықтардың сипатын анықтау, осындай авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың немесе оқыс оқиғалардың салдарларын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан, технологиялық бұзушылықтан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау.
4. Заңның 7-3-бабының 2-тармағына сәйкес тергеп-тексеруді мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген негіз болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам 72 (жетпіс екі) сағат ішінде күнін, уақытын және шешім қабылданған жерін, сондай-ақ шеш шығарған адамды көрсете отырып, тергеп-тексеруді тағайындау және Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құру туралы шешім қабылдайды.
6. Комиссия құрамына уәкілетті органның ведоствосының лауазымды адамдарынан тұратын Комиссия төрағасы және мүшелері енгізіледі. Комиссия төрағасы жұмысты ұйымдастырады, Комиссия мүшелері арасында оны бөледі, жұмысты жоспарлауды жүзеге асырады, Комиссияның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін көлікке, қызметтік үй-жайларға, байланыс құралдарына, жеке қорғаныс құралдарына қажеттіліктерін айқындайды.
7. Комиссия төрағасының шешімімен тергеп-тексеруге қажетті техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу үшін уәкілетті органның ведомствосы аккредиттеген ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдардың мамандары тартылады.
8. Комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. Тергеп-тексеру тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия мүдделер қақтығысының болмауын ескере отырып қалыптастырылады.
9. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тергеп-тексеруді тайындау туралы шешімінде көрсетіледі және шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы керек.
Тергеп-тексеруді белгіленген мерзімде аяқтауға объективті кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде уәкілетті органның ведомствосының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам Комиссия төрағасының қызметтік жазбасы негізінде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт түрінде ұзарту себептерін көрсете отырып тергеп-тексеру жүргізу мерзімін тек бір рет күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартады.
10. Уәкілетті органның ведомствосы атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды тергеп-тексеру жүргізудің басталуы туралы хабардар етеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектілері Заңның 7-3-бабының 3-тармағына сәйкес:
1) уәкілетті органның ведомствосының лауазымды адамына немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға болуы туралы талап бақылау және қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке қорғану құралдарын беруді;
2) тергеп-тексеруге жататын құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды, жазбаша және (немесе) ауызша нысанда түсіндірмелер ұсынуды;
3) зерттеп-қарау, қарап-тексеру жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндікті;
4) уәкілетті органның лауазымды адамдарының, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексерудің нысанасына жататын объектінің аумағына (әкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
3-тарау. Тергеп-тексерудің нәтижелерін рәсімдеу тәртібі
12. Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген, тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болған бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) айқындайды.
13. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады.
Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт тергеп-тексеру материалдарының негізінде рәсімделеді және оған тергеп-тексеруді жүргізген барлық Комиссия мүшелері қол қояды.
14. Тергеп-тексеру актісінде келтірілген шешіммен келіспеген Комиссия мүшелері тергеп-тексеру актісіне қосу үшін жазбаша ерекші пікірін ұсынады, бұл ретте олар тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірді ескере отырып" деген ескертпемен қол қояды.
15. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде:
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол берген, тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болған бақылау және қадағалау субъектісінің атауы мен орналасқан жері;
атом энергиясын пайдалану объектісінің атауы, оның орналасқан жері;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының, оның ішінде ядролық және радиациялық аварияларды, ядролық оқыс оқиғаларды, ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты авариялар мен оқыс оқиғалар талаптарын бұзуға жол берілген бұзушылықтарды жою жөніндегі себептері мен мән-жайлары;
келтірілген зиянның (нұқсанның) мөлшері;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының, оның ішінде ядролық және радиациялық аварияларды, ядролық оқыс оқиғаларды, ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты авариялар мен оқыс оқиғалар талаптарын бұзуға жол берілген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулар мен алдын алу жөніндегі ұсыныстар;
тергеп-тексеру нәтижелері бойынша нұсқамалық іс-шаралар;
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою мерзімдері;
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша өзге де мәліметтер көрсетіледі.
16. Заңның 7-3-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он болып айқындалады.
17. Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі Заңның 7-3-бабының 6-тармағына сәйкес үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тергеп-тексеру жүргізген уәкілетті органның ведомствосына жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндайды.
Тергеп-тексеруді жүргізген уәкілетті органның ведомствосы өтініште баяндалған дәлелдерді ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе дәлелді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
18. Тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.
Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынған жағдайда немесе оларды жою мерзімдері өткеннен кейін оларды жоюды бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
19. Уәкілетті органның ведомствосы тергеп-тексеру нәтижесі туралы қабылданған шешім бойынша келесі жұмыс күнінің ішінде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағына сәйкес хабардар етеді.
20. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары уәкілетті органның интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт
20____жылғы "____"______№____
1. Уәкілетті органның ведомствосының (бақылау және қадағалау субъектісінің) атауы
___________________________________________________________________
2. Комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________
3. Атом энергиясын пайдалану объектісінің атауы, оның орналасқан жері
________________________________________________________________________
ұйымның, объектінің, учаскенің, авария немесе оқыс оқиға орнының
________________________________________________________________________
4. Тағайындалған тергеп-тексерудің мәні _____________________________________
5. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі 20___ жылғы "_" __________ 20____жылғы "__"___________ аралық.
6. Тергеп-тексеру 20_____ жылғы "__"___20___ жылғы "___" _____аралық.
7. Тергеп-тексеру мерзімдерін ұзартудың құқықтық негіздері
_________________________________________________________________________
8. Актілерге қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
_____________________________________________________________
9. Уәкілетті органның ведомствосының (бақылау және қадағалау субъектісінің) мөрі
Атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт
20___ж. "____" ______________
1. Ұйымның атауы ___________________________________ бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер
(заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері
бойынша тіркеу мекенжайы)
2. Атом энергиясын пайдалану объектісінің атауы, оның орналасқан жері
_________________________________________________________
ұйымның, объектінің, учаскенің, авария немесе оқыс оқиға орнының қысқаша сипаттамасы
3. Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы _____________________________________________
(тегі, аты-жөні, лауазымы (бар болған жағдайда))
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнама талаптарына жол берілген
бұзушылықтардың себептері мен жағдайлары
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
5. Келтірілген зиянның (нұқсанның) мөлшері _________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
6. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуі тиіс іс-шаралар, атом энергиясын пайдалану объектілерін
пайдалану кезінде осындай аварияларды болғызбау жөніндегі ұсыныстар, Комиссияның шешімі бойынша авария туралы өзге
де мәліметтер___________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
7. Осы лауазымды адам және (немесе) жұмыстарды тікелей орындаған адам орындамаған немесе бұзған нормативтік
құжаттардың талаптарын көрсете отырып, аварияға жол берген адамдарға қатысты тергеп-тексеру қорытындысы және
ұсынылған жауапкершілік шаралары, авария сәтіндегі персоналдың іс-әрекеттерін бағалау
___________________________________________________________________
8. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнама талаптарына жол берілген
бұзушылықтарды жою мерзімері
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Тергеу жүргізілді және
тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалды:
_________________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
Қосымша: тергеп-тексеру материалдары ________ парақта.
Ерекше пікір _______ парақта.
Комиссия мүшелерінің қолдары: _____________________________________.